Динаева б. Б., Сапина с. М


Диплом жүмысын (жобаны) сақтау тәртібі



Pdf көрінісі
бет77/119
Дата21.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503195
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   119
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

Диплом жүмысын (жобаны) сақтау тәртібі
1. Диплом жұмыстарын (жобаларды) қорғалғаннан кейін шығарушы 
кафедра жоғары оқу орнының мұрағатына тізбе арқылы кафедра 
меңгерушісінің бекітуімен тапсырады.
2. Диплом жұмыстары (жобалар) жоғару оқу орнының мұрағатында
5 жыл сақталады. Бұл мерзім еткеннен кейін диплом жұмысы (жоба) 
ректордың 
бұйрығымен 
құрылған 
комиссияның 
актісімен, 
істен 
шығарылады.
4.14 Магистрлік диссертация
Магистранттың ғылыми-зерттеу немесе тәжірибелік- 
зерттеу жұмыстарының қорытынды жиыны магистрлік 
диссертация арқылы қорғалады.
Магистрлік диссертация - магистранттың ғылымның 
езекті мәселелеріне зерттеу жүргізу арқылы оның нәтижелерін қорытып 
жазатын біліктілік жұмысы. Оны магистрант ғылыми жетекшісінің 
басшылығымен ез бетімен орындайды. Магистрлік диссертация ғылым 
мен тәжірибенің қазіргі теорияларына, әдістемелік және технологиялық 
жетістіктеріне негізделуі, ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін 
пайдалану жолымен орындалуы, негізгі қорғалатын қағидалар бойынша 
ғылыми-зерттеу (әдістемелік, тәжірибелік) белімдерінен тұруы, тиісті 
білім салаларындағы озық халықаралық тәжірибеге негізделуі, нақты
125


тәжірибелік ұсынымдардан тұруы тиіс. Магистрлік диссертация тақырыбы 
Ғылыми кеңестің шешімімен бекітіледі.
Магистранттыңғылымижетекшісініңғылыми дәрежесі (доктор немесе 
ғылым кандидаты) немесе РҺӘ докторының академиялық дәрежесі 
болуы және ғылымның берілген саласында ғылыми зерттеулермен 
белсенді айналысуы қажет.
Магистрлік диссертацияның құрылымына қойылатын талаптар
Магистрлік диссертацияның құрылымдық элементтері:
- мұқаба (нөмірленбейді);
- титулдық бет;
- мазмұны;
- нормативтік сілтемелер;
- анықтамалар, таңбалау және қысқартулар;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиет тізімі
- қосымша.
Магистрант магистрлік диссертацияның мазмұны бойынша қосымша 
көлемі 0.5-1 бет реферат жазады. Реферат қазақ, орыс және ағылшын 
(қажет болғанда рефератты басқа шетел тілінде жазуға рұқсат етіледі) 
тілдерінде рәсімделеді және диссертант қол қояды.
Магистрлік диссертацияның рефераты мына мәліметтерден тұрады:
- диссертацияның келемі мен құрылымы;
- кестелердің, пайдалыналған әдебиет саны;
- тірек сөздердің тізімі (15-20 сез);
- зерттеу езектілігі;
- зерттеу мақсаты;
- зерттеу нысаны;
- зерттеу әдістері;
- алынған нәтижелер, олардыңжаңалығы, ғылыми және практикалық 
маңыздылығы;
- жарияланымдар туралы мөліметтер.
Ғылыми жұмыстар тақырыптарының езектілігі, олардың мақсаты мен 
міндеттері туралы жоғарыда 2-тарауда толық айтылды.
Магистрлік диссертацияның мазмұнына кіріспе, реттік немірлер мен 
барлық белім атауы, шағын белімдердің, тармақтардың (егер олардың 
атауы бар болса) атауы, қорытынды, пайдаланған дереккездерінің 
тізімі және диссертацияның аталған элементтері басталатын беттерінің 
керсетілуімен бірге қосымша кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет