46
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
айтуы, болашақтағы жайттан хабар беріп түрғандығын білдіреді.
Киімі бар бірақ жалаңаш деген сөзі арқылы мынадай әйелдерді
меңзеп тұр:
1. Аллаһтың берген нығметінің арқасында киген киімдеріне
шүкір етпейтін әйелдер.
2. Киім киіп, ұятты әурет жерін жауып жүрсе де қайырлы іс
істемей, ақыреттік азығын дайындамайтын әйелдер.
З. Әдемілігін паш ету үшін денесін көрсетіп жүретін
әйелдер.
Бүгілген әйелдер деп сипаттауы Аллаһқа мойынсұнбайтын
әйелдер тұрғысында. Ал бүгітілген
дегені өзінің істегендерін
өзгелерге үйреткендер. Әйелдер бастарына әр түрлі нәрселер бай-
лап жүргендіктері үшін бастары түйенің өркешіне ұқсатылған.
�������������������
Жасанды шаш (парик)
Мағынасы:
Хазіреті Әбу Бәкірдің қызы Асманың (р.а.) айтуынша: «Бір
әйел кісі Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп:
- Уа, Аллаһтың Елшісі! Менің жаңа түскен келінім бар.
Қызылша ауруына шалдығып шаштары төгіліп түсіп қалды.
Сол шаштарын жалғайын ба? - деп сұрады.
Оған Хазіреті
Пайғамбар (с.а.у.):
«Шаш жалғағанға да жалғатқанға да Аллаһ
Тағала лағнет етсін» деп жауап берді»
(Мүслим, Либас 115).