Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі


Әйелдер тұрғысында 40 хадис ������������������



Pdf көрінісі
бет37/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54
40hadis

68
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
������������������
Мүминнің басына түскен қайғысы тозаққа түсірмейтін 
қалқан болады
Мағынасы:
Әбу Һұрайрадан (p.a.) риуаят етілген хадисте Хазіре-
ті Пайғамбар (с.а.у.) былай деген: «Аллаһтың алдына күнәсіз 
барғанға дейін мүмин ер мен әйелдің басына, бала-шағасына, 
мал-мүлкіне бәлекет келіп тұрады» 
(Тирмизи, Зүһд 57; Муатта, Жәнайз 
40).
Хадиске түсініктеме:
Мүминнің өмірі сабырдан тұрады. Құлшылығын орындаған-
да сабырмен сыналса, Аллаһтың тыйымынан сақтанғанда да 
сабырымен сыналады. Оның соңы қайырлы болатындығы да 
сондықтан. Мұндай сипат тек мүминге ғана лайық. Егер мүмин 
пенде қиыншылыққа душар болса, жағдайды сабырмен шешіп 
тиімді пайдалануды айтып отыр. Сондай-ақ имандылықтың 
жеткізер жетістігі мол екендігін де білуге болады. Үмбетіне 
әрдайым Аллаһтан тыныштық пен берекет тілеуді өсиет ет-
кен Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) сауаптың көп болуы үшін 
қайғы сұрауға мүлдем қарсы болған. Сондықтан Хазіреті Әбу 
Бәкір (р.а.): «Қайғы мен қасіреттің ішінде жүріп сабыр еткен-
ше, қуанышқа бөленіп жүріп шүкір ету мен үшін әлдеқайда 
артық» деген. Мүмин сауабым көп болсын деп қайғыны ті-
лемейді. Бірақ Аллаһтың сынақ үшін берген қайғысына са-
быр етуі қажет. Мүминнің басына келген қайғы-мұңның екі 


69
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
түрлі себебі бар: біреуі күнәнің кешірілуі үшін болса, екінші-
сі, дәрежесінің өсуі үшін. Өйткені дүниедегі қиыншылықтың 
көпшілігі Пайғамбар мен әулиелердің, иман жүзділердің ба-
сына келеді. Екі түрлі жағдайда да мүмин үшін ең қайырлы 
сәттердің бірі болып саналады. Өйткені Хазіреті Пайғамбар 
(с.а.у.): «Аллаһ Тағала қандай да бір құлына қайыр тілесе
оның жазасын дүниеде береді, ал жамандық тілесе оның жа-
засын қиямет күні толық беру үшін дүниеде бермейді» деген. 
Аллаһ Тағала жер бетінде жаратқандарының ішінде адам ба-
ласына ерекше үлкен дәреже берген. Мұншалықты үлде мен 
бүлдеге орауының бас-ты себебі сүйіспеншілігінің нәтижесі. 
Жұмақтың жаратылуы Аллаһ Тағаланың адамзат баласына де-
ген сүйіспеншілігінің арқасында болса, тозақты жаратуының 
да басты себебі сол сүйіспеншілігінің айқын көрсеткіші. 
Сондықтан да Алла Тағала сүйікті құлдарының күнәлары ке-
шірілуі үшін бастарына бәлекет жібереді. Олар мұның сынақ 
екенін түсініп, сабырлылық танытып, қолдан келгенше шыдап 
бағады. Олардың мүндай әрекеттеріне Аллаһ Тағала разы бо-
лып, жұмаққа кіргізеді. Ал сәл нәрсеге шыдамсыздық танытып, 
бей-жай күйге түскендерді тозаққа жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет