1-кесте. Тропизмі бойынша вирустардың
топтары және оларды
зертханалық жануарларға жұқтыру әдістері
Вирустардың
тобы
Жұқтыру әдісі
Вирустың түрлері
Дерматропты
Тері беткейіне (скарификация)
Шешек вирусы
Эпителиотропты
Тері ішіне, тері астына
Аусыл вирусы
Пневмотропты
Интраназальды
Ларинготрахеит вирусы
Энтеротропты
Құрсақ қуысына
ІҚМ
диарея вирусы
Нейротропты
интрацеребральды
Құтырық вирусы
Пантропты
Қан тамырға немесе бұлшық
етке
Ет
қоректілердің оба
вирусы
Егілетін вирус дозасының мөлшері жануардың түріне және енгізу әдісіне
байланысты (2-кесте).
2-кесте. Зертханалық жануарларды жұқтыруға
арналған материалдардың
максималды дозалары (мл)
Жұқтыру әдістері Қояндарға
Теңіз
шошқаларына
Ақ
егеуқұйрықтарға
Ақ
тышқандарға
Тері
ішіне
0,1
0,1
0,05
0,02
Тері астына
5,0
3,0
3,0
0,5
Бұлшық етке
5,0
2,0
1,0
0,3
Құрсақ қуысына
10,0
5,0
2,0
1,0
Қан тамырға
5,0
2,0
2,0
1,0
Интраназальды
1,0
0,3
0,1
0,03
Интрацеребральды
0,3
0,05
0,03
0,02
Жануарларды бекіту мен жұқтыру техникасы олардың түрлеріне
байланысты болады.
Тышқандарды (егеуқұйрықтарды) құйрығынан ұстап, алдыңғы аяқтарымен
қозғалмайтын затқа бекінуіне мүмкіндік береді. Сосын екі саусақпен желкенің
терісін ұстап жануарды сәл созады.
Қояндарды бір қолмен арқасының терісін
жауырынға жақын ұстайды, ал
екінші қолмен дененің артқы жағын ұстайды. Бұл жануарлардың тырнау тәрізді
жарақаттауына жол бермейді.
Теңіз шошқаларын бір қолмен кеудесінен, екінші қолмен артқы аяқтарын
ұстау арқылы бекітеді.
Биологиялық сынама қояр алдында материал енгізілетін орынды
дезинфекциялаушы ерітіндімен (
70°-ды
этил спирті, 3%-ды йодтың спирттегі
ерітіндісі
) өңдейді.
Достарыңызбен бөлісу: