Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет143/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   333
ҚҦРҚАРАСАЙ (Куркарасай) – кеп. ӛ., Қарақия ауданы. Атау қҧр (сын есім) және 
қара (сын есім), сай (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «сусыз 
ҥлкен сай». 
ҚҦРҚЫЗЫЛСАЙ (Куркызылсай) – жыра, Қарақия ауданы. Атау қҧр (сын есім)
және қызыл (сын есім), сай (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: 
«суы жоқ жіңішке сай». 
ҚҦРЛЫҚ-СЕРКЕБАЙ (Курлык-Серкебай) – қ., Бейнеу ауданы. Қҧрлық – «жан-
жағын теңіз қоршап жатқан қара жер» мағынасындағы географиялық термин (ҚТС, 
426). Мағынасы: «жан-жағын су қоршап жатқан қара жердегі Серкебайдың қҧдығы». 
ҚҦРМАНБАЙ (Курманбай) – мола, Қарақия ауданы. Антропонекроним. 
ҚҦРМАНОҚ (Курманок) – тҧз. қ., Қарақия ауданы. Атау Қҧрман (зат есім) және оқ 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Оқ – тҥрікмен тілінде «атыз, жҥйек» 
мағынасында қолданылады (С.Атаниязов, 1970, 226). Мағынасы: «Қҧрманның жҥйегі, 
атызы». 
ҚҦРМАШ (Курмаш) – мола, Қарақия ауданы. Антропонекроним. Руы Тоқабай
Қосжанҧлы Қҧрмаштың моласы. 
ҚҦРМАШБҦЛАҚ (Курмашбулак) – б., Қарақия ауданы. Антропогидроним. Руы 
Тоқабай, Қосжанҧлы Қҧрмаш мекен еткен бҧлақ.
ҚҦРМАШҚҦДЫҚ (Курмашкудык) – қ., Қарақия ауданы. Мағынасы: «Қҧрмаштың 
қҧдығы». 
ҚҦРТАЩЫ (Куртащы) – тҧз. қ., Маңғыстау ауданы. Солтҥстік Ҥстірттің Қайдаққа 
қараған бӛлігіндегі шың, қҧдық. Мағынасы: «Қҧрттының ащы қҧдығы». 
Антропогидроним. 
ҚҦРТТЫ (Куртты) – қон., Маңғыстау ауданы. Атау қҧрт (зат есім) +ты (бір нәрсенің 
бар екенін білдіретін туынды сын есім жасайтын жҧрнақ) бірігуінен жасалған. 
Кӛнетҥркі тілінде қҧрт – «қасқыр, бӛрі» мағынасында қолданылған. М.Қашқари: 


«Қҧрт – бӛрі, қасқыр. Тҥрік халықтарының бәрі осылай дейді. Оғыздар да бӛріні қҧрт 
дейді» (М.Қашқари, 1997, 400) – деп кӛрсетеді. Қҧртты – «қасқырлы жер» 
мағынасындағы атау немесе жерде қҧрттың кӛп болуы себепті қойылған атау болу 
мҥмкін немесе тҥрікмен батыры Қҧрттының қонысы болуы да мҥмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет