Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет165/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   333
ОЖАБАЙ (Ожабай) – мола, Қарақия ауданы. Антропонекроним. «Аңыз дерегіне 
қарағанда, Ожабай – тҥрікмен батыры, оны осы жерде жекпе-жекте жеңген қазақ 
батыры тірілей кӛміп кетіпті. Кӛр астынан ӛліп бара жатып әлгі тҥрікмен «сен 
қазақтың осы дӛңнен ӛтетін тҧқымыңды аман жібермеспін» деп қарғыс айтыпты. 
Содан бері қазақ аңыздарында осы жерден ӛткен кездегі кӛрген жын-перілер туралы 
аңыз-әңгімелер сақталып келеді. Ожабайдың жыны таба нан ешкі, тҥйе т.б. болып 
кӛрініп тҧрады екен. Ожабай моласының жын-перісі Маңғыстаудан Тҥрікмен еліне 
қарай бағытта жҥргенде кӛрінеді екен де, тҥрікмен елінен кері қарай, қазақ жеріне 
жҥргенде кӛрінбейді екен (С.Қондыбаев, 2000, 39).
ОЗЕРНЫЙ (Озерный) – шатқ., Қарақия ауданы. Орыс тілінде озерный – «кӛлді» 
мағынасын береді. 
ОЙ (Ой) – м., Тҥпқараған ауданы. Мағынасы: «ойдағы мҥйіс». 
ОЙМАША (Оймаша) – қон., Тҥпқараған ауданы, Ақтау қаласынан оңт.- шығысында. 
«Шағын ойық жердегі қоныс» мәніндегі атау.
ОЙРА (Ойра) – мҥй., Тҥпқараған ауданы, Сарытас шығана-ң батыс шетінде. Атау ой 
(зат есім) және ра (ҥстеу) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Ра/рә - «ӛте, аса» мәнін 
береді (С.Омарбеков, 122). Мағынасы: «ойлы-қырлы мҥйіс». 
ОЙРАНБАСЫ (Ойранбасы) – тақыр, қор., Қарақия ауданы. Атау ойран (зат есім) 
және басы (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Ойран – «тас-талқан, 
бҥліншілік, әлек» (ҚТТС 7т. 394) және «томарлы, шалғыны мол жер» (А.Смағҧлов, 
368) деген мағыналы сӛз. Атау: «негізгі бҥліншілік болған жер» мәнін береді.
ОЙЫҚ (Ойык) – қора, қон., Маңғыстау ауданы. «Ойыс жердегі қоныс, қора» 
мәніндегі атау. 
ОЛЖА (Олжа) – мола, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним. 
ОЛЖАНЫҢ ҚЫЗЫ (Олжанын кызы) – мола, тӛбе, Маңғыстау ауданы. 
Антропонекроним. «Олжаның қызын (Олжа ру немесе адам аты екені белгісіз) кҥйеу 


жігіт пен Қалматай алып қашады. Соңынан қуғыншылар қуып жетіп, әуелі 
Қалматайды ӛлтіреді. «Сендер алға қарай кете беріңдер», - дейді. Кішкенеден соң 
қуғыншылар кҥйеу жігітті, соңынан қызды қуып жетіп ӛлтіреді. Болған оқиға 
батыстан, шығысқа қарай болған болу керек, қыздың моласы кҥн шығыста да, 
жігіттердің моласы батыста. Қазірде ҥшеуінің де моласы бар, аралары бір-бірінен 3-4 
шақырымдай қашықтықта (Ж.Дҥйсенбаева, 2002, 52-53). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет