Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет222/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   333
ШАТТЫҚ (Шаттык) – тӛбе, Маңғыстау ауданы. Антропоороним. 
ШӘДИ (Шади) – қон., Маңғыстау ауданы. Антропоойконим. 
ШӘКЕЙ (Шакей) – мекен, Маңғыстау ауданы. Антропоойконим. 
ШӘУДІР (Шаудир) – қ., Маңғыстау ауданы. Тереңдігі – 6,5-7 м. Этногидроним. 
Шәудір – ортағасырлық тҥрікмен тайпасы. «Этноним тҥрлі дереккӛздерде әртҥрлі 
варианттарда кездеседі: Махмуд Қашқарида – Джувалдар, Рашид-ад - Дин, Әбулғазы 
және Салар Бабада – Джаулдур, Чавулдур, Языджы – оглы - Чавындыр. Барлық 
дереккӛздерде ол антропоэтноним, яғни Кӛкханның ҥшінші ҧлы, Оғызханның 
немересінің есімі екендігі айтылады. Оның мағынасы туралы былайша тҥсінік 
беріледі, Рашид-ад-Дин: «даңқты және қатты дауысты», Языджы-оглы: «әділ және 
қатты дауысты», Әбулғазы: «атақты» және Кононов «әділ». Ал аңыз бойынша 
этноним: «қҧрмет батыры болуы тиіс» және «атақты» мағынасын береді» 
(С.Атаниязов, 1980,130). Кӛрнекті ғалым, академик Қ.Аманниязов: «олар ӛздерін: «Біз 
Чогдырмыз» («чог» – от) – деп атайды» (Қ.Аманниязов, 86)
деген мәлімет береді. 
Сонда атаудың мағынасы: «Шәудір руының қҧдығы». 


ШЕБІР (Шебир) – а., Маңғыстау ауданы. Бҧл атаудың шығуы туралы да тҥрлі 
кӛзқарастар қалыптасқан. Ӛлкетанушы атауды савир тайпасымен байланыстыра 
қарастырады (С.Қондыбай, 2002, 131). Кӛптеген топонимистер (Э.Мурзаев, 
Е.Койшыбаев, Караев) шабар//шибер//сибер//шидер – «балшық жер» – дейд» 
(Е.Койчубаев, 250). Қазақ топонимисі А.Әдірахманов Шығыс Сібірден Ауғанстанға 
дейін кездесетін Сибирь, Шивер, Шавар, Савар атауларының этимологиясын былайша 
тҥсіндірген: «Сибир атауы кӛне тҥркі тілдеріндегі суб сӛзі мен йер сӛзінің қосылуынан 
жасалған сияқты. Беретін мағынасы «сулы, ӛзенді жер». Қазақ тілінде «сулы жер» 
деген тіркестің «су жер» деп қолданылуы да осы этимологияны бекіте тҥседі. 
Кҥлтегінде йір, Тоныкӛк ескерткіштерінде йір мен йер формалары қатар келеді. 
Ендеше, йер сӛзі тҥркі тілінің кӛне диалектілерінде йір болып айтылуы ықтимал. 
Бҧның ӛзі суб-йір сӛзінің сибир тҥрінде айтылуын жақындай тҥседі. Екіншіден, суб-
йер – сибир тҥріне кӛшуіне соңғы йер сӛзі кейінді ықпал заңымен әсер етіп, бірінші 
суб сӛзіндегі у дыбысының и дыбысына ауысуына әсер еткен. Осылайша, алғашында 
Тобыл және Ертіс ӛзендерінің бойын мекендеген татарлардың және басқа да тҥркі 
халықтарының тілінде айтылып жҥрген сибир – субйер – субиір сӛзі Сібір 
хандығының және Тобольск қаласының маңындағы қала атына қойылған да, кейін 
Орал тауынан бастап, Қиыр Шығысқа дейінгі жерлер Россияға қосылуына байланысты 
осы ҧланғайыр аймақтың атына кӛшкен. Алғашқы беретін мағынасы – «сулы жер», 
«ӛзенді-сулы ӛлке»... Қолда бар деректерге қарағанда, «батпақ», «саз», мағынасында 
кездесетін моңғол тіліндегі шабар, «шалғынды» деген мағынадағы қырғыз тіліндегі 
шибер, «батпақ» мағынасындағы тәжік тіліндегі шибер сӛздері сибир сӛзінің 
фонетикалық варианттары сияқты» (А.Әдірахманов, 82-87). Шебір атауын да осы 
сибир сӛзінің бір варианты деп қарастырамыз. Сонда Шебір – «сулы жер» деген 
мағынаны береді. XIX ғасырда ӛлкемізде болған Алексеевтің Шебірді Бозашыдағы 
суы мол жер деп кӛрсетуі де осыны дәлелдей тҥседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет