Қаңғырқазәулие – Маңғыстау ауданындағы мола. «Бір
молда бала оқытыпты, бір
жаугершілік заманда осы молда мен қырық шәкіртін жаулар қырып кеткен деседі.
Осылардың арасынан Қаңғырқаз есімді шәкірт ӛзгелерден оқшау жерге барып жан
тапсырыпты. Оны сол орында бӛлек жерлепті де. Не ғажап екені белгісіз, сол шәкірттің
қабірінен тамыр тартқан қос бәйтерек ӛсіп шығады.
Анау-мынау емес, әрқайсысы тӛрт
адамның қҧшағына зорға сиятындай қалыңдыққа жете ӛскен екен. Сол ағаштар Бекет ата
дҥниеден ӛткен кҥні (яғни 1813 жылы) бір сәтте жапырақтарынан айырылып, тамырынан
қопарыла қҧлаған деседі. Жергілікті халық аузында сақталған әңгімелерге қарағанда,
Бекет ата Қаңғырқаздың аян-пірі болған екен. 20 ғасырдың 30-шы жылдары осы ағаштың
қҧлаған томарларын ҥйдің тӛбесіне жапқан кезде ағаштан тамып тҧрған қанды кӛрген
адамдар болған деген де әңгіме бар» (С.Қондыбай, 2006, 258).
Қаракөз
Қаракӛз – Тҥпқараған ауданындағы қҧдық, бҧлақ аты. «Бҧрынырақта
осы жерде
Доскелді деген тҥрікпен байы ӛмір сҥріпті. Оның Айым деген жалғыз қызы болыпты.
Сҧлу қыздың ӛмір жасы қысқа болып, гҥлдеп тҧрған шағында ӛледі. Қайғыдан шӛгіп
қалған бай биік тӛбенің басына жан-жақтан ең шебер деген қҧрылысшыларды шақыртып
алып, ҥлкен кесене салдырған екен. Айымның сырт келбетіне
қарай қойылған аты
«Қарагӛз» екен, оның бейіті де «Қарагӛз бейіті» деп аталады» (Костенко,Умирбаев, 62).
Достарыңызбен бөлісу: