ӘЛМҦРАТ (Алмурат) – қон., Маңғыстау ауданы. Антропоойконим.
ӘЛІҒҦЛ (Алигул) – қ., Маңғыстау ауданы. Тереңдігі – 5 м. Антропогидроним.
ӘЛІКЕ (Алике) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним.
ӘЛІКЕ-ҚАНАЙ (Алике–Канай) – қор., Қарақия ауданы. Антропонекроним.
ӘЛІБЕК (Алибек) – қ., Қарақия ауданы. Антропогидроним.
ӘМІР (Амир) – қ., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним.
ӘНДІЖАН (Андижан) – қ., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним.
ӘУЕЗ (Ауез) – қау., Мҧнайлы ауданы. Антропонекроним.
ӘУЛИЕ (Аулие) – қор., Қарақия ауданы. Мағынасы: «киелі, қасиетті қорым».
ӘУРЕН БИІК (Аурен биик) – тӛбе, Маңғыстау ауданы. «Тым биік тӛбе».
Б
БАБАЛЫ (Бабалы) – қ., Маңғыстау ауданы. Тереңдігі – 3м. Кӛнетҥркі тілі сӛздігінде:
«ата, әке» мағыналарымен қатар «қарт, қарт адам», «сыйлы адам» мәнін де
қолданылған (Э.В.Севортян, 1978, 11). Мағынасы: «кәрі, кӛне қҧдық» тәрізді.
БАБАС (Бабас) – қ., Маңғыстау, Қарақия ауд-да. Антропогидроним.
БАБА ТҤКТІ ШАШТЫ ӘЗІЗ (Баба Тукты Шашты Азиз) – киелі ор., Маңғыстау
ауданы. Антропонекроним.
БАБАХАН (Бабахан) – қ., тӛбе, Қарақия ауданы. Антропоороним.
БАБЫҚҚАЗҒАН (Бабыкказган) – қ., Бейнеу ауданы. Атау Бабық (зат есім) және
қазған (етістік) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Бабық – Адай тайпасы Шегем руынан
тараған аталардың бірі. Мағынасы: «Бабық руының адамы қазған қҧдық».
БАГАРДЖИК (Багарджик) – мҥй., Тҥпқараған ауданы. Багар (багор) сӛзін қазақ
тіліне аударғанда «ілгек, қармақ» деген мағына береді (Русский-казахский словарь,
34), ал – жик кішірейту мәнін беретін, оғыз тіліне тән жҧрнақ, олай болса атаудың
мағынасы: «балық ауланатын кішкене мҥйіс».
БАҒЫТАЙ – БЕНІКЕ (Багытай - Бенике) – ойыс, Бейнеу ауданы. Антропоороним.
БАҒДА (Багда) – қ., Орталық Ҥстіртте, Маңғыстау ауданы. Тибет-моңғол тілдерінде
богдо – «қасиетті» (Е.Керімбаев, 1984, 15). Атаудың мағынасы: «қасиетті, киелі
қҧдық».
Достарыңызбен бөлісу: |