Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет54/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   333
БЕСШОҚЫ (Бесшокы) шоқылыр сілемі, Маңғыстау ауданы, Шығыс Қаратауда. 
Атау бес (сан есім) және шоқы (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. 
Мағынасы: «алыстан бес шоқы, тӛбе болып кӛрінуіне байланысты қойылған атау».
БЕСШЫМЫРАУ (Бесшымырау) – қ., қор., Бейнеу, Маңғыстау ауд-да. Атау бес (сан 
есім) және шымырау (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: 
«тереңдігі әртҥрлі бес терең қҧдықтың қазылуымен байланысты аталған». 
БЕСІК (Бесик) – дӛң, тӛбе, абс. биіктігі 267 м. Маңғыстау ауданы. Алыстан дӛң 
кӛрінісі бесікке ҧқсас болғандықтан қойылған атау. 
БИСЕМБАЙ (Бисембай) – қор., Қарақия ауданы. Антропонекроним. 
БИТАНТОҒАН (Битантоган) – қау., Маңғыстау ауданы. Атау «Битан және Тоған 
деген екі балаға қатысты аталған» (С.Қондыбаев, 2000, 18) делінеді. Ал иран тілінде 
бидон – «орта, ортадағы» деген сӛз (Л.И.Рогозова, 22). Тоған – «су жинап алатын 
бӛгет, тоспа немесе арық». Біздің ойымызша, атаудың мағынасы: «ортада орналасқан, 
су жинап алатын бӛгет маңындағы қауым». 
БОЗ (Боз) – тӛбе, Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «бетегелі, изенді, селеулі тӛбе». 
БОЗАТ (Бозат) – қыс., Мҧнайлы ауданы. Мағынасы: «бетегелі, изенді, селеулі 
жердегі ҥлкен қыстау». 
БОЗАШЫ (Бозашы) – тҥб., Маңғыстау ауданы, Каспий теңізінің солт – шығысында. 
Бозашы атауының этимологиясы туралы қазақ тіл білімінде Т.Жанҧзақ, Е.Қойшыбаев, 
С.Әбдірахманов т.б. жазды. Географ С.Әбдірахманов тҥбек атауының екі тҥрлі 
мағынасын кӛрсетеді: бірінші, боза – тарыдан ашылатын ішімдік. Бозашы – 
қолсыраның осы тҥрін дайындайтын адам. Кейінірек бҧл термин осы ӛлкеде қазақ 
тҧрғындарының арасында ӛмір сҥрген тҥрікмендердің бір руының атына айналды. 
Қазақтың Әлімҧлының бір бҧтағы осыған ҧқсас «бозаншы» аталады. Тҥбек аты осы 
этнонимге байланысты қалыптасқан деген жорамал бар. Екінші, тҥбектің аты қазақтың 
«бозащы» – «бозғылт», «татырлы жер» немесе «ащы немесе тҧзды жерге бейімделген 
жусан кӛп жер дегеннен шығуы ықтимал (Каспий қайраңы, 1996, 257). Е.Қойшыбаев: 
«бозды сортаң жер» – дейді (Е.Койчубаев, 68). Ал тарихи деректерге сҥйенсек, бозашы 
– ӛлкені мекен еткен оғыздық шәудір тайпасының бір руы. Атаудың «Біздің 
ойымызша, атау екі бӛлімнен тҧрады: боза және -жы. Боза, буза қазақ, қырғыз, тобыл 
және тҥрік тілінде «тарыдан ашытылған ішімдік» деген мағына береді. Этнонимдегі –
жы аффиксі –чы, -чі жҧрнағымен қатар қолданылып, мамандық атауларын тудырады. 


Сонымен, бозажы «боза ішімдігін дайындаушы адам» (С.Атаниязов, 1988, 33). Атау 
осы ру атына байланысты қалыптасқан. 
БОЗДАҚ (Боздак) – қыр, сай, қор., а., Маңғыстау ауданы. Атау боз (сын есім) және 
дақ (тау, зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Негізінен, боз деп – кӛде, 
селеулі ӛсімдікті дала, жыртылмаған, қҧнарлы тың жерлерді айтады. Ал дақ - қазіргі 
тіліміздегі тау сӛзінің кӛне дағ формасы«Дағ – «тау» (Э.Севортян, 1980, 117). Атау 
қырдың сарғыш бозаң тартып тҧруымен байланысты қойылған тәрізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет