Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет6/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   333
екка), ул (ол, хол/хул, джуль/жуль, чуль, шул, ула т.б.) формаларымен белгілі болған. 
Маңғыстау ӛңірі топонимикасында осындай и және у имитивінің туынды 
нҧсқаларында келген тӛмендегідей жер-су атауларын келтіруге болады: Ақсу, Елік, 
Еліктау, Ақшелек, Қызылжол, Қаражолшы(а), Елекажы, Елейдің тақыры, Иже, 
Ижесор, Шелек, Үлек, Үдек, Ұланақ. Мысалы: Елік – Маңғыстау ауданындағы қҧдық аты. 
Атау қҧрамында е/ел – и идеофонының бір тҧлғасы, «ылғал», «су» мағынасын береді. Ал 
–лік/лек бір нәрсенің молдылығын, барлығын білдіретін кӛне жҧрнақ. Сонда атаудың 
мағынасы: «сулы қҧдық». Иже – Қарақия ауданындағы шатқал. Иже атауында И сӛзі 
«ылғал», «су» мағынасында қолданылады. Ал –же кішірейту мәнін беретін кӛне жҧрнақ. 
Сонда атаудың мағынасы: «суы аз шатқал немесе кішкене сулы шатқал». 
Ка/қа имитативі дауысты және дауыссыз екі-ақ дыбыспен дыбыстық символика 
арқылы «тау», «биік» (ҥлкен), «жартас» ҧғымын, бейнесін, сипатын берген. Бҧл 
имитативтен тҥрлі тілдерде қар, гар, қад, када, хада, хад(ан), қара, қая, қия, кер 
тҧлғалары қалыптасқан. Маңғыстау ӛңірі топонимикасында ка/қа имитивінің туынды 
нҧсқаларында келген тӛмендегідей жер-су атаулары кездеседі: Кәді-Құлат, Кертті, 
Қарағашжал, Сарға, Сарғат, Дӛңқара, Қарақия, Қарлыбас, Қырқыстау т.б.
Сондай-ақ фоносемантика ғылымында еріндік дыбыстар фонемотипі «домалақ», 
«томпақ» белгілеріне ие болған. Бҧл аталған қимыл лабиальды (еріндік) дауыстыларды 
(о, ӛ, ұ, ү, у) дыбыстағанда жасалады. Еріндік дауыстылардың символизіміне негізделген 
фоносемантикалық орографиялық апеллятивтерге тӛбе, шоқы, қуыс т.б. апеллятивтерді 
жатқызылады. Осы орографиялық апеллятивтердің негізі болған имитатив формасына 
туб/тоб/тӛб/доб/теп; шо, жо, цо нҧсқалы архетип – имитативтер пайда болған. Ӛңір 
топонимикасында то, шо имитивті тҧлғаларында келетін мына атаулар бар: Ақтӛбе, 
Арқартӛбе, Алдатӛмпек, Доңға, Домалақтӛбе, Дӛңқара, Қарадуан, Теппе, Тӛбел, 
Тұмғашы, Тұмсық, Ақшоймақ, Ақшоқы, Бесшоқы, Жаршоқы, Қарашық, Құмшоңқал, 
Үшшоңқал, Шоқай, Шоқан, Шоқырақтау т.б. жатады. 
Сӛздікте киелі орындар, бҧлақ, қҧдық, тау атауларының пайда болуына қатысты 
сақталған аңыздар да қоса берілді. Мәселен, Ақоттынар, Жабайұшқан, Қарагӛз, 
Қаңғырғазәулие, Қошақ, Құлаат, Үлек т.б. Бірақ жер-су атауларындағы кейбір халықтық 
этимология ғылыми этимологиядан алшақ кетіп, атау мағынасымен қиыспай жатады. 


Ғалым Е.Жҧбанов: «Ондай деректердің бәрі тарихи шындық тҧрғысынан аса дәлелді 
болмағанымен, белгілі бір ӛлкені мекен еткен жҧрттың, бҧқара кӛпшіліктің ой-арманын, 
кәсібі мен харакетін танытатын елеулі тілдік-әдебиеттік кепілдеме ретінде сӛздік 
қорымыздың қҧрамынан тиісінше ҥлес алады», – деп кӛрсетеді. 
Маңғыстау – тарихи жер-су атауларын барынша сақтап, бізге жеткізген, қазақ 
топонимиясында қайталанбас ӛзіндік ерекшелігі бар – ӛңірдің бірі. 
Адамзат мәдениетінің тарих беттерінің қҧрамдас бӛлігі болып табылатын еліміздің 
жер-су атауларын жинау, зерттеу, сақтау және ҧқыпсыз пайдаланудан қорғау азаматтық 
парызымыз болып табылады. Бҥгінгі ҧрпақ, ӛркениетке ҧмтылған жас ӛркендеріміз ата-
бабаларымыз қалдырған асыл мҧра – жер-су атауларын барынша қастерлеп, ат қою 
шеберліктеріне қайран қалары сӛзсіз. Жер-су атаулары – патриоттық тәрбиенің, шабыт 
пен қуаныштың, жарқын сезім мен талаптың мәңгі және сарқылмайтын кӛзі. Алдымен, 
туған ӛлкенің тарихы әрбір адамды толғандырары анық.
Осы уақытқа дейін Маңғыстау топонимдері мынадай бағыттарда қаралып 
келгендігін атап ӛтуге болады: 1) Тілші, географ, тарихшы т.б. ғалымдар (Ғ.Мҧсабаев, 
Қ.Ӛміралиев, Е.Қойшыбаев, Ә.Қайдар, Т.Жанҧзақ, С.Омарбеков, А.Әбдірахманов, 
Н.Нҧрмағамбетов, М.Қожанҧлы, К.Аманниязов, М.Тҧрсынова, С.Әбдірахманов т.б.)
ӛлкенің жекелеген топонимдеріне этимологиялық талдаулар жасады; 2) Ә.Кекілбайҧлы, 
С.Қондыбай, Е.Ӛмірбаев, Д.Әріп, Б.Әріп, С.Әбішов, Ә.Спан, О.Кӛшбай, Ж.Дҥйсенбаева 
т.б. топонимдердің пайда болуындағы тарихи және аңыздық деректерді, әңгімелерді 
екшеді. М.Қожанҧлының «Атырау облысының жер-су аттары» монографиясында (2005) 
ӛлкенің 250-дей атауына қҧрылымдық, семантикалық тҧрғыдан талдау жасалған. 2008 
жылы Ж.Жайлаубаева, М.Қожанҧлы, Г.Мамаевалардың қҧрастыруымен шыққан 
«Маңғыстау облысының ономастикалық атауларының кӛрсеткіш-анықтамалығында» 
облыстық және аудандық бағыныстағы әкімшілік-аумақтық бірліктер, ауылдық округтер 
мен елді мекендердің қазақ, орыс тілдеріндегі атаулары, олардың жазылуы, ӛзгертілгені 
мен транскрипциясының тҥзетілгені жайындағы ресми мағҧлматтар кӛрсетіліп, 
анықтамалар берілген. Дегенмен де, кҥні бҥгінге дейін Маңғыстау ӛңірі жер-су атаулар 
толықтай жинақталып, топонимдік сӛздіктер қҧрастырылмай келгені баршаға мәлім. 
Оның ҥстіне Маңғыстау ӛңірі топонимдері жалпы қазақ тополингвистикасының зерттеу 
объектісі болып кӛрмеген. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында ӛңірдегі барлық 
географиялық атауларды жинақтап, мән-мағыналарын ашып, осы сӛздікті ҧсынып 
отырмыз.
Бҧл еңбекте ӛлке атауларының мына тҥрлері қамтылды. Олар: гидронимдер – теңiз, 
кӛл, ӛзен, бҧлақ, қҧдық атаулары. Мысалы: Каспий теңізі, Қошқарата, Сиырсу, 
Тамшалы, Саура, Қарашымырау, Шилі, Басар-Түрке, Сауытты, Құты, Мәстек, 
Ащыбұлақ т.б.; оронимдер – жергiлiктi рельеф (шың, тау, сай-сала, тӛбе, қырат) атаулары. 
Мысалы: Үстірт, Ақтау, Құлаат, Қарашық, Доңға, Қаратау, Айрақты, Шерқала, 
Мерет, Құмыра сай, Үштӛрткіл т.б.; ойконимдер – елдi мекен атаулары (қала, село, 
кент, ауыл т.б.). Мысалы: Форт-Шевченко, Шайыр, Тиген, Бейнеу, Жармыш, Жарма, 
Құрық, Ақшұқыр, Қызан т.б.; некронимдер – жерлеу орындары атаулары. Мысалы: 
Үштам, Тамды, Қостам, Сырлытам, Молалы т.б.; агиотопоним – киелі орындар 
атаулары: Мысалы: Оғыланды, Құлбарақ, Саназарәулие, Шақпақата, Қарманата, 
Есената т.б.; дримонимдер – орман, тоғай, алқап атаулары. Мысалы: Қорабай жидесі,
Ақсексеуіл, Жусанды ой, Қаратүлей т.б. 


Сӛздікте қолданылған материалдар қатарын автордың 2000-2010 жылдарда 
Маңғыстау, Тҥпқараған, Қарақия, Бейнеу, Мҧнайлы аудандарына жасаған жекелей 
экспедициядағы жазбалары, материалдары тҥзеді. Сонымен қатар аймақтағы жер-су 
атаулары туралы, ел мен жер тарихын жетік білетін адамдармен жҥргізілген сҧхбаттар 
нәтижелері, студенттерден жинақталған материалдар, облыстық және аудандық 
мҧражайлардың, мҧрағат деректері мен ҚР Географиялық атауларының Мемлекеттік 
каталогы (10т.) пайдаланылды. Топонимиялық мәліметтер топографиялық картадағы 
деректермен, географиялық сӛздіктер және танымдық тҧрғыда жазылған әдебиеттер, 
мерзімді баспасӛз материалдарынан байытылды. 
Сӛзіктің қҧрылысына келетін болсақ, топонимдер қатаң алфавиттік тәртіппен 
тҥзілді де, жер-су атарының мағынасы тҥсіндіріліп, шығу тӛркіні мен пайда болу 
сырлары айқындалды және олардың тілдік нормаға сай қазақша әрі дҧрыс жазылуы 
қалыпқа тҥсірілді. Сӛздікке қосымша ретінде Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық 
бӛлінісі, облыс бойынша ӛзгертілген, қалпына келтірілген тарихи атаулар, жер-су 
атауларының алфавиттік тізімі және атауларға қатысты аңыздар да берілді. 
Сӛз басында қазақша атаулар қазақ тілінің әдеби тіл нормасына қазақ тілінің 
орфографиялық ережесіне сай, ал жақша ішінде олардың орысша жазылуы берілді. 
Атаулардың қазақша және орысша жазылуынан соң оның әкімшілік бӛлінісі, ауданы 
келтірілді. Егер де бір атау бірнеше рет қайталанатын болса және бірнеше объектінің аты 
болып келсе, оларды жеке-жеке бермей, бір атаудың ҧясында беріп отырдық. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет