Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет91/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   333
КЕБІР (Кебир– сор, Бейнеу ауданы. «Кепкен сор». 
КЕБІРБҦЛАҚ (Кебирбулак) – қон., Маңғыстау ауданы. Атау кебір (зат есім) және 
бҧлақ (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «кепкен бҧлақты 
қоныс». 
КЕБІРКӚЛ (Кебирколь) – қон., Мҧнайлы ауданы. Атау кебір (зат есім) және кӛл 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «кепкен кӛлі бар қоныс».
КЕЖІТАМ (Кежитам) – мола, Тҥпқараған ауданы. Иран тілінде кедж – «қисайған, 
бҥгілген, иілген» (В.И.Савина, 107). Мағынасы: «қисық, қҧлаған там». 
КЕЗДІҢ ҚАРАҚҦДЫҒЫ (Кездын каракудыгы) – қ., Маңғыстау ауданы. Кез – екі 
таудың тҥйіскен жеріндегі ойыс (А.Аманжолов. 490). Мағынасы: «екі таудың тҥйіскен 
жеріндегі ойыста қазылған сулы қҧдық». 
КЕЗЕК (Кезек) – Маңғыстау ауд-дағы қыстау. Мағынасы: «екі таудың тҥйіскен 
ойысындағы қыстау». 
КЕЗҚОРА (Кезкора) – Маңғыстау ауд-дағы жер. Атау кез (зат есім) және қора (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «екі таудың тҥйіскен 
ойысындағы қора». 
КЕКІЛ (Кекиль) – қ., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «қырат басындағы ҥйінді» 
(М.Қожанов, 114).
КЕКІЛБАЙ БҦЛАҒЫ (Кекилбай булагы) – б., Маңғыстау ауданы. Халық 
жазушысы Ә.Кекілбайҧлының әкесі Кекілбайдың басына егін салған бҧлағы. 
КЕЛТЕСАЙ (Кельтесай) – жыра, Маңғыстау ауданы. Атау келте (сын есім) және сай 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қысқа сай». 
КЕЛІМБЕРДІ (Келимберды) – қыс., Маңғыстау ауданы. Антропоойконим. 
КЕМЕР (Кемер) – тӛбе, Қарақия ауданы. Мағынасы: «жар қабақты тӛбе». 
КЕМПІРҚҦМ (Кемпиркум) – қон., Маңғыстау ауданы. Атау кемпір (зат есім) және 
қҧм (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «аласа, ескі қҧм» 
тәрізді. 
КЕНДІРЛІ (Кендирлы) – шығ., б., қ., Қарақия ауданы, Каспий теңізінің шығыс 
бӛлігінде. Академик Қ.Аманниязов: «Д.Ливкиннің «Рыволовство и тюлений промысел 
на восточном побережье Каспийского моря» (СПб, 1902г.) кітабында Кендірлі атауы 
тҥрікменнің «кең дерели» деген сӛзінен шыққан (кең – широкий, дере –шатқал немесе 
шығанақ) «кең шатқал» мағынасындағы атау» – дейді («Огни Мангистау» 2009, 4 
июня). Расындада шығанақ кендір ӛсімдігіне байланысты қойылмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет