Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2



Pdf көрінісі
бет122/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   205
index

Етті тасымалдау. Тез бұзылатын жүктерге ет ӛнімдері жатады, 
оларды тасымалдауға жіберер алдында келесі жағдайлар орындалады: 
жӛнелтуші етті мұздатылған, суытылған немесе салқындатылған 
күйнде, тұтас ұша немесе бӛлшектенген түрде тасымалдайды. Ірі қара 
мал ұшасын тӛрт бӛлікке бӛліп, шошқа жартылай ұша немесе тұтас 
бассыз тасымалдайды.
Мұздатылған ұшалар жақсы қатырылған жағдайда, соғып кӛргенде 
дыбыс шығу керек, ұшаларда қан ұйындылары, зең,
кілегей, шіріген 
ақаулар жіберілмейді. Ет блоктарын тұздатылған күйде, пергамент 
қағазына оралған немесе целлофан және басқа да синтетикалық 
пленкаға орап, картон жәшіктерге, арнайы пакет немесе контейнерлерге 
салынған күйде тапсырады. Шошқа етін тасымалдау барысында 


229 
трихинелоскопия, ал жылқы етін – маллеинизация нәтижелері 
ескеріледі.
Барлық ет және ет ӛнімдерін рефрижераторлы трюмдерде 
тасымалдайды. Бір трюмге суытылған немесе салқындатылған етті 
мұздатылған етпен қоса, суытылған етті салқындатылған етпен 
тасымалдауға болмайды. Етті кемеге артар алдында әрбір жүкті мұқият 
байқаудан ӛткізу керек. Еттің, ет ӛнімдердің тауарлық, дәмдік сапасын 
сақтау мерзімі ұзақ болғанда және ет ӛніміне қатысты оптималды 
температуралық режим сақталмаған жағдайда ӛзгереді. Етті ұзақ 
сақтаған кезде еттің жоғарғы беткейі қараяды, құрамы ӛзгереді және 
зеңдену процестері байқалады. Түсінің ӛзгеруі құрсақ бұлшықетінде
мойын және жанбастың ішкі жағында байқалады. Омыртқа бӛлігінің 
ұлпасын түсі қызғылт түстен қоңыр түске дейін, ал соңында қоңырқай 
түске ӛзгереді.
Трюмдегі салыстырмалы ауа ылғалдылығы мұздатылған етті 
тасымалдаған кезде 95%, ал салқындатылған ет үшін шамамен 90% 
болуы шарт. Трюмдегі күшті қолданатын күшті желдету құралдары, 
етті және ет ӛнімдерін құрғатуға соқтырады. Етті кеуіп кетуден сақтау 
үшін штабель түрінде қатты тараға салады, полиэтиленді пленка етті 
кептіруден сақтайды.
Әртүрлі ет ӛнімдерін келесі ереже бойынша тасымалдайды: 
трюмдерде – мұздатылған етті, твиндектерде – салқындатылған ет. 
Салмағы ауыр ет жүктері жүк бӛлімдерінің тӛменгі бӛлігінде 
орналасады. 
Рефрижераторлық трюмге келіп түскен мұздатылған еттің 
температурасы -6°С жоғары болмағаны жӛн. Мұздатылған жағдайда 
басқа да жануарлар ет ӛнімдерін, қоян, шошқа және құс етін, сонымен 
қатар субӛнімдерді де тасымалдайды. Мұздатылған ет ӛнімдерін, 
субӛнімдерін және эндокрин шикізатын жәшік, бӛшке және картон 
жәшіктерге салып, араларын бӛліп орналастырады.
Салқындатылған еттің сүйектегі бұлшықет қалыңдығының 
температурасы 0-4°С дейін, бұл ет балауса, жақсы қансызданған, құрғақ 
беткейлі, кебу қабығымен жабылған, ал бұлшықет ұлпасы серпімді 
болған жӛн. Салқындатылған етті шынжырға ілген жағдайда жеткізеді. 
Ілінген ұшалар трюмнің палубасына, бортына, сонымен қатар 
батареяларға жанаспауы керек.
Суытылған етті тек жӛнелтуші пунктінде тоңазытқыштар болмаған 
жағдайда ғана қабылдайды, сойғаннан кейін ет 2 тәуліктен артық 
сақталмайды. Тасымалдау кезінде суытылған еттің бұлшықет 
қалыңдығындағы температурасы 4-12°С болады. Мұндай еттің беткейі 
кебу қабығымен жабылған.
Жамбас, тӛс етін және басқа да ысталған ет ӛнімдерін тұздап, суық 
немесе ыстық түтінмен ыстап жәшіктерге немесе корзинаға 50кг немесе 


230 
бӛшкелерге 200кг салмақта салады. Ысталған ет ӛнімдерін жәшік, 
қораптарға орамай салады, желденуін қамтамасыз етеді. Жәшіктің 
бүйір қабырғасында және түбінде әрбірі 10мм екі қуыс қалдырады. 
Бӛшкелердегі ысталмаған ӛнімдер үстіне тағамдық қорытылған май 
құяды. 
Ысталған ет ӛнімдерін трюмдегі ауа температурасы 15°С жоғары 
болмауы керек. Жолда сақталу мерзімі 10 тәулік. Ысталған ет 
ӛнімдерін, шұжық (шикі ысталған және жартылай ысталған) тесіктері 
бар жәшіктерде тасымалдайды, ысталған ет пен шұжықтарды азықтық 
майлармен бірге тасымалдауға болмайды. 
Шикі және жартылай ысталған шұжық ӛнімдерін 8°С 
температурадан жоғары емес жағдайда, мықты, құрғақ, зеңсіз және 
бӛтен иіссіз, тара кӛлемі 50кг болған жағдайда тасымалдайды. Ерекше 
ұзақ тасымалдануға негізделген жартылай ысталған шұжықтарды 
мӛлшері 200кг ағаш бӛшкелерде шошқа майын құйып тасымалдайды.
Консервіленген ӛнімдер бӛшкеде, сонымен қатар герметикалық, 
қаңылтыр немесе шыны банкаларда ағаш, фанерге немесе картоннан 
жасалған жәшіктерге салып арнайы контейнерлерде тасымалданады
банкаларды дұрыс орналастырған жӛн.
Барлық қорытылған жануар майларын (сиыр, қой, шошқа) кӛлемі 
200кг ағаш бӛшкелерде немесе 10-40кг фанерден жасалған жәшіктерде 
-4°С температурада тасымалдау керек. Сары майды ағаш немесе 
фанерден жасалған жәшіктерде және ағаш бӛшкелерде тасымалдайды. 
Сары және қорытылған майды (шамшат (бук), шыршалы (еловый), кӛк 
терек, қайың) ағаштардан жасалған бӛшкелерде тасымалдайды
.
Барлық 
салонин түрлерін, сонымен қатар тұздалған тілдерді мықты бӛлшектер 
түрінде тасымалдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет