С. О. Ахметова, М. С. Сериккызы сапа менеджменті жүйелері


 Өнімнің қасиеттері және сапа көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет6/60
Дата16.09.2024
өлшемі1.17 Mb.
#503674
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Сапа менеджменті жүйелері

1.1.2 Өнімнің қасиеттері және сапа көрсеткіштері 
Өнім қасиеті – 
бұйымды 
тұтыну 
немесе 
іске 
қосу, 
құрастыру кезінде байқалатын объективті ерекшелігі. 
«Эксплуатация» деген термин мынадай өнімдерге қолданылады: 
Тұтыну кезінде өз ресурстарын шығындайтын, ал «тұтыну» – оны
пайдалану кезінде өзі шығындалатын өнімдерге қолданылады. 
Қасиеттер жәй және күрделі болып бөлінеді. 
Мысалы: бұйымның беріктігі күрделі қасиетке жатады, ол бірнеше жәй
қасиеттерден құралған: жөндеуге жарамдылық, ұзақ мерзімді қызмет
көрсету, тоқтаусыз жұмыс істеу және сақталыну. 


11 
Өнім белгісі – оның кез–келген қасиеттері немесе күйінің сапалық
немесе сандық сипаттамасы болып табылады. 
Сапалық белгісіне – материал түсі, пішіні, бетіндегі коррозияға 
қарсы қабатының болуы, бұйымдарды біріктіру әдістері, техникалық
қондырғыларды реттеу әдістері. 
Сандық (мөлшерлік) белгі – өнімнің шамасы болып табылады
және оның сапалық көрсеткіштерінің бірі болуы мүмкін. 
Өнімнің сапа көрсеткіші – өнімді даярлау, эксплуатациялау және
тұтыну кезіндегі, оның сапасын құрастыратын бір немесе бірнеше
қасиеттерінің сандық (мөлшерлік) сипаттамасы. 
Көптеген өнімнің сапалық көрсеткіштері оның шамаларының
функциясы болып табылады. 
Стандарттау және унификациялау көрсеткіштері бұйым 
құрамына кіретін бөлшектер, агрегаттар, комплектер және 
комплекстердің біртипті стандарттармен қамтамасыздығы сипатталады. 
Бұл топтағы көрсеткіштерге қолданылу коэффициенті, қайталану 
коэффициенті, бұйымның немесе бұйым тобының біртиптік 
коэффициенті жатады. 
Патенттік–құқықтық 
көрсеткіші 
– 
бұйымды 
жасауда 
қолданылған техникалық шешімдердің патенттік тазалығын және 
патентпен қорғалу дәрежесін сипаттайды, оның ішкі және сыртқы 
нарықта бәсекелесу қабілетін анықтайды. 
Қауіпсіздік көрсеткіші – бұйымды қолдану және іске қосу 
процесінде қоршаған ортаға зиянды әсерлерінің деңгейін анықтайды. 
Оларға қауіпті қоспалар мөлшері және қоршаған ортаға шығарылған 
шекті рұқсат етілген концентрация жатады. 
Анықтаушы көрсеткіштер – өнім сапасын бағалайтын шешімді
қабылдайтын көрсеткіш. 
Жалпыланған көрсеткіштер – өнімнің негізгі қасиеттерін және 
олардың үлестік коэффициентін сандық (мөлшерлік) бағасын ескеретін 
орташа шама (мән). 
Күрделі өнімнің техникалық деңгейін бағалау үшін бірлік 
көрсеткіштерін есептеу керек, ол әртүрлі бағаланатын өнімнің 
деңгейінің қиындығы жайында шешім қабылдауды қыйындатады. 
Мұндай жағдайларда шешім қабылдауға берілетін кеңестер арқылы 
өнімнің деңгейін әртүрлі санмен бағалау керек. Сонан–соң бір санмен 
бағалап әрбір өнімдерді біріктіріп, кешенді бағалау әдісіне келтіреді. 
Өнімнің техникалық деңгейін дұрыс анықтау үшін сапаның 
кешенді көрсеткіштерін толық түрде қалыптастыру керек. Сонда 
жоғарғы сапалы өнімдер кешенді көрсеткіштердің жоғарғы бағасына ие 
болу керек. 


12 
Қанағаттанарлық деңгейдегі кешенді көрсеткіштер күйлі 
көрсеткіштер деп аталады.
Өнімнің сапалық кешенді көрсеткіштері екі жолмен көрсетіледі: 
1 Басты немесе интегралды көрсеткіштердің өнімнің сапасына
функциональды түрде бағыштылығымен. 
2 Өнімнің сапасының көрсеткіштері орташа өлшелуімен. 
Бірінші әдісте кешенді көрсеткіштердің бірлікті көрсеткіштеріне 
бағыныштылығының өнімді ережесімен қолдану процесі. 
Математикалық моделінің анықталуы. Мұндай көрсеткіштерге 
дайындық коэффициенті және өнімнің интегралды көрсеткіштері мысал 
бола алады. Бұл принциппен құрылған кешенді көрсеткіштер, егер 
қабылданған математикалық модель өнімді ережесі бойынша кұйлі 
болады. Мұндай болған жағдайда өнімнің өз негізіне толық әсер етуін 
анықтап сапалы кешенді бағалауға қолдану керек. 
Бағаланатын 
объектінің 
жеке 
сапа 
көрсеткіштерінің 
номенклатурасын анықтау. Көптеген обьектінің сапасы кең 
көрсеткіштер санынан тұрады, олардың көбінің ортақ бағалауға әсері аз. 
Өз алдына, түрлі мақсаттарға байланысты мұндай көрсеткіштер де 
өзгеруі мүмкін. 
Егер өнім бағаланатын болса, көрсеткіштер осы өнімге арнаулы 
техникалық құжаттардан таңдалады (техникалық тапсырма, жоба, 
стандарт немесе басқа нормативті техникалық құжат). Қызмет 
сапасының деңгейін де осындай жолмен бағалайды. Көрсеткіштерді 
анықтаудың дұрыстылығында сенімділік болмаса, тұтынушыларды 
сұрау процесі немесе бәсекелес фирманың өнімін зерттеу жүргізіледі. 
Сапаның базалық көрсеткіштерін анықтау. Әдетте берілген 
көрсеткіштер объектінің базалық үлгісінің таңдау негізінде жүреді. 
Базалық үлгілер орындалу және қолдану шарттары ұқсас объектіге 
жатуы керек. 
Сапаның жеке базалық көрсеткіштерінің мәндерін анықтау. Үлгі 
эталонының сапа көрсеткішінің базалық мәндері реттерінде 
төмендегілер қабылдануы мүмкін: 
- Өнімнің алдағы сапа көрсеткіші үздік ұлттық немесе 
дүниежүзілік сапа деңгейіне жеткізетін өнімнің болашақтағы болжам 
сапа көрсеткіштері; 
- Халықаралық сапа ұйымдары ұсынатын өнім (қызмет) 
сапасының көрсеткіштері; 
- Іс-әрекеттегі дүниежүзілік және ұлттық объектілерінің сапа 
көрсеткіштері; 
- Стандарттардың озық сапа көрсеткіштері, техникалық тапсырма, 
техникалық жетілдіру, даму және т.б. 


13 
Бағаланатын объектінің сапалық жеке көрсеткіштерінің мәнін 
анықтау. Берілген мәндер бағаланатын объектіні объективті түрде 
сипаттау керек және олар сынау және өлшеу, сараптама, техникалық 
тапсырмадан объектінің техникалық ережесінің, сәйкес стандарт және 
т.б. негізінде анықталуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет