Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет15/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   130
Философия Оқулық (3)

Пифагор (б.д.д. 580 - 500 жж.). Біздің дəуірімізге дейінгі V-І ғасырдың 
аяғында философиялық ілімдер Кіші Азиядан “Ұлы Элладағы” ауыса бастады. 
Осы кезеңде Оңтүстік Италия мен Сицилияда “пифагоршылар мектебі” деп 
аталған одақ құрылып, онда қоғамдық өмірді діни-əдептілік тұрғыдан 
реформалау қажеттігі туралы ілім кең өріс алады. Пифагоршылар қоғамда 
анархияның етек алуына қарсы болып, құдайдың айтуымен жасалған 
мемлекеттік заңдарды сақтау керектігін уағыздады. Пифагоршылар өздері 
бірауыз болмағаны, осыған орай “ата жолын” қуушылар мен мемлекттік 
билікке барлық халық қатысуы керек деген ағымдардың арасында тартыстар 
болғаны белгілі. 
Пифагор Самос аралында туып-өскенмен, кейінірек келе, əртүрлі 
жағдайларға байланысты Египетте, Вавилонда (абыстардан дəріс алған), 
Үндістанда болып, ең соңында “Ұлы Элладаның” Критон қаласында өмір 
кешкен. 
Пифагор жəне пифагоршылар туралы Аристотель былай дейді: олар 
метематикамен шын мəнінде шұғылданған алғашқы ойшылдар. Пифагор тек 
қана математикамен айналысып қоймай, оның негізгі қағидаларын – сандарды – 
жалпы əлемдік қағидаға айналдырған жəне сол сандардың ара қатынастарын, 
олардың арасындағы пропорцияны – əлемдік үйлесімділіктің бейнесі деген 
көзқарсты өзінің философиялық ілімінің өзегі етіп қабылдаған. Оның пікірінше, 
сандар – барлық заттардың, ғарыштың негізі. Пифагордың ғарыштың 
бастамасы, негізі деп отырған сандары жай күнделікті өмірде қолданып жүрген 
сандар емес, олар – ғарыштың реттілігін, үйлесімділігін көрсететін сандар. Бұл 
үйлесімділікті біз аспан денлерінің бір сазды дыбысты белгілі бір интервалда 
шығаруынан білеміз. Бірақ ол дыбыстар үздіксіз шығып тұрғандықтан жəне 
олар бізге тұрақты əсер еткендіктен, біз оны қабылдай алмаймыз. Әр планета 


30 
жерді айнала жүріп, өзедеріне тəн дыбыс шығарады. Мысалы, Айдың дыбысы 
биік, ал Сатурнның дыбысы – өте төмен, осы екі дыбыс қосылғанда үйлесімді 
мелодия пайда болады. Сандар тек денелерге ғана тəн бастама емес, олар
əдептілікке де, рухани құбылыстарға да, жанға да тəн. Жан дегеніміз сандардың 
үйлесімділігі. Жан мəңгі өмір сүреді. Ол адам өлгеннен кейін жануарларға, 
өсімдіктерге ауысуы мүмкін. Бұл жерде біз Пифагорға ежелгі Үндістандағы 
ведалық ілімінің əсерін байқаймыз. Ежелгі Үндістандағы философиялық 
көзқарастардағы сияқты өмірдің негізгі мақсаты, дейді Пифагор, жанды 
тазарту. Оған – құмарлықты жеңу, жастардың үлкендерді бұлжытпай тыңдауы, 
достық пен жолдастықты дəріптеу сияқты əдептілік қағидаларын сақтай 
отырып жетуге болады. 
Пифагоршылар Гераклит сияқты ғарыш қайшылыққа толы дей отырып, 
олардың 10 жұбын атап көрсетті. Олар: шектілік жəне шексіздік, тақ жəне жұп, 
жалқы жəне жалпы, оң жəне теріс, еркек пен əйел, тыныштық пен қозғалыс, 
түзу мен қисық, жарық пен түнек, жақсы мен жаман, квадрат пен 
көпқырлылық. Осылардың ішіндегісі ең маңыздысы – шектілік пен шексіздік. 
Шекті нəрселерді танып-білуге болса, шексіздікті танып-білу мүмкін емес. 
Шекті денелер геометрия арқылы бізге мəлім болса, шексіздік – танымның 
мүмкіндік шеңберінен тыс, сондықтан оны тек ойша шамалауға болады. 
Қорыта айтқанда, Пифагор философтардың ішінде бірінші болып өз 
ілімінде сан категориясын жан-жақты қарастырған жəне өз ілімін халық 
арасында үгіттеп таратқан (пифагоршылар одағы) ғұлама. Оның ілімдері 
кейінірек Платон философиясының қалыптасуына үлкен əсер етті. 
Элеаттар мектебі. Негізгі өкілдері: Ксенофан, Парменид, Зенон. 
Элеаттар ілімі ежелгі грек философиясының дамуындағы жаңа қадам болды. 
Егер милет мектебінің өкілері түпнегіз – физикалық дене, ал пифагоршылар – 
сан десе, элеаттарда түпнегіз – болмыс. Элеаттар ілімінің негізгі қағидалары 
мынаған саяды. Түйсінген денелердің барлығын нақтылық деп қабылдауға 
болмайды, керісінше, олардың бəрінде өздерін ақыл-ой арқылы негіздеуге 
болатын мүмкіндіктері болуы шарт, себебі, тек қана түсіндіруге болатын заттар 
ғана нақтылы өмір сүреді. Қарама-қарсы пікірлерге сыймайтындар жоқ. Олай 
болса, нақты шындық пен түсіндіре білудің арасындағы қарама-қарсылық – біз 
қолданып жүрген ұғымдардың деңгейлерінің жеткіліксіздігінің салдары. Бұл 
пікір ешқандай талқылауды керек етпейді. 
Элеат мектебінің негізін қалаушы жəне көрнекті өкілі – Колофон 
полисінен шыққан Ксенофан (шамамен б.д.д.576-487 ж.ж ) болды. Оның 
пікірінше, барлық заттардың негізі – жер. Жер өзінің тамырларымен 
шексіздікке кетеді. Тіршіліктің шығуына жермен қоса судың да маңызы зор. 
Жанның өзі де жер мен судан жаралған. Ал судан бұлттар пайда болады да, 
бұлттардан аспан денелері жаралады. Мысалы, ай – бір жерге шоғырланған 
бұлт болса, күн – су буының жануының салдарынан шоққа айналған аспан 
денесі. 
Егер милет мектебінің өкілдері космостың генетикалық бастамасын,əрі 
түпнегізін физикалық қасиеттері бар ауа, су, от апейрон десе, Ксенофан 
олардан əрірек кетіп жер космостың түпнегізі ретінде біртұтастық деп 


31 
тұжырымдайды. Ол түпнегіздің шекті не шексіз екендігін, материалды немесе 
идеалды екендігін айқындамайды. Біртұтастық ретінде ол құдаймен пара-пар. 
Құдай – барлық нəрселер, бірақ бұл барлық нəрселер көптүрлілікті көрсетпейді, 
ең жоғары біртұтастықты көрсетеді. Оның түпнегізі – ақыл-ой. Құдай 
адамдарды жаратпайды, керісінше, адамдар өз бейнесіне қарап, құдайды 
жаратады. Егер жылқылар адамдар сияқты сурет сала білсе жəне өнердің 
түрлерін тудыра алатын болса, онда олар құдайларды өздері сияқты жылқы 
ретінде суреттер еді. Ксенофаның құдайы – таза ақыл-ой, ол материалды емес. 
Оның барлық күші – данышпандылығында. Ол гректердің бұрынғы 
құдайларындай бір орнынан екінші орынға қозғалып, дүниені кезіп жүрмейді, 
керісінше, ылғи да тыныштықта болады, қозғалмайды. Ол əлемді тек ақыл-
оймен ғана басқарады, ешқандай да дене күшін жұмсамайды.
Бірақ, – дейді Ксенофан, – құдайдың, жалпыға ортақ табиғаттың нақты 
шындық екенін ешуақытта ешкім көрген де емес, білген де емес. Ал егер осы 
ақиқатты танып-білу жолында кімде-кім дұрыс бағыт алған болса, ол бəрібір 
ондай ақиқатты білмес еді. Себебі, құдайдың жалпыға ортақ табиғаттың өмір 
сүруі дегеніміз, олардың бар сияқты болып көрінуі ғана. 
Түйсіктер берген ақпараттар шындыққа жатпайды. Ақыл-ойдың өзі де 
кейде бізді алдайды. Ал ақиқат ақыл-ойдың қорытындысы емес, 
кездейсоқтықтың жемісі. Осыдан келіп, ксенофан дүниені танып-білу 
мүмкіндігін емес, танып-білу мүмкіндігі туралы білімнің болуын жоққа 
шығарды. 
Ксенофаның жалқы құдай туралы ілімін əрі қарай дамытып, оны бір тұтас 
болмыс ұғымына дейін көтерген ойшыл – Парменид (шамамен б.д.д. 540-480 
жж.) болды. Оның негізгі шығармалары: “Табиғат туралы”, “Ахиллес” (бізге 
дейін жетпеген). Парменидтің қарастырған мəселелері – болмыс пен 
бейболмыстың ара қатынастары мен болмыстың ақыл-ойға қатынасы. Бұл екі 
мəселенің екеуін де тек ақыл-ой арқылы шешуге болады. Ақиқатқа тез жету 
үшін ақыл-ой көптеген тор мен тосқауылдарға тап болуы мүмкін. Бірінші күтіп 
тұрған тосқауыл – бейболмыстың бар екенін мойындау, ал мойындағаннан 
кейін, ол қажетті түрде бар болып шығады. Екіншісі бір мезгілде болмыс пен 
бейболмысты бір-бірімен тепе-тең жəне тең емес деп жорамалдау. Бұл екі 
тосқауылдың екеуі де бізді ақиқатқа жеткізбейді. Себебі, бір баста бірін-бірі 
жоққа шығаратын екі тезис болуы мүмкін емес. Сондықтан, не болмыс пен 
бейболмысты тепе-тең деп, немесе олар тең емес деп жорамалдау керек. Ал 
бейболмыстың өзін бар деп санау да қайшылыққа əкеліп соқтырады, себебі 
бейболмыс дегеніміздің өзі – болмыс. Бұл жерде парменид кейінірек аристотель 
ашқан ойлау қабілетінің ең басты заңы – қарама-қайшылық заңын ашуға жақын 
қалды. 
Парменидтің пікірінше, болмыс пен бейболмыс тең емес, басқаша 
айтқанда, болмыс – нақты өмір сүреді де, бейболмыс деген жоқ нəрсе. Осы 
пікірін Парменид дəлелдеуге тырысады. Айта кететін бір жайт – ол, 
Парменидке дейін философтар өз тезистерін дəлелдеуден гөрі, метафорамен 
немесе ұқсастық тəсілін қолдану арқылы (салыстыру арқылы) негіздеуге 


32 
тырысатын, ал Парменид бірінші болып өз тезисінің дұрыстығын дəлелдеуге 
көбірек көңіл бөлді.
Парменидтің ойынша, бейболмыстың болуы мүмкін емес, себебі, оны 
танып-білуге жəне оны сөзбен жеткізуге болмайды. Басқаша айтқанда, нақты 
өмір сүрмейтін нəрсені (бейболмысты) түсінуге де, ойлауға да болмайды. Енді 
бұл дəлелдің өзін дəлелдеу қажет. Осыдан келіп, парменид болмыс пен 
ойлаудың арақатынасын қарастырады. Оның пікірінше, болмыс пен ойлау 
процесс ретінде де, олардың жемісі ретінде де тепе-тең. Бұл тезисті, заттар мен 
ойлауды өз алдына жеке өмір сүретін құбылыстар екенін мойындай отырып, ой 
– затталынған (яғни, материалданған – ойдың бір затты ойлауға бағытталуы) 
кезде ғана ой болады деп түсінуге, ал зат – тек ойланылған кезде ғана зат 
болады деп түсінуге болатын сияқты. Осыдан келіп, парменид: егер бейболмыс 
нақты бар деген ой бар болатын болса, онда осы ойда ойланылатын 
бейболмыстың бар болғандығы, бірақ ол бейболмыс күйінде емес, болмыс 
күйінде өмір сүргендіктен осыған дейін бейболмыс туралы ойланған 
ойымыздың бəрі болмыс туралы ой болып шығады. 
Бейболмыс болмағандықтан, болмыс жалқы, біртұтас жəне қозғалмайды. 
Болмыстың өткен кезеңі де, болашағы да жоқ, ол өзгермейді. Сөйтіп, Парменид 
болмысты қалыптасудан, жалқыны – көптүрліліктен бөліп алып, нағыз ақиқат 
дегеніміз осы дейді. Әлемнің физикалық қасиеттеріне тоқтала келіп, ол от 
(жарық) пен жердің (тұңғиық, қараңғы) ара қатынасын қарастырады. Афродита 
космостың орталығында тұрады да, əлемді сол жерден басқарады. Мысалы, ол 
жандардың қозғалысын реттеп, бірде оларды көрінетін əлемнен көрінбейтін 
əлемге жіберсе, енді керісінше жібереді. Бұл жерде көрінетін жəне көрінбейтін 
əлемді болмыс жəне бейболмыспен салыстыруға болмайды, себебі, бұл екеуі де 
əлемнің бөлшектері ғана. Эросты алсақ, ол қарама-қарсылықтарды біріктіріп, 
бір-бірімен байланыстырады (мысалы, жарық пен қараңғы түнекті, жер мен 
отты, еркек пен əйелді т.б.). 
Параменидтің ілімін əрі қарай жалғаструшы, оның шəкірті, элеаттар 
мектебінің көрнекті өкілі – Зенон (шамамен б.д.д. 490-430 жж.) болды. Негізгі 
еңбектері: “Философтарға қарсы”, “Табиғат туралы”. Бұл еңбектері толық 
сақталмаған, бізге тек фрагмент күйінде ғана жеткен. Зенон Парменидтің 
болмысын дəлелдеуге тырысады. Егер Парменид өз дəлелін болмыстан аяқтаса,
Зенон, керісінше, өз дəлелін көзге көрінетін, ақиқатқа жатпайтын əлемнен 
бастап, болмыс əлемін қарастырумен аяқтайды. Оның пікірінше, физикалық 
əлем қарама-қарсылыққа толы, сол себепті ол ақиқатқа жатпайды, ол нағыз 
біздің түйсінуімізден тыс жатқан əлем, ол – болмыс. 
Бомыстың жалқылығын жəне біртұтастығын Зенон өзінің атышулы тəсілі 
“эпихейрема” арқылы дəлелдемек болады. Бұл тəсілдің мəні – тікелей дəлелдеу 
тəсілінің орнына кері бұрмалап дəлелдеудің негізінде қарсыластарының пікірін 
абсурдтық жағдайға əкелу арқылы, оған өзінің бұрынғы айтқан пікіріне шексіз 
көп заттар өмір сүретін болса, онда олар шындығында қанша болса, тура сонша 
болулары керек (аз да емес, көп те емес). Ал енді олар қанша болса, сонша 
заттар бар болса, онда шексіз көп заттар өмір сүрсе, онда болмыс та сан
жағынан шексіз. 


33 
Екінші эпихейремда былай делінеді: егер болмыс шексіз көп болса, онда 
ол үлкенді-кішілі болып бөлінулер керек. Үлкен болғанда соншалықты шексіз 
үлкен, ал кіші болғанда, соншалықты мөлшерсіз кіші болуы мүмкін. Ал егер 
шексіз көп заттар бөлінбейтін болса, онда олардың мөлшерлері жоқ 
болғандығы. Себебі, ол заттар шексіз кіші. Ал егер олар бөлінбейтін болса, 
онда олар таусылмайтын бөліктерден тұрады да, шексіз үлкен болады. 
Дүниеде бар нəрсенің мөлшері болады, ал мөлшерлі нəрсенің денесі 
болады. Егер бөлшектері жоқ нəрселер – өте мəнсіз құбылыс болса, онда сол 
бөлшектенбейтін жəне өте мəнсіз құбылыс – парменид айтқан біртұтас, жалқы 
болмыс, – деп дəлелдейді Зенон. 
Болмыстың қозғалмайтындығын зенон өзінің “дихотомия” (ортасынан 
қақ бөлу), “ахиллес жəне тасбақа”, “жебе”, “стадион” деген апорияларына 
(шешілмейтін, лажсыз жағдайлар) сүйеніп, дəлелдемек болады. 
“Дихотомия” деген апориясының мазмұны мынадай. Қозғалыс бастала 
алмайды, себебі қозғалыстағы зат жолының аяғына жеткенге дейін, сол жолдың 
жартысын өтуі керек, бірақ сөйтіп шексіз кете береді. Басқаша айтқанда, бір
нүктеден екінші нүктеге жету үшін саны шексіз нүктелерден өтуі керек, ол 
мүмкін емес. Бұл апорияның мағынасы мынада: шексіз кішкентай кескінділер 
нольге ұмтылады, бірақ өшпейді, оған жете алмайды. 
Екінші апорияда желаяқ Ахиллес жайбасар тасбақаға жете алмайды, 
себебі Ахиллес тасбақа қозғалыс бастаған нүктесіне жеткенде, тасбақа өзінің 
жылдамдығы Ахиллестің жылдамдығынан қаншама аз болса да, өз 
жылдамдығына сəйкес жол жүріп, алғашқы нүктеден алыстайды, сөйтіп, 
шексіз кете береді. Мағынасы мынадай: шексіз азая беретін интервал нөлге 
ұмтылады, бірақ оған жете алмайды. 
Үшінші апория бойынша, ұшып келе жатқан жебе тыныштықта болады, 
себебі қозғалыстағы дене əр уақытта да өзіне пара-пар орын алады, басқаша 
айтқанда, сол орында əр моментте тыныштықта болады, сондықтан ол тіпі 
қозғалмайды. Себебі қозғалыс тыныштықтың қосындыларынан тұруы мүмкін 
емес. Төртінші апория да осыған ұқсас. 
Бұл апориядан шығатын қорытынды: Зенон элеаттардың ойлау мен 
болмыстың тепе-теңдігі туралы тезистеріне сүйене отырып, түйсіне алатын 
əлемдегі заттардың қозғалысын емес, тек қана ойлау əлеміндегі қозғалысты 
жоққа шығарады. Басқаша айтқанда, Зенон қозғалыстың бар екенін күмəн 
келтірмейді, бірақ сол қозғалысты ақыл-ой арқылы бейнелеу қайшылықты 
сипатта болғандықтан, қозғалыс туралы сезім мүшелері берген мəліметтердің 
ақиқаттығына күмəнданады. 
Зенонның қойған біртұтастық пен шексіз көптік, қозғалыс пен 
тыныштық сияқты мəселері ғасырлар бойы талай ғұламаларды ойландырып, 
олардың философиялық ізденістеріне ой түрткі болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет