Лекция №9 апта Энтропия Лекция жоспары


Әлеуметтік жүйедегі синергетикалық ұғымдар



Pdf көрінісі
бет11/11
Дата17.09.2024
өлшемі0.98 Mb.
#503727
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
865 ЛекцияДОТ-ОИС 2

Әлеуметтік жүйедегі синергетикалық ұғымдар
Аттрактор – жүйенің, оған жеткен соң қайтадан бұрынғы жағдайына қайта келе 
алмайтын, шектік жағдайы. Мұны әлеуметтік жүйенің жаңа сапалық күйге кӛшуі ретінде 
түсіндіруге болады. Мысалы, білім беру субъектілерінің ӛз қызметінің нәтижелеріне 
қанағаттанбауы оны шығармашылық ізденіске талпындырып, нәтижесінде олардың 
педагогикалық мәдениеті мен кәсіби мүмкіндіктері жаңа сапалық деңгейге кӛтеріледі.
Бифуркация – ашық сызықтық емес жүйенің даму эволюциясы жолдарының 
тармақталуы. Әлеуметтік саладағы бифуркация – ескі сапаның белгілі бір жаңа 
сапалардың шексіз жиынтығына тармақталуы. Бұл білім беру мекемелері мен 
педагогтардың ӛзін-ӛзі ұйымдастыру үрдісіне стохастикалық (әр мағыналы) сипат береді.
Детектор – тезаурус ішінен белгілі бір бифуркациялық құрылымды таңдап алу 
арқылы оны мүмкін жағдайдан нақты жағдайға айналдыру. Мұны педагогикалық 
технологияларды таңдаудағы түйінді мәселелер арқылы түсіндіруге болады.
Диссипативтік құрылым – жүйеде оны тепе-теңдіктен шығарып жібергенде пайда 
болатын жаңа құрылым (И.Р.Пригожин). Диссипативтік жүйе – қозғалыс барысында 
толық энергиясы кеми отырып, басқа энергияға айналатын механикалық жүйелер. Ал 
әлеуметтік салада бұған мысал ретінде жүйенің сыртқы ретсіздікті күшейте отырып, ішкі 
реттілігін сақтап қалуға ұмтылысын айтуға болады.
Келісім қағидасы – адамның немесе әлеуметтік жүйенің ӛзара қарым-қатынас пен 
диалог негізінде қалыптасуы. Француз ғалымдарының айтуынша, ӛзгенің білімімен 
шыңдалмаған білім – білім емес.
Қалыптасу қағидасы – негізгі форманың тыныштық пен жетілгендік емес, 
керісінше қозғалыс пен жетілмегендік екендігі. Қалыптасу ӛзінің екі қарама-қарсы шектік 
нүктесі арқылы айқындалады: хаос – күрделілік пен кездейсоқтықтың және бұзылу мен 
түзілудің негізі, реттілік – қарапайымдылық пен қажеттіліктің және сұлулық пен 
үйлесімділіктің негізі.


Хаостың теориясы – белгілі бір жағдайда хаосқа (динамикалық хаос, 
детерминирлік хаос) түсетін, сызықты емес динамикалық жүйенің күйін сипаттайтын
математикалық аппарат. Қарастырылып отырған құбылысты теориялық тұрғыда 
айқындап анықтау үшін, хаосты зерттейтін математика саласын келесідей атаймыз: 
динамикалық хаос теориясы.
Бұл жүйелерге мысал ретінде, атмосферадағы құбылыстар, ағындардың 
турбуленттілігі, жүрек аритмиінің кейбір түрлері, биологиялық популяциялар, қоғамды 
және оның бӛліктерін: экономикалық, саяси, психологиялық (тарихи-мәдени және 
интермәдени) және басқа әлеуметтік жүйелердің коммуникациялық жүйелері ретінде 
қарастырылуы. Оарды зерттеу, рекуренттік қатынастарын анықтау, аналитикалық 
талдаулардан ӛткізу мәселелерін шешу, олардың математикалық моделін құрудан 
басталады, Хаостың теориясын зерттегенде байқағанымыз, күрделі жүйелердің сипатын 
математикалық моделдегенде, ол бастапқы шарттарға ӛте сезімтал тәуелді екенін кӛреміз, 
яғни, болар-болмас оның ӛзгеруі болжамға келмейтін салдарларға соқтырады. 
Хаотикалық сипаттағы математикалық жүйелер детерминирлі болады, яғни, әлдебір 
заңдылыққа қатаң бағынады, белгілі бір мағынада реттелген. «хаос» сӛзіне бұлай 
интерпретация берілуі, оның әдеттегі қолданыстағы мағынасынан бӛлектеу. Физика 
ғылымының жекелей бӛлімдері – кванттық хаос теориясы – детерминирленбеген 
кванттық механика заңдарына бағынған жүйелерді, зерттейді. Хаотикалық сипатта 
сұрыпталған динамикалық жүйенің келесідей қасиеттері болуы керек: 1. Ол бастапқы 
шартқа ӛте сезімтал болуы керек. 2. Оның топологиялық араластық қасиеті болуы керек. 
3. Оның периодты орбитасы барлық жерде тығыз болуы қажет. Хаостың туындауының 
дәлірек математикалық шарттары тӛмендегідей болады: жүйенің сипаты сызықты емес 
болуы, глобалды тұрақты, бірақ ең болмағанда тербеліс түрдегі тұрақсыздықтың бір 
нүктесі болып, жүйенің размері 1,5 – тен кем болмағаны дұрыс. Сызықты жүйелер 
ешқашан хаотикалы бола алмайды. Динамикалық жүйелер хаотикалы болуы үшін, ол 
сызықты емес болуы қажет. ПуанкареБендиксон теоремасы бойынша, үзіксіз 
динамикалық жүйелер жазықтықта хаотикалы бола алмайды. Үзіксіз жүйелер ішінде 
хаотикалық сипат, тек, жазық емес кеңістік жүйелері (ең болмағанда үш ӛлшемді немесе 
евклидті емес геометрия болуы міндетті). Бірақ, дискретті динамикалық жүйе белгілі бір 
кезеңде, бір немесе екі ӛлшемді кеңістікте хаотикалық сипатта болады. Бұл жүйелердің 
бастапқы шартқа сезімталдығы, алғашқыда барлық нүктелер бір-біріне жақын орналасып, 
уақыт ӛте ӛз ара қашықтау траекториясы тым алшақтай бастайды. Сондықтан, ағымдағы 
траекторияның еркін түрде шамалы ӛзгеруі, оның келешектегі сипатының кең кӛлемде 
ӛзгеруіне соқтырады. Айтылып отырған, екі қасиет бастапқы шартқа сезімталдығының 
кӛрсеткіші болады (альтернативі, хаосты анықтаудың әлсіз түрі жоғарыда келтірілген 
тізімдегі бірінші екі қасиетті қолданылуы).
Синергетика – грек тілінен аударғанда бірлескен әрекет энергиясы, синергия – 
бірлескен әрекет. Әлеуметтік салада синергетика қоғамның негізі ретінде адам ӛмірінің 
барлық саласындағы бірлесе еңбек ету түрінде қарастырылады.
  
Бақылау сұрақтары
1. 
Аттрактор дегеніміз не?
2. 
Бифуркация
3. 
Детектор
4. 
Синергетика ұғымы
5. 
Хаос теориясы
  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет