Тәрбие негізі – ҚҰндылық


«Киіз үй» тақырыбында кіріктірілген жоба



Pdf көрінісі
бет32/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

 
«Киіз үй» тақырыбында кіріктірілген жоба
4-сынып. 
«Мәдени 
мұра» 
ортақ 
тақырыбы 
аясында 
ұйымдастырылады. 
Жобаның 1-кезеңі: ақпарат алу және таныстыру. 


69 
Қазақ тілі сабағын Қуат Асқаровтың «Киіз үй» картинасы бойынша 
жұмыспен бастау ұсынылады. 
«Зерттеуші журналын» толтыру. 
Егер де сен суретте бейнеленген 
жерде тұрсаң, не көрер едің? 
Қандай дыбыстар естір едің? 
Қандай иісті сезуің мүмкін? 
Нені сипап көрер едің? 
«Зерттеуші журналы» негізінде 
шағын топта ақпарат алмасу. Киіз үй 
бөліктерін атау және киіз үйді тігу
тәсілін болжау. Түрлі аутентті 
материалдар негізінде 
(
https://www.youtube.com/watch?v=Ms_a7KpZeL8
) киіз үй тігу туралы 
ақпарат алу. Алынған ақпаратты кестеге түсіру.
Киіз үйді құрудың нұсқаулығын құрастыру. Нұсқаудың түсінікті 
болуын қадағалау.
Дамытушы сұрақтар: 
Ата-бабаларымыз неліктен киіз үйде тұрған? 
Киіз үй қандай материалдан жасалады? Неліктен? 
Киіз үйдің 3 артықшылығын ата.
Киіз үйді тағы қандай мақсатта қолдануға болады? 
Әдебиеттік оқу сабағында үйге қатысты тыйым сөздерді зерделеу. 
Мағынасын қалай түсінетінін үлгі бойынша айту: «Менің ойымша, ... ұят 
болады.», «Менің ойымша, ... жаман болады.» 
«Босағаға отырма. Босағаны керме. Босағаға сүйенбе. 
Босағаны құшақтама. Есікті керме. Есікті теппе. Есікті аяғыңмен 
жаппа. Жер-ошақтан аттама. Табалдырыққа отырма, басың 
кішірейеді. Үй айнала жүгірме. Үйді айналма. Үйге жүгіріп кірме. Үйде 


70 
отырған қонақтарды санама. Үйге сыртыңмен кірме. Үйде ысқырма. 
Үйді сабама. 
Үйдің босағасына сүйеніп тұрма, жалынышты боласың. 
Үй есігін аяғыңмен түртіп ашпа, кемтар боласың [8]».
Шығармашылық жұмыс: тыйым сөздер негізінде кіші бауырына 
немесе кіші сынып оқушыларына хат жазу.
АКТ және оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту: киіз үй туралы 
энциклопедиялардан ақпарат жинау, өлеңдер тауып, мәнерлеп оқу және 
талдау жұмыстарын ұйымдастыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет