1. Сұрақ Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары


Демокриттің атомистік ілімі



Pdf көрінісі
бет10/53
Дата22.09.2024
өлшемі0.79 Mb.
#503868
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53
философия сессия

13.Демокриттің атомистік ілімі 
Демокриттің ілімінше, дүниенің бастамасы – атомдар (шын болмыс)және бос 
кеңістік (бейболмыс). Болмыс – сансыз көп ұсақ бөлшектердің жиынтығы. 
Атомдардың негізгі қасиеті: мәңгі, бөлінбейді, өзіне- өзі тең, қозғалмайды. 
Бұл қасиеттер атомдардың ішкі мәні. Ал олардың сыртқы қасиеттеріне 
өзіндік пішін, түрлерінің және көлемінің болуы жатады. Атомдар бұрыш, 
шар, қармақ, оймақ, т.б. тәріздес болады. Атомдар бос кеңістік болып 
тұрады.Атомдар бос кеңістікте өз табиғатына тән үздіксіз қозғалыста болады, 
бір-бірімен соқтығысқанда өздерінің қозғалыс бағыттарын өзгертеді. 
Атомдарды бояу түрлері, иіс дыбыс т.б. сияқты сезімдік қасиеттер жоқ. Бұл 
қасиеттер атомдар түйсітерімен кездескенде ғана пайда болады. Демокрит-
алғашқылардың бірі болып сезімдік қасиеттердің субъективті түрде 
болатындығын айтқан ойшыл.
Тіршіліктің шығуы Демокрит табиғи заңдылықтардың салдары деп 
түсіндіреді. Бұл жерде ешқандай да жоғары күштердің әсері жоқ. Барлық 
тіршілік иелері, оның ішінде өсімдіктердің де жандары бар. Жандар шыққан 
қайнар көз бар тіршілікті тудырған-жылылық. Жандар әр түрлі болады. 
Космостық жаны жоғары деңгейде емес одан гөрі жануарлардың жаны 
жылылықты көбірек қабылдағандықтан әлде қайда жоғарырақ. Ал адамның 
жаны болса, ол ең жоғары сатыда тұр, себебі, онда жылумен қоса от та бар. 
Демокриттің іліміне ақылды жан – «сана» ұғымы мен синонимдес ұғым. 
өмір сүрудің қажетті жағдайы – дем алу. Жан атомдары дем алу арқылы 
қоршаған ортадан өздеріне керекті от атомдарын қабылдаса, дем 
шығарғанда, жанның кейбір атомдары денеден шығады, оның толық шығып 
кетпеуіне қайтадан алған дем кедергі болады. Дем алмай, тек дем 
шығарылса, онда дене өледі, себебі жан атомдары денеден толығымен 
шығады. Днеден шыққан жан атомдары ауада шашырап кетеді сөйтіп 
денемен бірге жан жа өледі. Демокрит қоғамның дамуы және мемлекет 
мәселелері туралы пікірлер айтқан. Адмдар аңға ұқсас кезінде аңдар сияқты 
өмір кешті, ал аң сияқты қалыптан мұқтаждықтың арқасында өркениетке 
өткенде, олар бір-біріне көмектесіп, бір жерде жинақталып, үңгірлерде, 
ағаштың қуысында өмір сүрді. Бұл кезде олар патшасыз, әскербасыларсыз, 
бір-бірмен соғыспай, ұрлықсыз, қарапйым да, еркін өмір кешті. Кейінірек 
келе отты пайдалана алатын болды, қулық – сұмдықтар да көбейді, осымен 
қатар өнер де пайда болды. Осы айтқан жағдайға адамдарды мұқтаждық пен 
өздерінің тәжірибелері жеткізді. Адамдар әлім сақта сөйлей алмайтын-ды. 
Адамдардың бір-бірімен араласып қарым-қатынасқа түсуінің арқасында 
түсініксіз дыбыс шығарудың орнына сөз арқылы қатынас орнады. Сөйтіп, тіл 
пайда болды. Тіл көп турлі болып, адамдардың тұрған ортасына қарай 
қалыптасты. Дін де тіл сияқты тарихи құбылыс. Алғашқы кезде дін 


болмаған. Діннің шығуына себеп болған – адамдардың табиғаттың дүлей 
күштерінің себебін білмей қорыққандығы. Құдай деп жүргеніміз шын 
мәнінде құдай емес, тек олар туралы қалыптасқан бейнелер ғана. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет