тығыз байланысы нақтылы мысалдармен баяндалған. Дулат философиялық
антропологияның басты мәселесінің бірі күнә ұғымына сол заман
ойшылдары еңбектеріне сүйеніп, талдау жасаған. Асан Қайғыдан басталған
жыраулар легі (Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа,
Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырау, т.б.) қазақ
қауымында хандық мемлекет
жойылғанша болды. Хандық жойылған соң жыраулар дәстүрі жалғаспай
қалды. Қазақ ақын-жырауларының шығармалары көшпелі болмысты, ата-
қоныс, адам, қоғам, сол кездегі әлеум. жағдайларға, батырлық, көркемдік,
адамгершілік, өмір мәселелеріне байланысты бола тұра, терең мағыналы
философиялық ойларға толы. Қазақ поэзиясындағы философиялық
бағыттың
негізін салушылардың бірі – Шалкиіз жырау Тіленшіұлының шығармасында
философиялық ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Жырау дүниеде
тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ деп тұжырымдайды. Ақтамберді Сарыұлы
өз жыр-толғауларында елді ерлікке, бірлікке шақырады. Оның жырларынан
қазақ халқының ой-арманы, мақсат-мүдделері, олардың бар болмысы,
ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылады. 18 ғасыр жыраулары
ішіндегі аса көрнекті тұлға – Бұқар жырау Қалқаманұлы да дүниедегінің
барлығы өзгеріске ұшырап отыратындығын атап көрсетеді. Шығыстық
ойлау
жүйесі хакімдік діни философияны теріске шығармаған. Мыс, Қожа Ахмет
Йасауидің сопылық ілімі ұлттық
ойлау мәдениетіне нық еніп, оның
қалыптасуының бір рухани негізі болды. Қазақ тіліндегі ақыл, парасат, тәуба,
қанағат, шүкіршілік, хал, амал, сыр, шапағат, т.б. көптеген сөздер – сопылық
дүниетанымның ұғымдары мен түсініктері.
Достарыңызбен бөлісу: