29.Жаһандану және экология Бүгінгі күнгі жаһандану заманында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз
ету тұрғысынан Шығыс пен Батыстың жақындасуы Еуразия құрлығы
мемлекеттерінің дүниеге деген қатынасы мен интеграциясы іспетті аса
тарихи қажеттілікке айналуда. Жаһандану заманында адам мен табиғат,
техника мен адамгершілік, ислам мен христиандық, ұлттық пен
жалпыадамзаттық құндылықтар арасындағы теңсіздік аса зор әлемдік
күйреуге, барлық адамзаттың жойылуына апарып соқтыруы ықтимал.
«Мәңгілік ел» идеясы. «Рухани жаңғыру» жобасы – ХХІ ғ Қазақстан дамуы
болашағын айқындайтын маңызды құжат.
Қазақстанның бірінші жаңғыруы 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан
шығып, өз жолымызды дербес мемлекет ретінде бастағанымыздан басталған
болатын.
Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және
жаңа елорда – Астананың салынуымен басталды. Үшінші жаңғыру
Елбасының»Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен жалғасын
табуда. Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен бұл еңбек-бағдарламалық
құжат.
Экология терминін ғылымға енгізген адам Эрнст Геккель болып саналады
(1866).
Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19
ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген
факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы
мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз ұстасқан, біртұтас
құрылымдық бірлік түзетін азғалар қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы
ұғым да осы кезде қалыптаса бастады (К.Мәбиус, 1877; С.Форбс, 1887).
Қазіргі жалпы экологияның негізгі зерттеу нысандары жоғары биологиялық
жүйелер (популяциялар, биоценоздар, экожүйелер, биосфера) және олардың
уақыт пен кеңістік аралығындағы өзгерістеріне байланысты түрлі
міндеттерді қамтиды.
Олар:
1) организмдердің әр түрлі топтарының (популяциялардың, түрлердің және
т.б.) сыртқы орта факторларымен өзара қарым-қатынастарын және олардың
тіршілік ортасына әсер ету заңдылықтарын зерттеу;
2) биоценоздардағы көптеген түрлер популяцияларының бір-бірімен
байланыс заңдылықтарын зерттеп анықтау;
3) тіршілік ортасы мен популяциядағы дара сандарының бір-біріне
тәуелділігін зерттеу;
4) популяциялардағы тіршілік үшін күрес заңдылықтары мен табиғи
сұрыпталу бағыттарын зерттеу;
5) орта жағдайларының организмдерге және олардың популяциялық жеке
топтарына әсерін зерттеу;
6) адамның табиғатты тиімді пайдалану жолдарын және орта жағдайларына
антропогендік факторлардың әсер етуін алдын ала болжауға байланысты
зерттеулер жүргізу;
7) ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресу үшін биологиялық әдістердің
тиімді тәсілдерін анықтап, қолданысқа енгізу;
8) өндіріс процестеріне жаңа қалдықсыз технология тәсілдерін кеңінен
енгізуге арналған зерттеулер жүргізу.