көлеңкелі жақтарын білдірсе, “ян” сөзінің мағынасы аталған объектілердің
жарық жағын білдіреді. Жалпылама түрде
айтқанда, ежелгі қытай
философиясында инь мен ян ұғымдары әлемнің дуалистік сипатын
бейнелейді. Яғни, әлемнің бүкіл заттары мен құбылыстарын екі қарама-қарсы
топтарға жіктеуге болады:“Инь” мен “Ян” екеуінің дуализмі мен
өзара әсері
бүкіл әлемдік құбылыстардың мәнін айқындайды. Мұндай қызметті олар
адамның өмірі мен парасатты іс-әрәкетіне де, таным процесіне де
байланысты атқарады. Инь және ян бүкіл әлемдік
хаосты реттеуші бастау
болып табылады. Инь, ян ілімін Ұлы жалпы заң деп атайды. Ауысу, өзгеру
және толықтыру құбылыстары инь мен янның өзара қатынасқа түсуі
нәтижесінде жүзеге асып жатады. Инь, ян ұғымдары жаhандағының бәрі екі
қарама-қарсы жақтардан құралғанын бейнелейді, шексіз екі қарама-қарсы
жақтар бар. Дүние шексіз, инь, ян бір-бірінсіз өмір сүрмейді.
Инь мен янның өзара байланыстарын, қатынастарын, мызғылмас
бірлігін
тайцзы (ұлы шек) ұғымы көрсетеді. Ол графикалық түрде монема арқылы
көрініс табады. Аталмыш монеманың мағынасын былай сипаттауға болады:
Шеңбер шексіз әлемнің символы болып табылады.
Қара (инь) мен ақ (ян) әлемнің екі қарама-қарсы жақтарын білдіреді.
Инь мен ян мызғымас бірлікті құрайды: әр
янда аз мөлшерде инь болады, әр
иньде аз мөлшерде ян болады.
Ян өз шегіне жетіп иньға өтеді, ал инь өз шегіне жетіп янға өтеді.Сонымен,
ежелгі қытай философиясындағы инь мен ян
туралы ілім әлемнің бірлігін,
дуализмін және ұдайы өзгерістерде болатындығын бейнелейді.Тянься –
(орысша «Поднебесная»), «Кекасты», Қытай елінің, мемле-кетінің синонимі,
қытайлықтар өздерін қазірге дейін осылай атайды. Көк немесе Аспан ұғымы
Қытай философиясында жер бетіндегі барлық бар нәрсенің алғашқы негізі
және
алғашқы себебі, ең құдіретті күш. Адамдардың тағдыры мен өмірін де,
мемлекет істері мен табиғат құбылыстарын да анықтаушы және реттеуші
Көк, ал мемлекетті билеуші оның жердегі өкілі, сондықтан да
әрбір адам
Көкке табынуға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: