1. Сұрақ Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары


Ортағасырлық ойлаудан ренессенка өту Э.Роттердамский,М.Монтень



Pdf көрінісі
бет33/53
Дата22.09.2024
өлшемі0.79 Mb.
#503868
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53
философия сессия

 
40.Ортағасырлық ойлаудан ренессенка өту Э.Роттердамский,М.Монтень 
.Роттердамский ХVІ-ХVІІ ғғ. ойшылдарының ілімдеріне, әсіресе, 
француздың философ-гуманисі Мишель Монтеньге (1533-1592) мықты әсер 
етті. Негізгі шығармасы – «Тәжірибелер» (1580). Бұл абстрактылы- 
философиялық еңбек емес, адамға күнделікті қажет, практикалық туынды. 
Монтеньді Аристотель мен Платон философиясы қызықтырмайды 
Аристотельді ол тіпті «схоластикалық ғылымның құдайы» деп атайды 
негізінен скептиктерді жоғары бағалайды. Адамды табиғаттың бөлшегі 
ретінде қарастырған Монтень күнделікті болмыс, күйбең тіршілікті (адам- 
ның киім кию мәнері, өзін қоғамдық жерде ұстай білу өнері, балала тәрбиесі 
және тағы басқаларды суреттей отырып, философияны өмірме салыстырып 
байқайды, өмірге қатысы жоқ, бос, көпірме пікірталастарға әуестігі үшін 
философияны сынға алады:_ «менің ойымша, философияның бізге парасат 
пен ақымақтықтың, қаталдық пен кешірімділіктің, адалдық пен арамдықтың 
бірлігі табиғатқа жат, қарсы деп үйретуі баланы ойыны секілді». 
41.Үнді философиясындағы Карма, Нирвана ұғымдарының мәні. 
Үнді философиясының басқа бағыттары сияқты буддизм де өлі материяның, 
органикалық дүниенің және жанды дүние элементтерінің арасында себептілік 
бар екендігін мойындайды және соңғы себептілікті ерекше бөліп көрсетеді 
(карма теориясы). Буддистер карманы адамның өмірін ең басты бақылаушы 
деп есептемегенімен, адамдарды карманың бар екендігін ұмытпауға 
шақырады, сол арқылы ізгілікке жетелейді. Адамгершіліктік ластану 
ағынның барлық элементтерін кірлетеді, сондықтан оны бірте-бірте жойып, 
мүлдем тазару жолымен нирванаға жетуге болады. Нирвана — адамдардың 
көпшілігі үстіртін түсініп жүргендей жәй ғана рахатқа бөлену емес
зұлымдық пен нәпсіні тыю жолымен жансыз, сезімсіз абсолютке айналу, 
сананы өшіру, бір сөзбен айтқанда, абсолюттік тыныш күйге жету. Буддизм 
нирванаға жетуге көмектесетін белсенді әрекет жасау емес, көп ойлап, 
пайымдауға негізделген медитаңия – йога деп көрсетеді. Тұлға элементтер 
мен сана ағынынан тұрады, ал элементтердің арасында адамның өз ойларын 
бір нүктеге жинақтау қабілеті — йога аса құнды. Буддизм бұл қабілет әр 
адамның бойында бар, мәселе оны дамыта білуде деп есептейді, яғни, көп 
нәрсе адамның өзіне байланысты. Осы факторды ерекше атап көрсету керек, 
себебі буддизм адамның жетілуі оның өз қолында, адам бейнет-қасіреттен өз 
күшімен,. сыртқы күштердің, қоғамның әсерінсіз, өзіндік моральдық және 
интеллектуальдік жетілудің негізінде құтылуға қабілетті деп пайымдайды. 
Нирвана теориясы адам рухының еркіндігінің, оның материалдық дүниеден, 
қоғамдағы касталарға бөлінуден тәуелсіздігінің жақсы дәлелі. Осы себепті 
Будда философиясы өзінен кейінгі көптеген философиялық ағымдарға, 
әсіресе Батыс философиясына қатты әсер етті, ал буддизм діні әлемде қазіргі 
кезде де кең тарап отыр. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет