жеткізген әрбір жан джива деп аталады. Ежелгі мәтіндерде жайнизм көбінесе
Джайн Дхарма және Шраман Дхармамен теңестіріледі. Қазіргі әлемде
жайнизм Үндістандағы 5–6 миллион адамнан тұратын шағын, бірақ ықпалды
діни қауымдастықпен Солтүстік
Америкада, Батыс Еуропада, Қиыр
Шығыста, Австралияда және т.б. дамып келе
жатқан иммигранттар
қауымдастығымен ұсынылған.
46.Фейербахтың антропологиялық философиясы
Людвиг Андреас фон Фейербах (нем. Ludwig Andreas von Feuerbach;
28.7.1804, Ландсхут, Бавария – 13.9.1872, Рехенберг) — классикалық неміс
философиясының ірі өкілі. Неміс материалист философы және атеисі.
Алғашқыда Г.В. Гегель идеализмінің ықпалында болып, кейіннен жалпы
дінге және христиан дінінің қағидаларына қарсылықпен, материалистік
көзқарастарымен белгілі болды. Фейербах Гегель диалектикасының
идеалистік сипатын аша отырып, оны сынап, идеализмнен бас тартады.
Фейербах философиясының негізгі мазмұны материализмді қуаттау. Адам
мәселесінде Фейербах адамды жай ғана биол. тіршілік иесі деп қарады.
Таным теориясында эмпризм
мен сенсуализмді жақтады, агностизмге қарсы
шықты. Фейербах материализмі марксизм философиясының материалистік
көзқарастарына негіз болды.
Достарыңызбен бөлісу: