1. Сұрақ Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары


Үүндінің буддизм философиясы



Pdf көрінісі
бет39/53
Дата22.09.2024
өлшемі0.79 Mb.
#503868
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53
философия сессия

48.Үүндінің буддизм философиясы 
Үнді пәлсапасы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің 
(малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, 
алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам 
мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің 
басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы 
ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді. Ежелгі Үндістан 
қоғамының әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға 
болады: 
Варналар - топтар Варналардың өкілдері 
Брахмандар Абыздық варна 
Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналары 
Вайшьялар Егінші-варналар 
Шудралар Төменгі варна 
Варналарға бөліну дінмен ерекше қасиетті сипатқа келтірілді. Текті абыздық 
жанұялар қоғамға айтарлықтай ықпал етті және білімділік пен арнайы 
білімдерді иеленушілер болды, діни идеологияның дамуына ықпал етті. 
Варналардың тіршілік етуі (варналарға бөліну) құрбандық шалу 
формулаларымен, атаулармен, дұғалармен сакрализацияланған еді. Ежелгі 
үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II 
және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби 
ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді 
қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық 
ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды. «Веда» сөзі санскриттен 
аударғанда «білім» деген мағынаны береді. Бірақ бұл жай білім емес, ерекше 
білім. Ведалар әнұрандардан, дұғалардан, дуалардан, құрбандық шалу 
формулаларынан тұрады. Ведалардың образдық көркем тілімен аса ежелгі 
діни дүниетаным, адамның өмірі және адамгершілік туралы алғашқы 
философиялық түсінігі берілген. Ведалар құрамына мына бөлімдер кірді: 
49.Ибн-Сина философиясы 
Әбу Әли ибн Сина философиясы метафизика, гносеология және логика 
салалары бойынша шығыс аристотелизмі дәстүрін, бір жағынан 
неоплатонизмнің онтологиялық концепцияларын дамытады. 
Әбу Әли ибн Сина пікірінше, тек құдай ғана абсолютті тіршілікке ие, 
қалғандардың бәрі де өздігінше тек мүмкін нәрселер ғана, олардың болмысқа 
енуі тек құдайдың құдіретімен болатын жәйт. 


Әйтсе де құдай жаратқан табиғат уақыт пен кеңістік ішінде бола тұрып, 
эманациялар иерархиясы арқылы мұнан әрі өзіндік қозғалыс принципі 
бойынша дамиды. 
Әбу Әли ибн Синаның әлеуметтік ілімінде әділетсіз қоғамға қарсы қарулы 
көтерілістер жасауға дейін баруға болатыны туралы ой бөлекше есте 
қалады.Әбу Әли Хусейн ибн Абдуллах ибн Әл-Хасан ибн Әли ибн Сина 
(парсы: و با لعی سحین ن ب الله دب ع ن ب سیا ن), батыс елдерінде Авиценна 
атымен белгілі — ғалым, пәлсапашы, астроном. Толық аты-жөні Абу Али 
Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна 
деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра 
қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456-ға жуық еңбек жазды, 
бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен 
философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің 
барлық саласына арналған. 
Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол 
бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037), оның өмірі мен дарыны осы 
уақытқа дейін аңызға айналып келеді.Ибн Сина 980 жылы 16 тамызда Бұхара 
маңындағы Афшана ауылында дүниеге келген. Оның өзі жазған (ол оның 
алғашқы 30 жылын қамтиды) және оның шәкірті Джурджани жалғастырған 
өмірбаяны сақталған. Өзінің шыққан тегі туралы Ибн Сина былай деп 
жазады: «Менің әкем Балхадан, Нуха ибн Мансураның билік жасаған 
саманидасы кезінде Бұхараға көшіп келіп, онда төрелер кеңесінде жұмыс 
істеді. Оның қарамағына Бұхара өңіріндегі ауданның орталығы 
Хармайсананы береді. Афшанға жақын ауылдан, менің анам Ситара – 
жұлдызды өзіне әйел етіп алды. Онда алдымен мен, содан кейін менің інім 
дүниеге келді». 
Т
әжік дәрігері әрі философы Әбу Әли ибн Синаның «Анатомия мен 
физиологияға кіріспе», «Дәрігерлік ғылымның ережелері» («Канон 
врачебной науки») еңбектері өте құнды. Бұл еңбектерінде анатомия мен 
физиологияны жүйелеп, қосымша мәліметтермен толықтырған. Кітап латын 
тіліне аударылып, 30-дан астам рет қайта басылып шыққан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет