1. Сұрақ Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары


Неміс классикалық философиясының ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет46/53
Дата22.09.2024
өлшемі0.79 Mb.
#503868
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53
философия сессия

61.Неміс классикалық философиясының ерекшелігі 
Жаңа дәуірден бастап дамыған қоғамның өндірістік қатынастары XVIII 
ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында Батыс Еуропа елдеріне көптеген 
өзгерістер мен жаңалықтар ала келді. Ғылымы, өндірісі мен техникасы 
жоғары дәрежеде дамыған Англия сол кездегі елдердің алдыңғы қатарына 
шықты. Капиталистік даму процесі біртіндеп еніп, елдегі әлеуметтік 
жіктелуді күшейте бастағандықтан, Францияда жаңадан көптеген саяси 
ілімдер мен көзқарастар туды. Соның негізінде революциялық идеялар белең 
алып, мұның ақыры саяси төңкерістерге алып келді. Ал осы кездегі Германия 
үшін капиталистік қарым-қатынастың кеңінен дамуы болашақтың ісі сияқты 
еді. Өйткені неміс жерінде бытыраңқы, ұсақ (үш жүзге тарта) мемлекеттер 
пайда болып, олардың арасында шиеленіскен соғыстар жүріп жатқандықтан, 
жалпы елдің экономикасы мен саяси дамуы кенжелеп қалды.\r\n\r\nАлайда, 
Германияда осы кезде ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер ерекше дамып
осы салаларда дүние жүзін таң қалдырған ұлы жаңалықтар ашылды. 


Сондықтан неміс ойшылдары Батыс Еуропадағы осы тарихи дамуды басынан 
кешіре отырып, ағылшындар және француздардың мәдени, рухани дамуының 
байлығын бойына сіңіре отырып, жаңа классикалық философияның озық 
үлгілерін берді. Классикалық неміс философиясы бүкіл философия 
тарихындағы мұраны игеріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға 
сүйеніп, сол кездегі қоғамдық дамуды терең талдай отырып, жаңа 
диалектикалық әдістің, таным теориясының, логиканың шығуына түрткі 
болды. Классикалық неміс философиясы ойлау мен болмыстың 
диалектикалық байланысын аша отырып, танымдағы субъектінің рөлін 
айқындады. Сондай-ақ, ойлаудың болмысқа қатынасы арқылы таным 
теориясындағы объекті мен субъектінің диалектикалық арақатынасын ашып, 
теориялық ойлау формасын жаңа сатыға көтеріп, философиялық 
категориялардың атқаратын рөлін көрсетіп берді.\r\n\r\nЖаңа заман 
философиясындағы, әсіресе, оның таным теориясындағы пайым мен зерденің 
бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін 
айқын көріп, соларға ерекше назар аударған классикалық неміс 
философиясының негізін қалаушы, әрі оның атасы – И. Кант (1724-1804) 
болды. Ол өзінің философиясын ең алдымен, бұған дейінгі дәуірде бір-
бірінен алшақ кеткен логика, таным теориясы және диалектика туралы 
проблемаларды жан-жақты талдаудан бастады.\r\n\r\nОл «Таза зердеге сын» 
(1781) деген атақты шығармасында сөзді бұрын ерекше бағаланып, бас иіп 
келген зерденің қазіргі кезеңдегі қайшылыққа ұшырап отырған тағдырынан 
бастайды. Зерде тап болған қайшылықтардың бетін аша отырып, логикаға, 
таным теориясына және диалектикаға тән мәселелердің де шет жағасын 
шығарды.\r\n\r\nИ. Кант өзіне дейінгі ойшылдардың эмпиризм мен 
рационализм саласындағы сыңаржақ кеткен кемшіліктерін көрсете отырып, 
философияда бұрын-соңды болмаған үлкен жаңалық ашты. Ол бұл 
жаңалықты философиядағы коперниктік төңкеріс деп атады. Бұл төңкерістің 
мәні мынада еді: егер Кантқа дейінгі ойшылдар табиғатты зерттей отырып, 
болмысты, материяны философияның негізгі нысанына айналдырса, немістің 
ұлы ойшылы, керісінше, біздің философиялық талдауымыз ойлауға, идеяға, 
ақыл-зердеге, субъектіге бағытталуға тиіс деді. Ал болмыс, материя, объекті 
осы ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағынады және солардан келіп 
шығады деп білді. Мұның өзі Канттың сол уақытқа дейін кеңінен орын алып 
келген таным теориясындағы және философиядағы көзқарасты толығынан 
қайта қарап, жаңа ілімнің, ағымның іргетасын қалағанын көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет