ҚО режимінде: Баға – суммативті (dis.kaznmu (Moodle)/Google Classroom платформаларында
жазбаша түрде/тестілеу).
Тәжірибелік сабақтар үшін тапсырмалар:
1. Келтірілген элементтерді сәйкес топтарға бӛліп жазыңыз (бір элемент бірнеше топқа жатуы
мүмкін): K, Na, P, C, Mn, S, O, I, Mg, Pb, Fe, Ca, H, Hg, Cl.
Органогендер Макроэлементтер Микроэлементтер
Ӛмір
металдары
Улы
элементтер
2. Натрий және хлор атомы мен ионының электрон бұлттарының құрылысын жазыңыз.
Қайсысының радиусы салыстырмалы үлкен болады – атомның әлде ионның? Неліктен?
3. Натрий және калий иондарының радиустарын салыстырыңыз. Қай жағдайда заряд тығыздығы
үлкен болады? Қандай ион кӛбірек гидраттанған болады?
4. Сутектің байланыс түзілуі үшін не қажет? Келесі келтірілгендердің ішінен сутектік байланыс
мүмкін болатын қосылыстарды таңдаңыз және оны салып кӛрсетіңіз HI, H
2
S, H
2
O, HCl, HF, NO
2
,
этанол, диметил эфирі.
5. Таулы мекендерде әдетте тағам ӛнімдерінде иодтың жетіспеушілігі байқалады. Бұл
жетіспеушілік қандай ауруға әкелуі мүмкін? Аурудың бұл түрі қалай аталады? Оның алдын алу
үшін қандай шаралар қолдануға болады?
6. Не себепті стронций ионыя кальций ионының антагонисті болып табылады? Радиоактивті
изотоп стронций-90 адам ағзасына қалай әсер етеді?
7. Галоген иондардың: фтордың, хлордың, бромның, йодтың биологиялық рӛлін сипаттаңыз.
Олардың қосылыстары медицинада қалай қолданылады?
8. Кальцийдің биологиялық рӛлі. Оның жетіспеушілігі мен артықшылығынан туындайтын
аурулар.
9. Қанның осмостық қысымын қандай иондар туындатады? Сүйек тінінің негізін қандай
элементтер құрайды?
ОСӚЖ-ді бақылау: кеңес беру кезеңінде кері байланыс түрінде
№2 сабақ
Химиялық термодинамика элементтері. Химиялық реакцияның ӛздігінен жүру мүмкіндігі
Сабақтың қорытындысы бойынша студент қабілетті болады:
- процестердің энергетикалық сипаттамасын есептеуге
- процестердің ӛздігінен жүру мүмкіндігінің бағытын болжауға
- есептеу үшін қажетті мәндерді табу үшін анықтамаларды қолдануға
Достарыңызбен бөлісу: |