169
есептесуде баспа-бас айырбастау операцияларының деңгейін көрсетеді және
ұйым өнімінің бәсекеге қабілеттілігі мен өтімділік деңгейін көрсетеді, соны-
мен қатар менеджмент деңгейін және ұйымның маркетинг бөлім жұмысының
тиімділігін түсінуге болады. Бұл көрсеткіштің шамасы ұйымның өз берешек-
терін, сонымен қатар бюджет алдындағы міндетті
төлемдерін дер кезінде
орындау мүмкіндігіне едәуір тәуелді болып келеді.
Жұмыскерлердің орташатізімдік саны (Кз).
Бұл көрсеткіш статисти-
калық есептерде берілген жұмыскерлердің орташа тізімдік саны жайлы
мәліметтерге сүйене отырып анық- талады.
Жалпы төлемқабілеттілік дәрежесі (К
4
) несиелік қаражатты (бере-
шекті) (НҚ) орташа айлық табысына (К
1
) бөлу арқылы табылады:
К
4
= НҚ / К
1
Бұл көрсеткіш ұйымның төлемқабілеттілігімен,
несиелік қаражаттың
көлемімен және кредиторлар алдында ұйым берешегін өтеу мезгілімен бай-
ланысты жалпы жағдайды сипаттайды.
Қарыз құрылымы мен ұйымды несиелеу тәсілі «жалпы төлемқабілеттілік
дәрежесі» деген көрсеткіш
банктік несиесі мен қарыздар, басқа ұйымдарға,
қазыналық жүйеге берешектерімен, ішкі қарыздарға бөлінуімен сипатталады.
Қарыздар құрылымның басқа ұйымдардан алынған тауарлы несиеге ауысуы,
мемлекеттің қазыналық жүйесіне салықтарды
төлемеу арқылы жасырын
несиелеудің болуы ұйым қызметін теріс жағынан сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: