177
Инвестициялық жобалардың түрлері мен мазмұны әр түрлі болуы мүмкін
– жаңа ұйымның құрылыс жоспарынан жылжымайтын мүлікті сатып алудың
тиімділігін бағалауға дейін. Бірақ инвестициялауды бастау сәті мен жобаның
табыс әкелу сәті арасында әрдайым уақыт аралығының үйлеспеуі (кідіріс)
болып отырады.
Сонымен
жобаға ақша салмай тұрып, іске асырудың мүмкіншілігін және
тиімділігін айғақтау үшін және техникалық, коммерциялық, әлеуметтік, эко-
логиялық, қаржылық аспектідегі тиімділікті бағалау үшін кешенді сарап-
тауды жүргізу қажет.
Арнайы әдебиеттерде инвестициялық жобалар деңгейі бойынша төмен-
дегідей жіктеледі:
• міндеттілік;
• шұғылдылық;
• байланыстылық.
Міндеттілік деңгейі бойынша инвестициялық жобалар келесіге бөлінеді:
1) міндетті
– орындалуы үшін ереже мен мөлшерді талап етеді. Мысалы,
қоршаған ортаны сақтау бойынша инвестициялық жобалар;
2) міндетті емес – кез-келген міндетті емес даму жобалары. Мысалы,
істен шыққан құрал-жабдықтарды ауыстыру.
Шұғылдылық деңгейі бойынша инвестициялық жобалар келесіге
бөлінеді:
1) шұғыл
– жалпы болашақта мүмкін болмайтын немесе кейінге қал-
дырса өзінің
тартымдылығын жоғалтатындар, мысалы әр түрлі сатып алу-
лар;
2) кейінге қалдыру
- инвестицияның көп түрін кейінге қалдыру болатын-
дар, сонымен бірге тартымдылыгы сәл өзгерсе де бірақ шамалы өзгеретін ин-
вестициялар. Мысалы, тоқтатылған ұңғымалардың қайтадан іске қосылуы.
Байланыстылық деңгейі бойынша инвестициялық жобалар бөлінеді:
1)
баламалы – кейде бір жобаны қабылдау келесі жобаны қарауды істен
шығарып тастайды. Бұл жобаларды фирма ресурстары үшін
бәсекелес деп
атауға болады. Бұл жобалар бір мезгілде бағаланады, бірақ та іске асуы бір
уақытта болмайды. Мысалы, ұйымның осы уақыттағы бар ресурстарын то-
лық сарқылу жобалары: спутник байланысын жасау, жаңа цехты құру және
т.б.
2)
тәуелсіз – қабылдамау немесе біреуін қабылдау басқа жобаны қабыл-
дау шешіміне әсер етпейді. Бұл жобалар жеке бағаланады және бір уақытта
іске асырылуы мүмкін. Мысалы, ұйым құрамындағы екі өзара байланысты
емес бөлімшелерді қайта құру;
3)
өзара байланысты, кейде бір жобаны қабылдау үшін басқасын қабыл-
дауға байланысты болады. Бұл
жобарлар бір жоба деп саналып, бір бірімен
бір уақытта бағаланады, қорытындысында бір шешім қабылданады. Мысалы
ағаш өңдеу цехын құру және кәсіпорындарда
жихаздарды шығару.
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда келесі негізгі мәселе-
лерді шешу қажет:
178
1) жобаның іске асуын бағалау, яғни жобаның барлық нақты қойылған
техникалық,
экологиялық, қаржылық және т.б. шектеулерге сәйкестігін
тексеру;
2) жобаның іске асыру мақсатқа ықтималды сәйкестігін бағалау, оның
абсолюттік тиімділігін, яғни жағдайын тексеру, қажетті шығындардың бар-
лық түрлеріне қарағанда жоба бойынша жалпы нәтижелердің құндылығы
төмен болмауы керек;
3) жобаның салыстырмалы
тиімділігін бағалау, яғни баламамен салы-
стырғанда қаралып отырған жобаның артықшылығын бағалау.
Жобаға ақшалай қаражатдарды инвестициялау шешімін қабылдағанда ке-
лесіні ескеру қажет:
• инфляцияны;
• тәуекелдікті, беймәлімділікті;
• ақша қаражаттарын баламалы пайдалану мүмкіншіліктерін.
Иинвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау кезеңдері:
I кезең. Инвестициялық жобаның тиімділілігі
банк несиесінің орташа
пайызымен салыстырылады. Бұл салыстырудың мақсаты – капитал салымда-
рының аса пайдалы бағыттарының баламасын іздеу. Егер инвестициялық
жобаның есептелінген тиімділілігі банк несиесінің орташа пайызынан төмен
болса, онда ол жобадан бас тарту керек, себебі ақшаны белгілі пайызбен
банкке салған пайдалы. .
Достарыңызбен бөлісу: