187
PV
R
= 1000 × 0,7513 + 1500 × 0,683 + 2000 × 0,6209 = 3017,6 мың теңге
Күрделі шығындардың дисконттық сомасы.:
PV
к
= 1500 × 0,9091 + 1000 × 0,8264 = 2190,05 мың теңге
Таза келтірілген құн:
NPV
= 3017,6 – 2190,05 = 827,55 мың теңге
Қорытынды. 12.4.3-кестеде берілген мәліметтері бойынша жоба тиімді
деп есептелінеді.
Әр уақыт кезеңі бойынша түсімдерді белгілі бір уақыт кезеңдегі дисконт-
талған табыс көрсеткіштері мен күрделі салымдардың айырмасына тең деп
есептеуге болады. Түсім ағымы 6–шы мысалда.
Жылдар
1
2
3
4
5
Барлығы
Төлемдердің ағымы
-1500
-1000
1000
1500
2000
2000
Дисконтталған
төлемдердің ағымы
-1363,65
-826,4
751,3
1024,5
1241,8
827,55
Табыстылық әдісі. Бірнеше жобаның таза ағымдағы құнын есептегеннен
кейін әр түрлі көлемдегі баламалы инвестицияны таңдау мәселесі туындауы
мүмкін. Бұл жағдайда баламалы жобалардың таза ағымдағы құны бір біріне
жақын немесе бірдей болуы мүмкін, бірақ та олар бастапқы
инвестициялар-
дың мөлшері бойынша күшті ерекшеленуі мүмкін. Сол үшін баламалы жоба-
ларды салыстыру үшін инвестиция тиімділілігнің индексі деген көрсеткіш RI
қолданылады:
Табыстылық көрсеткіші RI = табыстың ағымдағы құны/ инвестициялар-
дың ағымдағы құны
(12.16)
Бұл формуладағы дисконтталған шама таза ағымдағы құнды есептеген-
дегі шамаға тең.
Пайдалылық индексі таза инвестицияның
әр теңгесіне табыстың ағым-
дағы құнының қаншасы келетінін көрсетеді,
соның көмегімен инвестици-
ялық баламаны таңдап алуға мүмкіндік береді. Тиімділік көрсеткіші неғұр-
лым
жоғары болса, соғұрлым жоба жақсы көрінеді. Егер индекс бірге тең
және
одан төмен болса, онда табыстылықтың ең аз мөлшерлемесіне сәйкес
келеді немесе сәйкес келмейді ( іс жүзінде
бірге жақын индексті кейбір
жағдайларда қабылдауға болады). Бірге тең индекс нөлдік таза ағымдағы
құнға сәйкес келеді.
7 мысал. Табыстылық көрсеткіші бойынша жобаның тиімділігін анықтай-
мыз. (12.4.4 кесте).