Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет120/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

 
 
12.5. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ 
Инвестициялық жобалардың талдау әдістемесі міндетті көрсеткіштерді 
немесе жобаның өзін және талдаудың сапасын сипаттайтын жағдайларды 
анықтауға негізделген. Инвестициялық талдаудың міндетті жағдайларын 
атап көрейік: 
1. Инвестицияның немесе салымдардың шамасын бағалау.
2. Инвестициядан түсетін табысты бағалау. 
3. Уақыт факторын және тәуекелділікті есепке алу үшін дисконт 
мөлшерлемесін анықтау. 
4. Талдау әдісін таңдау. 
Өндірістік инвестицияны талдауға кіріскенде, ең бірінші жобаның 
талдамалық зерттеудің тереңдігін, болжанған инвестицияның құнын 
құрайтын шығындардың экономикалық мақсатқа сәйкестілігін бағалау 


192 
қажет. Екінші маңызды мақсат - инвестициядан түсетін ақша түсімдерін, 
табысты бағалау. 
Инвестицияның табыстылығын бағалау үшін келесілерді анықтау қажет: 
1) табыс қашан алынады; 
2) таза табыс (пайда) қандай болады; 
3) меншік қанша уақыт пайда әкеледі
4) иемдену соңында меншікті сатқанда қандай таза түсім болуы мүмкін; 
5) пайда алудың мүмкіндігі қандай. 
Табыстың қашан алынатыны құрылыс мерзімін анықтау және өндірісті 
игеру негізінде шешіледі. Бұл кезеңдерде ақша ағымдары теріс мәнде бола-
ды, оның себебі құрылыс кезеңінде табыс түспейді, ал игеру кезеңінде, неме-
се пайдалануға беретін нысанды іске қосқан кезеңде ағымдағы шығындар 
табыстан жоғары болады. Пайда алу мерзімі залалсыздыққа жету графигін 
құру арқылы анықталады. 
Болжау сапасы инвестиция тиімділігін бағалау есептерінің сапасына еле-
улі әсер етеді, әсіресе қысқа және орта мерзімге есептегенде ( 5-10 жылға 
дейін ).
Табысты алу мерзімін анықтауда болатын қателіктер аннуитеттің ағым-
дағы құнының функциясын (F
4
, 12.8 формула) қолдану арқылы инвести-
циядан түсетін ағымдағы құнды қате есептеуге алып келеді. Аннуитет неғұр-
лым қысқа мерзімді болған сайын, соғұрлым ол табысты алу мерзімін 
бағалаудағы есептерде үлкен қателікке әкелуі мүмкін.
12.5.1 кестеде аннуитет факторының F
4
шамасы мен аннуитет кезеңі 
бойынша пайыздық айырмашылығы келтірілген. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет