Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет21/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

 
Еселі үлгілеулер сыныбына олардың келесідей қайта өзгертуін қолдана-
ды: ұзарту, кеңейту және қысқарту. 
Ұзарту әдісі бастапқы үлгілеудің алымында бір немесе бірнеше фактор-
ларды бірыңғай көрсеткіштер сомасына алмастыру арқылы ұзартуды 
қарастырады. Мысалы, өнім бірлігінің өзіндік құнын (ӨҚ) екі фактордың 
функциясы түрінде көрсетуге болады: шығындар сомасының (Ш) және өнім 
өндірісі көлемінің (ЖӨК). Бұл факторлы жүйенің бастапқы үлгісі келесідей 
түрде болады:
ӨҚ = Ш / ЖӨК 
Егер шығындардың жалпы сомасын (Ш) олардың жекелеген элемент-
терімен алмастырсақ, мысалы, еңбекақы (ЕА), шикізат және материалдар 
(ШМ), негізгі қорлардың амортизациясы (А
нқ
), жанама шығындар (ЖШ) 
және т.б., онда, факторлардың жаңа жиынтығымен бірге аддитивті үлгіні та-
бамыз: 
ӨҚ = ЕА/ ЖӨК + ШМ/ ЖӨК + А
нқ
/ ЖӨК + ЖШ/ ЖӨК = x

+ x

+ x

+ x
4

x

- өнімнің еңбексыйымдылығы;
x

- өнімнің материалсыйымдылығы;
x
3
- өнімнің қорсыйымдылығы;
x

– жанама шығындар деңгейі. 
 
Кеңейту әдісі бастапқы факторлы үлгілеудің алымы мен бөлімін бір 
немесе бірнеше жаңа көрсеткіштерге көбейту арқылы кеңейтуді қарастыра-
ды. Мысалы, егер бастапқы үлгіге Y = а : b жаңа көрсеткіш енгізетін болсақ, 
онда үлгілеудің түрі келесідей болады: 
Y = а/в = ас/вс = а/с × с/в = x

×
x
2
Нәтижесінде факторлардың жаңа жиынтығының көбейтіндісі ретінде 
соңғы мультипликативті үлгі шығады.
Үлгілеудің бұл түрі талдауда кеңінен қолданылады. Мысалы, бір 
жұмысшының орташа жылдық өнім өнімділігін (еңбек өнімділігінің көрсет-
кіші) келесідей етіп жазуға болады: ЖӨӨ = ЖӨ : ЖС. Егер барлық жұмыс-
шылардың атқарған күн саны (К
жалп
) сияқты көрсеткіш енгізетін болсақ, онда 
жылдық өнімділіктің келесідей үлгісін табамыз: 
ЖӨӨ = ЖӨ×К
жалп 
/ ЖС× К
жалп 
=ЖӨ/ К
жалп 
×
К
жалп 
/ ЖС = КӨ × К 


39 
мұндағы КӨ — орташа күндік өнімділік; 
К - бір жұмыскердің атқараған күн саны 
 
Қысқарту әдісі - алымы мен бөлімін бір көрсеткішке бөлу жолымен 
жаңа факторлы үлгіні құру. Бұл жағдайда басқа факторлар жиынтығы бар 
бұрынғы тұрпаттағы (типтегі) соңғы үлгі алынады. 
Белгілі болғандай, кәсіпорын активтерінің жиынтығы ретінде табысты-
лық (Т) пайда (П) көлемін активтердің орташа жылдық құнына бөлу арқылы 
анықталады (А): 
Т = П/А 
Егер аламы мен бөлімін түсімге (ӨТб) бөлетін болсақ (тауарайналымы) 
онда факторлардың жаңа жиынтығымен: сату табыстылығы және өнімнің ка-
питалсиымдылығымен анықталатын еселі үлгіні табамыз: 
Т = П/А = П:ӨТб / А:ӨТб = Сату табыстылығы / Өнім капитал-
сыйымдылығы 
Осылайша, нәтижелі көрсеткіш әр түрлі тәсілдермен құрамдас элемент-
терге (факторларға) бөлініп,әр түрлі тұрпаттағы детерминді үлгі түрінде 
көрсетіледі. Үлгілеу тәсілін таңдау зерттеу нысанына, қойылған мақсатқа
сондай-ақ зерттеушінің шеберлігі мен біліміне байланысты болады. 
Факторлы жүйені үлгілеу үдерісі - ШҚТ өте күрделі және жауапты 
кезең. Зерттелетін көрсеткіштер арасындағы байланысты қаншалықты дәл 
және нақты үлгісін құруға талдаудың соңғы нәтижесі тәуелді болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет