Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет27/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

Бесінші кезең – корреляциялық талдаудың нәтижесін статистикалық 
бағалау және тәжірибеде пайдалану. 
Байланыс көрсеткіштерінің сенімділігіне және тәжірибелік мақсатта 
пайдалануға болатынына көз жеткізу үшін оларға статистикалық баға беру 
керек. Ол үшін Стьюдент көрсеткіші (t), Фишер көрсеткіші (F-қатынасы), 
аппроксимацияның орташа қателігі (ε), көптік корреляция (R) және де-
терминация (D) коэффициенттері пайдалынады. 
Корреляция коэффициентінің сенімділігі зерттеліп отырған мәлімет-
тердің іріктелу көлеміне байланысты, ол Стьюдент көрсеткіші бойынша 
анықталады: 
t = r/σ

, мұнда σ

= (1- r

)/( n – 1), 


47 
Егер саналған t-нің мәні кестедегі мәніне қарағанда жоғары болса, онда 
корреляция коэффициентінің шамасы мәнді болып саналады. t-нің мәні Сть-
юдент көрсеткішінің шамасын көрсететін кесте бойынша табылады. Соны-
мен қатар еркінді дәрежесінің саны (V = n – 1) және сенімділік ықтимал-
дығының деңгейі ескеріледі (экономикалық есептеулерде ол 0,05 немесе 
0,01-ге тең). 
Байланыс теңдеуінің сенімділігі Фишер көрсеткішінің көмегімен бағала-
нады, оның есептеу мәні кесте мәнімен салыстырылады. Егер F
есеп 

F
кесте
болса, онда зерттелетін көрсеткіштердің арасындағы байланысы жоққа 
шығарылады.
Байланыс теңдеуінің дәлелдігін бағалау үшін аппроксимацияның орташа 
қателігі саналады. Регрессияның теориялық сызығы нақты (эмпириялықтан) 
сызығынан неғұрлым аз ауытқыса, солғұрлым оның мәні аз болып келеді, ал 
ол өз кезігінде фирманың байланыс теңдеуін дұрыс тапқанын көрсетеді. 
Біздің мысалда ол 0,0364, немесе 3,64%-ды құрайды. Экономикалық есепте-
улерде ұйғарынды қателік 5-8% шегінде болатынын ескеретін болсақ, онда 
зерттеліп отырған теңдеу анықталып отырған тәуелділікті айтарлықтай дәл 
анықтап отыр. Бұл теңдеу бойынша табыстылық деңгейінің болжауы осы 
қателік деңгейінде жасалады.
Байланыс теңдеуінің толықтылығы жайлы көптік корреляция және де-
терминация коэффициенттері бойынша жорамалдауға болады. Егер олардың 
мәні бірге жақын болса, онда оның үлесіне нәтижелі көрсеткіштің негізгі ва-
риациясы келетін ең маңызды факторларды корреляция үлгісіне енгізілгенін 
көрсетеді. 
Көптік корреляция коэффициенті 0,92-ге тең, ал көптік детерминация 
коэффициенті – 0,85. Бұл деген табыстылық деңгейінің өзгеруі зерттеп 
отырған факторлардың өзгерісінен 85%-ға тәуелді екенін тауып отыр, ал
қалған нәтижелі көрсеткіштің вариациясының 15%-ы ескерілмеген фактор-
лардың үлесіне келеді. Демек, бұл теңдеуді тәжірибелік мақсатта пайдала-
нуға болады, атап айтқанда: 
а) нәтижелі көрсеткіштің өсіміне факторлардың әсерін есептеу; 
б) зерттелетін көрсеткіш деңгейін жоғарылату резервін санау; 
в) оның шамасын жоспарлау және болжау үшін. 
Нәтижелі көрсеткіштің өсіміне (жоспардан ауытқуына) әрбір фактордың 
әсері келесідей формуламен есептеледі: 
Y
xi
= b

× Δx

Есеп беретін жылы жоспар бойынша талдау жүргізіліп отырған кәсіпо-
рында материалқайтарымның деңгейі 2,5 теңге, нақты деңгейі – 2,4 теңге 
болды делік, осыдан өнім табыстылығының деңгейі жоспарға қарағанда 
0,365%-ға төмен болады.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет