57
Түсіндірме хаттың мазмұны (талдамалық есептің) айтарлықтай толық
болуға тиісті. Ең алдымен кәсіпорынның дамуының экономикалық деңгейін,
оның шаруашылықты жүргізу жағдайын, ассортименттік және бағалық
саясатының сипаттамасын, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін,
өнімді өткізу
нарығының үлесін, кәсіпорын беделін, іскерлер арасындағы оның атағын
сипаттайтын жалпы мәселелерді қамтуы қажет. Сонымен қатар өткізу
нарығында тауардың жағдайын көрсету керек, яғни нарықта әрбір тауар
өмірлік кезеңдіктің қандай сатысында (ендіру, көтерілу және даму, жетілу,
толық қамтамасыз етілу және құлдырау) тұрғанын көрсетуі керек.
Нақты
және ықтимал бәсекелесті сипаттап, олардың бизнесінің осал және күшті
жағын көрсету керек.
Осыдан кейін өндірістік және қаржылық нәтижелерді, кәсіпорынның
мүліктік және қаржылық жағдайын, оның іскерлік белсенділігін, жұмыстың
тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің серпінін көрсету керек.
Онда есеп берген кезеңдегі оң және теріс
сипаттамалары да беріледі,
жұмысының өндірістік және қаржылық нәтижелеріне әсер еткен шынайы
және субъективті, сыртқы және ішкі факторлар сырын ашып көрсетеді,
сонымен қатар болған кемшіліктерді жоюға және болашақта кәсіпорынның
қызмет ету тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың тізімі
келтіріледі.
Түсіндірме хаттың талдамалық бөлігі дәлелді,
стилі бойынша нақтылы
болуы керек. Ол талдамалық есептерді, мәліметтерді түсіндіру үшін кесте
түрінде, диаграмма және т.б. түрінде көрсетуі керек. Ресімдеу кезінде талдау
нәтижесі бойынша жасалған ұсыныстарға аса көңіл бөлу керек. Олар
шаруашылық қызметтің нәтижелерін жақсартуға, шаруашылық ішіндегі
резервтерді игеруге бағытталған және жан-жақты дәлелделінген болуы керек.
Талдау нәтижелері бойынша анықтама мен қортындыға келетін болсақ,
түсіндірме хатқа қарағанда олардың мазмұны кемшіліктер мен жетістіктерін,
анықталған резервтерді және оны игерудің әдістерін нақтылы бейнелеуі
керек. Бұл жерде әдеттегідей кәсіпорынға және оның қызмет ету
жағдайларына жалпылама сипаттама беріледі.
Талдау нәтижелерін мәтінсіз түрде ресімдеуге өз алдына жеке тоқталып
кетейік. Ол үлгілік талдамалық кестелердің
тұрақты макеттерінен тұрады
және түсіндірме хат болмайды. Талдамалық кесте материалдарды жүйелеу
мен жинақтауға және оны түсінуге ыңғайлы түрде көрсетуге мүмкіндік
туғызады. Кестенің түрлері әрқилы болуы мүмкін. Мәліметтерді талдау
талабына сәйкес түрінде жасалынады. Талдамалық кестедегі көрсеткіштер
талдамалық және түсіндіру құжаттары есебінде орналастырылуы қажет.
Осымен қатар бір кестеде кәсіпорын жұмысының барлық көрсеткіштерін
көрсетуге тырыспау керек немесе басқа шекке – көп кесте жасауға болмайды.
Әмбебаптандыру және кестенің шектен тыс көп саны оны пайдалануды өте
күрделендіріп жібереді. Талдамалық кестелер пайдалану үшін көрнекі және
қарапайым болуға тиісті.
Талдау нәтижелерін ресімдеудің осындай тәртібі кейінгі кезде тең тарап
келеді. Жүйеленген және өңделген ақпаратты жеке өзі түсіне алатын және
58
қажетті шешімді қабылдай алатын жоғары білікті мамандарға арналған.
Мәтіні жоқ талдау оның
пәрменділігін жоғарылатады, себебі талдауды
жүргізу мен оның нәтижелерін пайдалану аралығы азаяды.
Тәжірибеде талдаудың ең елеулі деген нәтижелері кәсіпорынның
экономикалық паспортының осы үшін қарастырылған бөлімдеріне енгізілуі
мүмкін. Бірнеше жыл бойы осындай мәліметтердің болуы талдау
нәтижелерін серпінді түрде қарастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: