59
5. ӨНІМДІ ӨНДІРУ МЕН САТУ КӨЛЕМІН ТАЛДАУ
5.1 ӨНІМДІ ӨНДІРУ МЕН САТУДЫ ТАЛДАУДЫҢ
МІНДЕТІ, НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ
АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Өнімді өндіру мен сату көлемін талдаудың
мақсаты - бәсекелестерге
қарағанда сату көлемін көбейту жолдарын табу, өндірістік қуатты барынша
толық
пайдалана отырып, нарық үлесін кеңейту, соның нәтижесінде ұйым-
ның пайдасын көбейту болып табылады.
Өнімді өндіру мен сату көлемін кешенді талдау міндеті ұйымның бәсе-
келестік тұғырын, оның нарық жағдаятының өзгеруіне қарай ресурстарды
икемді пайдалану қабілетін талдау болып саналады. Бұл жалпы міндетті ке-
лесі жекеленген талдамалық мәселелерді шешу арқылы жүзеге асыруға бола-
ды:
• өнімнің өндірістік бағдарламасы мен
сату жоспарын орындау дәре-
жесін
бағалау;
• өнімді шығару мен сату серпінін бағалау;
• келісілген өнім көлемі, өнімді жеткізудің бірқалыптылығы, өнімнің
сапасы мен жинақтылығы бойынша келісім-шарттың орындалғанын
бағалау;
• өндіріс көлемінің кемуі мен оны шығаруда
бір қалыптығының
бұзылуына алып келген себептерді анықтау;
• өнімді өндіру мен сатуды ұлғайту резевтерін сан жағынан бағалау.
Өнеркәсіптік өнімдер көлемі заттай, шартты заттай және құнды көрсет-
кіштер арқылы бейнеленуі мүмкін. Өндіріс көлемінің негізгі көрскткіштері
тауарлы, жалпы және өткізілген өнім түрінде көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: