Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет35/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

 
 
5.2 ДАЙЫН ӨНІМНІҢ КӨЛЕМІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫН 
ТАЛДАУ 
 
Дайын өнімнің көлемі мен құрылымын өткенге шолу жасап (ретроспек-
тивті) талдау бірнеше кезеңдер бойынша жүргізіледі: 
1) жалпы және тауарлы өнімді шығару серпіні (динамикасы) сатылған 
өнім көлемімен салыстыра отырып зертеу;
2) ассортименті бойынша өндірістік бағдарламның орындалуын талдау;
3) өндірістік бағдарламаның орындалуына құрылым өзгеруінің әсерін 
және өнім құрылымын талдау;
4) залалсыз нүктені және ұйымның қаржылық беріктік қорын бағалау.
1-кезең. Дайын және сатылған өнім көлемінің серпіні келесі көрсет-
кіштер көмегімен анықталады:
• базистік өсу қарқынымен;
• өсудің тізбекті қарқынымен;
• өсудің орташа жылдық қарқынымен (өсімімен).
Серпіннің талдауы ағымдағы және салыстырмалы баға бойынша 
жүргізіледі. Бұл кезде талдау нысаны болып құндық көрсеткішімен 
бағаланған жалпы, тауарлы, өткізілген өнім болады, ал өнім шығарылымы 
заттай түрінде көрсетіледі. Өнімді шығару көлемі мен оның сатылған 
көлемінің үрдісін (тенденциясын) анықтау үшін серпінді талдауда ағымдағы 
және салыстырмалы бағаларды қолданудың екеуінің де маңызы зор. 
Мәліметтерді салыстырмалы түрге келтіру үшін олар қосымша есептеуді 


61 
қажет етеді, сондықтан баға факторының әсері туралы қортындыны мезгілдік 
(серпінділік) қатарды салыстыру негізінде жасау керек.
2-кезең. Ассортимент бойынша өндірістік бағдарламаның орындалуын 
талдау. Қазіргі кезде ұйым тауарды жеткізу үшін келісім-шарт негізінде өз 
бетімен жоспар жасағанда нарық жағдаятын зерттеу, жоспардың орында-
луын талдау келесілерді бағалауға мүмкіндік береді:
• келісім-шарт міндеттемелерін орындау деңгейін; 
• жоспарлау сапасын;
• менеджмент сапасын. 
Сонымен қатар өнімнің жалпы көлемі мен ассортименті бойынша өнімді 
шығару жоспары шикізатпен, материалдармен, жинақтаушы бұйымдармен 
қамтамасыз ету жоспарының негізі болып саналады.
Өнімді шығару жоспарының орындалуын талдау өндірістік әлеуетті 
дұрыс пайдаланбау себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Ассортименті 
бойынша бағалау номенклатураға кіргізілген өнімнің негізгі түрлерін шығару 
жоспарының жоспарлы және нақты орындалуын салыстыруға негізделген.
Ассортимент бойынша жоспардың орындалуы төмендегідей әдістермен 
бағалануы мүмкін:
ең аз пайызды әдіс бойынша;
• жоспары орындалған бұйымның меншікті үлесі бойынша. 5.2.1-кесте 
бойынша 79,6% (60,04+19,56) орындалған.
Өнім шығару жоспары 100,61%-ға орындалғанымен, ассортименттің әр 
түрі бойынша жоспардың орындалу деңгейі әр түрлі болып келеді: А-тобы 
бойынша жоспар 0,39%-ға артық орындалған, В-тобы бойынша 5,81%-ға 
артық орындалған, ал Б-тобы бойынша жоспар 3,32%-ға кем орындалған. 
Осы жағдайда ассортимент жоспарын ең дұрыс барбар бағалау үшінші әдісті 
қолдану арқылы қол жеткізіледі, бұл әдіс бойынша жоспарды орындау дәре-
жесі А және В-топтарының меншікті үлестің қосындысы бойынша 79,6%-ға 
тең. Жоспарды орындамау себептері: шикізатты, материалдарды, жи-
нақтаушыларды жеткізу көлемінің орындалмауы мен оны жеткізу кестесінің 
бұзылуы, өндірісті ұйымдастыру кемшіліктері, жоспарлау қателіктері болып 
саналады. 
Сыртқы факторлар әсерін бағалау үшін, мысалы, нарық жағдаятын 
(сұраныс төлемқабілетінің төмендеуі, өнімге деген нарық бағасының төмен-
деуі, бәсекелестердің белсенді қимылдары) сатылған өнім көлемін талдау 
нәтижелерімен салыстыра отырып тауарлы өнімнің шығарылымын талдау 
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет