Асанова с. С., Калманова н. М


кесте - Өнеркәсіп өндірісінің бәсекеге қабілеттілік индексі



Pdf көрінісі
бет42/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

5.4.1 кесте - Өнеркәсіп өндірісінің бәсекеге қабілеттілік индексі 
бойынша экономикалық рейтинг 
Елдер 
Ала-
тын орны 
Елдер 
Ала
тын орны 
Сингапур 

Қытай 
37 
Швейцария 

Грекия 
40 
Ирландия 

Румыния 
41 
Жапония 

Бахрейн 
42 
Германия 

Уругвай 
43 
АҚШ 

Ресей 
44 
Швеция 

Қазақстан 
61 
Финляндия 

Уганда 
84 
Бельгия 

Йемен 
85 
Ұлыбритания 
10 
Гана 
86 
Франция 
11 
Эфиопия 
87 
Өнім сапасын жақсарту қосымша шығындарды қажет етеді және өзіндік 
құнын жоғарылатады, бағасына, пайдаға әсер етеді, сонымен қатар экономи-
калық талдаудың нысаны болып саналады. Сапаны қамтамасыз ететін бар-
лық жұмсалымның жиынтығы сапаға деген жалпы жұмсалымды құрайды.
Сапаға деген жұмсалымдар сақтық іс-шараларына, бақылауға және ішкі 
мен сыртқы залалдарға кететін шығындардан тұрады. Қол жеткізген сапа 
деңгейінің өзгеруіне байланысты шығындар мөлшері және соған лайықты 
жалпы шығындар да өзгеріп отырады. 
ISO 9000 стандартына сәйкес «Сапа - белгілі және алда болатын 
қажеттілікті қанағаттандыратын қабілеттілігіне қатынасты нысанның 
жиынтық сипаттамасы».
Өнімнің сапасын білдіретін бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық 
сипаттамасы сапа көрсеткіші деп аталады. Өнім сапасын білдіретін көрсет-
кіштер қортынды, жеке және жанама көрсеткіштер деп аталады. Сапа 
көрсеткіштері бұйымның тұтыну, технологиялық, сыртқы сипатын көрсе-
тетін қасиетін, оның стандартталған деңгейін және бірегейлендірілгендігін
сенімділігін және ұзақ пайдаланатындығын сипаттайды.
Қортынды көрсеткіштер түріне және міндетіне қарамай өндірілген бар-
лық өнімнің сапасын сипаттайды, мысалы, көлемнің меншікті үлесі: 
- жалпы шығарылымдағы жаңа өнімнің; 
- сертификацияланған және сертификацияланбаған өнімнің; 
- әлем стандартына сәйкес келетін өнімнің; 
- экспортталынған өнімнің, оның тішінде жоғары дамыған 
өнеркәсіпті 
елдерге және т.б.. 
Өнім сапасының жеке көрсеткіштері оның келесі қасиеттердің біреуін 
сипаттайды: 
- пайдалылығы (сүттің майлылығы, қөмірдің күлділігі, рудадағы 
темірдің мөлшері және т.б.); 
- сенімділігі (ұзақ уақыттылығы, жұмыста тоқтаусыз жұмыс істеуі); 


69 
- құрылымдық (конструкциялық) және технологиялық шешімдердің 
тиімділігін көрсететін технологиялық қабілеттілігі (еңбексыйымды-
лығы,
энергиясыйымдылығы және с.с.); 
- бұйымның әсемділігі. 
Жанама көрсеткіштер – бұл сапасыз шығарылған өнім үшін айып пұл
тұтынушы қабылдамаған өнімнің көлемі мен оның меншікті үлесі, ақаулы 
өнімнен келген залалдар және т.б.
Өнімнің сапасы бойынша жоспардың орындалуын қортынды бағалау 
үшін әртүрлі әдістер, оның ішінде баллдық, қолданылады. Баллдық әдістің 
мәні өнім сапасының орташа өлшенген баллы анықталады және оның нақты-
лы мен жоспарлы деңгейін салыстыру жолымен сапа бойынша жоспардың 
орындалу пайызы анықталады.
Сапасы сұрыпымен немесе шартқа сәйкестігімен анықталатын өнім 
бойынша жалпы өндіріс көлеміндегі әрбір сұрыпты (шартқа сәйкестігі) өнім 
үлесі, сұрыптың орташа коэффициенті, салыстырмалы жағдайда орташа өл-
шенген бағасы есептелінеді. Бірінші көрсеткіш бойынша жоспардың орында-
луын бағалағанда өнімнің жалпы көлеміндегі әрбір сұрыптың нақтылы 
үлесін жоспармен салыстырады, ал сапаның серпінін зерттегенде өткен 
кезеңнің мәліметтерімен салыстырады.
Сұрыптың орташа коэффициентін екі әдіспен анықтауға болады:
а) бірінші сұрыпта өнімнің санын барлық санға қатынасымен
б) барлық сұрыпты өнім құнын бірінші сұрыпты өнімнің құнына.
5.4.2-кестенің мәліметі бойынша сұрып коэффициенті: жоспар бойынша 
0,70 (24367,5/35190), нақтылы - 0,74 (24615/33480); сапа бойынша жоспардың 
орындалуы - 106,0% (0,74/0,70); орташа өлшенген баға: жоспар бойынша -
4310 теңге (24367500/5655), нақтылы - 4411,29 теңге (24615000/5580), жоспа-
рға қарағанда оның орындалуы 103,0% құрайды.
Өнім сапасы бойынша жоспардың орындалуы сертификацияланған 
бұйымның меншікті салмағы, ақаулы және тұтынушы қабылдамаған өнімнің 
меншікті үлесі бойынша бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет