78
6.ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ
6.1 ӨНІМНІҢ (ЖҰМЫСТЫҢ, КӨРСЕТІЛГЕН
ҚЫЗМЕТТІҢ) ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ БАҒЫТТАРЫ
Әр кәсіпорынның іс әрекеті жұмсалымдармен байланысты. Бухгалтерлік
есеп
стандартына
сәйкес
«Кәсіпорын
жұмсалымдары»
барлық
жұмсалымдардың сипаты, жүзеге асыру
жағдайы және іс әрекет ету
бағыттары бойынша әдеттегі іс әрекеттегі жұмсалымдар мен операциялық,
өткізуден тыс және төтенше басқа жұмсалымдарға бөлінеді. Әдеттегі іс
әрекеті бойынша жұмсалымдарға өнімді өңдеумен және сатумен байланысты,
қызмет
көрсетумен, тауарларды сатып алумен және сатумен байланысты
жұмсалдымдар жатады.
Әдеттегі іс-әрекеті бойынша пайда болған жұмсалымдар негізінде
сатылған тауарлардың, өнімнің, жұмыстың
және көрсетілген қызметтің
өзіндік құны анықталады.
Өндіріс үдерісінде пайдаланған еңбек құралдары (олардың құнының
қаржылық өтемі ретінде амортизациялық аударым пайдалынады), еңбек
заттары (шикізат, материалдар, жартылай өңделген өнімдер, отын, энергия),
жұмыскерлердің еңбекақы түрінде нақты еңбегі және басқа кәсіпорындардың
көрсеткен қызметтері өнімнің өзіндік құнында көрсетіледі.
Толық өнімнің
өзіндік құны барлық өндірістік ресурстар шығындарын көрсетеді, ал үлестік
өнімнің өзіндік құны (1 теңге өнімге шаққандағы өнімнің өзіндік құны)
ресурстардың тиімді пайдалануын анықтайды. Өнімнің өзіндік құны - бұл
негізгі баға мен пайданы қалыптастырушы фактор, сол себептен оны талдау
бір жағынан ресурстардың тиімді пайдалануының қортынды бағалануын,
екіншіден пайданың өсуін және өнімнің бағасын төмендетуге мүмкіндік
беретін резевртерді көрсетеді.
Өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнын талдау келесі
бағыттар бойынша жүргізіледі:
- өзіндік құнның қорытынды көрсеткіштері мен оның факторларының
өзгеру серпінін талдау;
- экономикалық элементтері мен шығын
баптары бойынша өнімнің
өзіндік құнын деңгейлі, сатылы және трендік талдау;
-өнімнің өзіндік құнын факторлық талдау;
- өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерін анықтау;
Мақсатына байланысты өткенді шолатын, оралымды, алдын ала
немесе
болжамды сияқты өнімнің өзіндік құнын талдау жүргізіледі .
Өнімнің өзіндік құнын
өткенді шолуды талдау шығындар мен
факторлардың өзгеру серпіні туралы ақпаратты жинақтау мақсатында
жүргізіледі.
Өткенді шолуды талдаудың нәтижесі жоспарлы өнімнің өзіндік құнын
анықтауда,
баға саясатын қалыптастыруда, өнімнің бәсекеге қаблеттілігін
арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдағанда қолданылады.
79
Есеп жүргізу мәліметтері бойынша өзіндік құнды оралымды талдау
күнде немесе 1,5,10 күн сайын жүргізіледі. Ол өндірімсіз шығындар мен
Достарыңызбен бөлісу: