Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет49/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

шығасын уақытында анықтауға бағытталған. Оралымды талдаудың 
нәтижесі ресурстарды икемді, оңтайлы қолдану үшін пайдаланады. 
Өзіндік құнды алдын ала талдау бұйымның өмірлік цикілінің бірінші 
сатысында – ғылыми-зерттеу және тәжірібелік-конструкторлық жұмыстарды 
жүргізу кезеңінде жүргізіледі. 
Өзіндік құнды келешекті (болжамды) талдау ресурс нарығындағы 
болжамдық өзгерістермен байланысты тұтас өнімнің және жеке 
бұйымдардың өзіндік құнының өсуі мен төмендеу мүмкіншілігін бағалауға 
арналған. Келешектегі жалпы шығындардың өзгеруін анықтау үшін 
«шығындар - өндіріс көлемі - пайда» ара қатынасын талдау әдісі 
қолданылады. 
Өнімді өңдеуге және сатуға кеткен шығындарды талдауға қажетті 
ақпараттар көзі: 
- ұйымның шаруашылығына ішкі талдау жүргізгенде алынған 
синтетикалық және талдамалық бухгалтерлік есептің мәліметтері; 
- бухгалтерлік есептін мәліметтері сыртқы талдауда да қолданылуы 
мүмкін. 
Ұйымның есеп беруінде пайда және залал туралы есептемесінде өзіндік 
құн «Сатылған тауардың, өнімнің, жұмыстың, көрсетілген қызметтің өзіндік 
құны» форманың 020 жолында арнайы көрсетіледі. Коммерциялық және 
басқару жұмсалымдары (030 жол және 040 жол) сатылатын өнімнің, 
жұмыстың және көрсетілген қызметтің өзіндік құнының құрамында болуы 
мүмкін. Бухгалтерлік теңгерімге қосымша ретінде пайдаланатын № 5-
формада шығындар жалпы және жеке элементтер бойынша көрсетіледі, бұл 
шығын құрамының құрылымдық өзгерістерін анықтауға мүмкіндік береді. 
Жұмсалым құрылымы туралы ең толық ақпараттар есеп берудің 
статистикалық 1-формасында кәсіпорынның «Кәсіпорын шаруашылығы 
туралы негізгі мәліметтер» есептемесінде толық ақпарат алуға болады. 
Шығарылған өнімнің жоспарлы өзіндік құнының деңгейін бағалау үшін 
жоспарлы калькуляция, өнім шығаруға кеткен ресурстардың жүмсалым 
мөлшері пайдалынады.
Өнімнің өзіндік құны - бұл шығарылатын өнімнің көлеміне, 
қолданылатын ресурстарға және оларды тиімді пайдалануына тәуелді 
болатын ұйымның өндірістік шаруашылығының қортынды көрсеткіші. 
Ресурстардың жеке түрін тиімді пайдалануы материалқайтарымы, 
қорқайтарымы, еңбек өнімділігі (өнімділік) және тағы басқа салыстырмалы 
көрсеткіштермен өлшеленеді. Барлық ресурстардың тиімді пайдалануын өнім 
бірлігінің өзіндік құны немесе шығарылған өнімнің бір теңгесіне кеткен 
жұмсалым- дар арқылы бағалауға болады.
Өнімді өндіруге кеткен жұмсалымдарды есептеу және талдау нысаны 
ретінде өнімнің толық өзіндік құны, сондай-ақ жеке бұйымдардың, торабы 
мен бөлшектердің және жеке технологиялық үдерістер мен операциялардың 
өзіндік құны пайдалынады.


80 
Жаппай өндіріс сипатты және шығарылған бұйымдардың
номенклатурасы аз кәсіпорындарда есеп нысаны бөлшек болуы мүмкін. 
Осындай жағдайда бұйымдардың түрлері бойынша өнім бірлігінің өзіндік 
құнын талдауды жүргізу тиімді болып келеді. Топтама- лық өндірістерде 
өнімнің номенклатурасы көп болады, сол себептен әрбір бөлшектер бойынша 
есептеу және шығындарды талдаудың мүмкіншілігі азаяды, сондықтан 
тұрпаттық бұйымға немесе торапқа (жоспарлы-есепті бірлікке) кететін 
шығындар зерттеледі. Өнімді жеке-дара шығару өндірістерінде есептеу және 
талдау нысаны тапсырыс болып келеді. 
Өзіндік құнның талдау бағыттарының бірі - өнім бірлігінің өзіндік 
құнын немесе тауарлық өнімнің бір теңгесіне кеткен шығындарды талдау. 
Өзіндік құнды талдау өндірістің тұрпатына және жағдайына қарамай 
тауарлы өнімнің өзіндік құнын шығарылған өнімнің әр түрі бойынша өнім 
бірлігінің өзіндік құны мен бұйымдар санының көбейтіндісінің қосындысы 
арқылы көрсетуге болады, ал тауарлық өнімнің көлемі - әр бұйымдар 
бойынша өнім көлемін сәйкесінше бағасына көбейту арқылы анықталады. 
Бір теңге тауарлық өнімнің өзіндік құны келесі формуламен анықталады: 
У
с 
= өқ / N

= (Σq

× өқ
i
)
/ (Σq

× Б
i
)
(12.1) 
мұнда У
с
 - 1 теңгелік тауарлық өнімінің өзіндік құны (шығындар 
деңгейі);
q
i
- i-аталуы табиғи корсеткіштер бойынша шығарылған 
бұйымдар
көлемі;
өқ
i
- жұмсалымдар немесе бір бұйымның өзіндік құны (өнімнің 
бірлігі);
Б
i
- бір бұйымның бағасы;
- номенклатурадағы бұйымдар атауының саны. 
Өз кезегінде табиғи көрсеткіштер бойынша шығарылған өнім көлемі 
сәйкес бұйымның жалпы шығарылымын жалпы көлемдегі сол 
бұйымдардың үлес салмағына көбейту арқылы анықтауға болады. 
Q
i
 = Q
жалп
× D
i

Сонда (12.1) тұлғалауды келесідей өзгертуге болады: 
У
с 
= ΣQ
жалп
× D

× өқ

/ ΣQ
жалп
× D

× Б

(12.2) 
немесе У
с 
= ΣD

× өқ

/ ΣD

× Б

Өз кезегінде, бұйымдардың әр түрі бойынша өзіндік құнына 
шығындардың әр түрінің үлес шамасы әсер етеді
өқ
i
 = Σz

× Б
j
, (12.3) 


81 
мұнда m - сатылған шикізат пен материалдардағы шығын түрлерінің 
саны;
z
j
- шығындардың, ресурстардың шамасы;
Б
j
j-түріндегі ресурс бірлігінің бағасы. 
Сонымен, 1 теңге тауарлық өнімді шығаруға кеткен шығындардың 
өзгеру деңгейіне тікелей атқарымдық байланыста болатын келесі төрт 
факторлар әсер етеді: 
• өнімді көлемінің құрылымы; 
• өнімнің бірлігін өндіруге кеткен жұмсалымдар деңгейі; 
• қолданылатын материалдық ресурстардың бағасы мен тарифі; 
• өнімнің бағасы. 
Толық өнімнің өзіндік құнына, атап кеткен факторлардан басқа, 
шығарылған өнімнің көлемі де әсер етеді. Шығарылған өнімнің көлемі бар-
лық тауарлық өнімнің толық өзіндік құнына әсер етеді, бірақ шығындар 
деңгейін зерттегенде бұл көрсеткіш ескерілмейді.
Шығын деңгейімен детерминді өзара байланыста болатын әр фактор 
өндірісті ұйымдастыру және дайын өнімді сатудың сыртқы және ішкі 
жағдайын, көптеген шынайы және субъективтік іс-әрекеттерді көрсетеді. Са-
лыстырмалы бағамен қайтадан есептелген жұмсалымдар түрлері бойынша 
(тікелей материалдық, тікелей еңбектік, үстемелі) шығын деңгейі белгілі ре-
сурстардың тиімді пайдалануын көрсетеді және шығарылған өнімнің немесе 
нақты бұйымдардың ресурс сыйымдылығын сипаттайды. 
Факторлық жүйені құрастыратын өзара байланыстағы көрсеткіштерді 
зерттеу үшін бірінші кезеңде өнім бірлігінің өзіндік құнына есер ететін өнім 
құрылымы, ресурстар бағасы және өнімнің бірлігіне кеткен шығындардың 
үлес шамасы сияқты факторларды мақсатты түрде қараған маңызды болады. 
Өнімнің бірлігін шығаруға кеткен жұмсалымдардың үлес шамасы оның ре-
сурс сыйымдылығын сипаттайды.
Шығындарды салыстырмалы бағамен қайтадан есептеп шығу қажет. 
Осылый қайта есептеу әдістемесі шығарылған өнім және тауар айналымының 
табиғи көлемі индексін есептеу әдісіне ұқсас келеді. Заттай бірлікте 
көрсетілетін материалдық шығындар есеп беру мерзіміндегі шығындардың 
заттай көрсеткішін жоспарлық (базалық) бағасына көбейту арқылы салы-
стырмалы бағамен қайта есептелінеді. Құндық түрде ғана есептелінетін 
жұмсалымдар жеке баптар немесе жұмсалым түрлерінің алдын ала есептел-
ген индекс көмегімен (тауарайналымының табиғи көлемінің индексіне ұқсас) 
салыстырмалы бағамен қайта есептелінеді.
Шығарылған өнім көлемі өнімнің өзіндік құнына әсер етеді ( бірінші 
деңгейдегі фактор). Абсолюттік айырмашылық әдісін қолданғанда бұл 
әсердің есебі келесі формуламен анықталады. 
ΔӨҚ(Q) = ΔQ × ӨҚ
0орт



82 
Өнімнің өзіндік құнына екінші деңгейдегі факторлар әсері өнімнің 
нақты табиғи көлеміне екінші деңгейдегі факторлардың әсері қайта санау 
арқылы анықталады. Өнімнің бірлігінің өзіндік құнына әсер ететін фактор-
лардың есеп алгоритмі. 6.1.1 кестеде көрсетілген. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет