4. Мөлшерленгенжәне мөлшерленбеген. Салық кодексі кейбір
шығындарды шектейді. Мысалы, іс-сапар шығындары, жарнама шығында-
ры, кадрларды дайындау және т.б. шығындар.
5. Айнымалы, тұрақты (шартты-тұрақты). Өндіріс көлемінің
өзгерісіне қатысты шығындары айнымалы және шартты-тұрақты (парапарлы,
парапарсыз) деп бөлінеді. Өндіріс көлемі өскен сайын шығынның кейбіреуі
көбейеді де, ал басқалары өзгеріссіз қалады немесе өте аз өзгереді, осындай
байланысты осы топтастырумен көрсетуге болады.
Айнымалы шығындар өндіріс көлемінің өзгеруіне белгілі бір түрде тура
байланысты болады. Оған жататындар: шикізатқа, технологиялық мақсатқа
жұмсалған отын мен энергияға, өндірістік жұмыскерлерге төленген еңбекақы
және одан төленетін әлеуметтік салықтарға деген жұмсалымдар.
Шартты-тұрақты шығындар - шамасы өндіріс көлемінен өзгермейтін
немесе өте аз өзгеретін шығындар. Әдетте, бұл шығындар өнімдерді жасауда
тікелей байланысты болмайды және өндіріске қызмет ету және басқаруға
қажетті шығындар түрінде көрінеді. Оған жататындар - үстемелі және кезең
шығындары. Шартты-тұрақты шығындар белгілі бір шекке дейін ғана
тұрақты болуы мүмкін. Өндірілген өнімнің көлемі айтарлықтай көбейгенде
немесе азайғанда олар да өзгереді.
Шығындарды бұлай топтастыру өндірістік қуатты, еңбек және
материалдық ресурстарды пайдаланудағы және оған кететін шығындардың
байланысын айқындауға мүмкіндік береді, өндірілетін өнімнің көлемі мен
шығындардың оңтайлы арақатынасын анықтауға болады.
Шығындарды тұрақты және айнымалы деп жіктеу ең алдымен өнімді са-
тудың залалсыздығын анықтау үшін, өткізілген өнім көлемін, өзіндік құнның
және пайданың байланысын зерттеу үшін, операциялық иінтіректің нәти-
жесінің негізінде жалпы табыстың көлемін есептеп, кәсіпкерлік тәуекелдің
деңгейін бағалау үшін қажет.