Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет57/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

6. Негізгі, үстемелі. Негізгі шығындарға өнімді жасаудың 
технологиялық үдерісіне тікелей байланысты және басқарудың деңгейіне 
және ұйымдастыру нысанына тәуелсіз болмайтын шығындарды жатқызамыз. 
Бұл шығындар шикізатқа, материалдарға, технологиялық отын мен 
энергияға, әлеуметтік салықтарды қосқандағы өндіріс жұмыскерлеріның 
еңбекақысына, машина мен құрал-жабдыктарды пайдалану мен күтуге кеткен 
және т.б. шығындарды атаймыз. 
Үстемелі шығындар өнімді жасаудағы технологиялық үдеріске тікелей 
байланысты болмайды, ал ол өндірісті ұйымдастыру, басқару және қызмет 
көрсету жұмыстарының белгілі бір шарттарына байланысты пайда болады. 
Сондықтан оларға жататындар: негізгі және қосалкы өндірістерге қызмет 
көрсету үшін пайдаланған материалдар мен қызметтер; негізгі және қосалқы 
өндірістерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейтін өндірістік (цехтық) 
персоналдың еңбекақысы және одан алынатын әлеуметтік салықтар
амортизациялық аударымдар; өнімді өткізуге қажетті шығындар; өнімді 
өткізу шығындары, әкімшілік шығындары; қаржыландыру шығындары. 
Үстемелі шығындар өнімнің өзіндік құнын төмендетудің маңызды көзі 
болып саналады. 
7. Кешенді, бір элементті. Қарапайым (бір элементті) шығындар - бір 
экономикалық элементтен тұратын шығындар, оларға жататындар: 
шикізатқа, материалдарға, технологиялық отын мен энергияға, әлеуметтік 
салықтарды қосқандағы өндіріс жұмыскерлерінің еңбекақысына кететін 
шығындар. 
Күрделі (кешенді) шығындар - бірдей мақсатты мәні бар бірнеше әр 
текті экономика- лық элементтерден тұратын шығындар. Оған жататындар: 
машина мен құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтуге кеткен, үстемелі 
шығындар, өнімді өткізу шығындары, әкімшілік шығындары; қаржыландыру 
шығындары. 
8. Ағымдағы, бір мезгілді. Өндірістік үдеріске қатысудың сипаты мен 
өтеу көздері бойынша барлық шығындар ағымдағы және бір мезгілді болып 
бөлінеді. 
Ағымдағы шығындар өз қозғалысын әрбір өндірістік циклден бастап, 
сол циклде аяқтайды, тұрақты түрде қайта жаңарып тұрады және өндіріс 
шығындарын құрайды (өзіндік құн). Олар шикізатқа, материалдарға, отынға, 
электр энергиясына, жұмыскерлердің еңбекақысына, негізгі қорлардың 
амортизациясына кеткен шығындарды қамтиды және тұтынылған ресурстар 
түрінен тұрады. 
Ағымдағы шығындармен салыстырғанда бір мезгілді шығындар 
әрқашан негізгі және айналмалы қорларды толықтыру үшін сатып алынатын 
және күрделі салымдар түрінде алдын ала қолданылған ресурстар түрінде 
болады. Бір мезгілді шығындар негізгі қорларды іске қосудан көп бұрын 
жұмсалады, ұзақ уақыт мерзімге қаржылық айналымынан алынып 
тасталынады және осы уақыт кезінде нақты нәтиже бермейді. Оларға 
кіретіндер: пайдаланылып жатқан еңбек құралдары түріндегі негізгі 
өндірістік қорлар, кәсіпорын қоймаларындағы өндірістік қорлар түріндегі 


92 
айналмалы қорлар, материалдық резервтер және құрылыста келешекте керек 
болатын материалдар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет