Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет62/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

Жанама шығындарды талдау. Жанама шығындарды талдау шартты-
тұрақты және шартты-айнымалы баптары бойынша бөлек жүргізіледі. 
6.2.6 кесте - Тікелей шығындардың өзгеруіне әсер ететін факторлар-
ды есептеу 
Шығын бап-
тары 
Шығындар сомасы, 
теңге 
Жоспардан ауытқуы, теңге 
жос-
пар 
шығарылған 
өнімнің нақты 
көлемі 
Барлы-
ғы 
Оның ішінде себептер бойынша 
жо-
спар 
нақты 
шығары-
лым көлемі 
құрылымы 
ресурс 
сыйымдылығы 








Тікелей мате-
риалдық 
шығындар 
2700 3065 
3135 
+435 
+270 
+95 
+70 
Шартты-тұрақты шығындар. Шартты-тұрақты шығындарды талдау
есеп кезеңіндегі шығындардың серпінімен немесе жоспармен осы шығын-
дардың сомасы мен денгейін салыстыру арқылы жүргізіледі. Цехтың 
кезеңдегі және үстемелі шығындары бойынша үнемдеудің (асыра жұмсалған 
шығындардың) жалпы сомасы анықталады. Ғимараттарды, құрылғыларды 
және инвентарларды ұстау және ағымды жөндеуге кеткен жоспардан тыс 
шығындар материалдық ресурстардың жұмсалым мөлшерінің бұзылу нәти-


98 
жесі болып есептелінеді, бұл ұйымның жұмысына теріс сипаттама береді.
Бұл жағдайда ерекше назар басқару аппаратына, жалпы зауыттық персонал-
ды ұстау, нақты жоспардан тыс болған шығындарға аса көңіл аударылады. 
Әр уақытта олар штаттық тәртіптің бүзылуын көрсетеді. Басқару аппаратын 
ұстауға кеткен нақты шығындар сомасы бегітілген сметамен жалпы және 
шығындардың бөлек түрімен салыстырылады, сосын талдау барысында 
ауытқу себептері анықталады. 
Цехтың кезең және үстемелі шығындарын талдағанда болған өнімді 
емес шығындарға, тоқтамдардың жоюлуына, сақтанудағы материалдық 
құндылықтардың бұзылуына, материалдық құндылықтардың жетіспеуіне 
және т.б арнайы назар аударылады. Өнімді емес жұмсалымдардың болуы
жалпы шаруашылық және жалпы өндірістік жұмсалым- дардың қысқаруы - 
өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне әсер ететін тікелей резерв.
Үстемелі шығындардың ішіндегі шартты-айнымалы шығындар
өндірістік қажеттілікке жұмсалатын электр энергия шығындары, мөлшер-
ленген тапсырмасы бар мерзімдік еңбекақы, коммерциялық шығындар және 
т.б.
Шартты-айнымалы шығындарды талдау салыстырмалы арқылы 
жүргізіледі, 1 теңге тауарлық өнімге келетін олардың нақты шамасы(яғни 
шығын деңгейі) жоспармен немесе нақты шығарылған өнім көлеміне қайта-
дан есептелінгені базалық деңгейімен салыстырылады. Әр бір бөлек баптары 
мен жұмсалым элементтері бойынша артық жұмсалғанмен қатар олардың 
үнеміне де себеп болғандар егжей-тегжей зерттеленеді.
Кезкелген үнемдеу дұрыс емес екенін естен шығармау керек. Мысалы, 
амортизация аударымын үнемдеуі негізгі қорларды іске дер кезінде енгізу 
шаралары орындалмағаннан болуы мүмкін. Еңбекті қорғау шығындарының 
үнемделуі зақымнан болған шығындардың өсуіне әкеледі. Өнімді шығаруға 
кеткен шығындарды талдағанда және артық жұмсалымдардың себебі мен 
үнемдеу факторларын зерттегенде тек талдау саласының ерекшелігі емес со-
нымен қатар жеке өндіріс, технология ерекшелігі, өндірісті ұйымдастыру 
және басқару жүйесін зерттеу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет