Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет63/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

Бақылау сұрақтары 
1. Өнімнің өзіндік құнын талдаудың негізгі бағыттарын атаңыз. 
2. Тұтас өнімнің өзіндік құнына және шығындар деңгейіне қандай 
факторлар әсер етеді. 
3. Толық өзіндік құнына әсер ететін факторларды талдағанда олардың 
алгоритмін жазыңыз.
4. 1 теңге өнімге шығын деңгейіне әсер ететін факторларын талдау
алгоритм есебін жазыңыз
5. Тікелей материалдық шығын көлеміне әсер ететін бірінші және ке-
лесі 
деңгейдегі факторларды бөліп шығарыңыз.. 
6. Түсті металдарды шығаруды ұйымдастырғанда сомасына және 


99 
шығын деңгейіне қандай факторлар әсер етеді? 
7. Шартты-айнымалы және шартты–тұрақты шығындарды талдаудың
ерекше айырмашылығы қандай? 
 


100 

НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЫН 
ТАЛДАУ 
 
7.1 ӨНДІРІСТІК НЕГІЗГІ КАПИТАЛМЕН 
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІН ТАЛДАУ 
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндіріс көлемін жоғарылатудың маңызды 
факторының бірі оларды қажетті мөлшерде және ассортименте негізгі капи-
талмен қамтамасыз ету және оны тиімді пайдалану болып табылады.
Талдау мақсаты: 
• кәсіпорынды және оның құрылымдық бөлімдерін негізгі капиталмен 
қамтамасыз етілгенін, қортынды және жеке көрсеткіштермен пайдалану 
деңгейін анықтау;
• олардың деңгейінің өзгеру себептерін айқындау;
• өнім көлеміне және басқа да көрсеткіштерге негізгі капиталды пайдала- 
нудың әсерін санау;
• кәсіпорын мен құрал-жабдық қуатын пайдаланудың дәрежесін 
зерттеу;
• негізгі капиталды пайдаланудың тиімділігін жоғарылататын 
резервтерді
анықтау;
Ақпараттың көздері: кәсіпорынның бизнес-жоспары, техникалық даму 
жоспары, «Кәсіпорын теңгерімі», «Негізгі капиталдың барлығы және 
қозғалысы жайлы есеп», «Өндірістік қуат теңгерімі», негізгі капиталды қайта 
бағалау мәліметттері және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет