Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет75/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

Тасымалдау запас мөлшері жабдықтаушы мен ұйымның арасындағы ара 
қашықтығына, жүктің қозғалу жылдамдығына және құжаттарды дайындау 
уақытына байланысты анықталады. Тасымалдау кезіндегі жүктерге байланы-
сты айналым капиталының шамасы З
көл 
орташа жылдық шамада келесідей 
формуламен анықталады:
З
көл
= Q × Б × T
жет 
/360, 
мұнда Q - жүктің жылдық тасымалдау көлемі, тонна;
Б - 1 тонна жүктің бағасы, теңге;
T
жет
 – жүкті жеткізу уақыты;
360 – бір жылдағы күндер саны. 


124 
Тасымалдау кезіндегі жүктерге жұмсалатын айналым капиталы тасы-
малдау уақытына тікелей парапар болады. Сондықтан, жүкті тез жеткізуден 
алынған нәтиже айналым капиталын босату түрінде болады, ал ол кеңейтіл-
ген ұдайы өндіріске бағытталуы мүмкін.
Егер жүктің тасымалдау уақыты Т
д0
-дан Т
д1
-ге дейін азайған болса, онда 
бір жылда босаған айналым капиталы келесіге тең болады:
З
көл 
= Q × Б × (T
д1 
-
Т
д0
)/360, 
Жеке материалдардың запас мөлшері ағымдағы, сақтандыру, мау-
сымдық, технологиялық және тасымалдау запастардың қосындысымен 
анықталады. Запас мөлшері күнмен, ал айналым капиталының нормативі Н
ак 
ақшалай түрде саналады:
Н
ак 
= ∑ Н
i
мұнда Н
ак 
- айналым капиталының i-түрінің нормативі. 
Өндірістік запастың нормативі келесідей формуламен анықталады: 
Н

= М
ш 
/ Т
жосп 
× Н
з

мұнда М
ш
– жоспарлы кезеңдегі материалдар жұмсалымы, теңге;
Т
жосп 
- күнмен (тоқсанмен, жылмен) көрсетілген жоспарлы күн-
дер;
Н
з
– материалдар запасының мөлшері, күндер. 
Аяқталмаған өндіріс бойынша айналым капиталының нормативі тауар 
өнімнің әркелкілігін ескере отырып, ақшалай тұлғалауда көрсетілген шығын 
сметасы негізінде анықталады:
Н
а.өнд 
= N
т 
/ Т
жосп 
× Т
кезең 
× К
а.өнд 
× К, 
 
мұнда Н
а.өнд
- аяқталмаған өндірістің нормативі;
N
т
- жоспарлы кезеңдегі толық өзіндік құны бойынша тауарлы 
өнім;
Т
жосп
 - жоспарлы кезеңнің ұзақтығы;
Т
кезең
- өндірістік кезеңдіктің ұзақтығы;
К
а.өнд 
- аяқталмаған өндірістегі шығынның өсу коэффициенті. 
Шығынның өсу коэффициенті аяқталмаған өндірістің орташа көлемінің 
өнімнің өзіндік құнына қатынасымен анықталады. Шығынның бірқалыпты 
өсуі кезінде ол төмендегідей анықталады:
К
а.өнд 
= [А + (ӨҚ-А)/2]/ӨҚ, 


125 
мұнда А + (ӨҚ - А)/2 - Т
к
/2-мен анықталатын аяқталмаған өндірістің 
көлемі;
А - өндірісті бастар алдындағы біржолғы шығындар (шикізат,
негізгі материалдар). 
Айналым капиталының нормативі төмендегілерге сүйене отырып 
анықталады:
• жыл басындағы бухгалтерлік теңгерім бойынша аяқталмаған
өндірістің есепке алынған құнымен;
• әрбір тоқсан бойынша жоспарлы жылы бекітілген өндіріске кететін
шығындар сметасымен;
• әрбір тоқсан бойынша жоспарлы жылы бекітілген тауар өнімінің 
жоспарымен.
Жоспарлы кезеңнің соңында айналым капиталының нормативі келесідей 
анықталады: 
Н 
а.өнд. соң 
= Н 
а.өнд. бас 
+ (В- N
т
), 
мұнда Н 
а.өнд. соң 
- жоспарлы кезеңнің соңындағы аяқталмаған өндірістің
нормативі;
Н 
а.өнд. бас
- жоспарлы кезеңнің басындағы аяқталмаған өндірістің
нормативі;
В - жоспарлы кезеңдегі шығындар сметасы;
N
т
 - жоспарлы кезеңдегі жоспарлы өзіндік құны бойынша тауарлы 
өнім.
 
Өндірістік запасқа жұмсалған қаражаттарды және запасты басқарудың 
бірден бір мақсаты - сол запастың жағдайын бақылау. «Канбан» (немесе 
«дәл уақытында») сияқты өндірісті және жабдықтауды ұйымдастыру жүйесі 
запас деңгейінің бірқалыптылығын және олардың айналымдылығын тездету-
ге мүмкіндік береді. Запасты басқару жүйелерінің әр әлуандығы екі негізгі 
түрге алып барады:
• запастың тіркелген көлеміне;
• запастың айнымалы көлеміне.
Запастың тіркелген көлемді жүйесін пайдаланғанда запастың жағдайын 
талдау тұрақты жүргізіледі және запастың деңгейі сындарлы деңгейге жет-
кенде жаңа партияға тапсырыс беріледі.
Тіркелген запасты анықтау үшін жоғарыда көрсетілгеннен басқа Уилсон 
формуласы негізінде тапсырыс көлемін оңтайлау әдісі қолданылады:
_____________________ 
q
оңт 
= √2 × Ш



× Q 
мұнда Ш

 тауар бірлігіне келетін тапсырысты орындау шығындары;
Ш
2
- жабдықтаудың бірдей қарқындылығындағы запасты


126 
сақтаудың жылдық шығындары (запастың орташа деңгейіндегі);
Qосы өнімнің жылдық тұтыну (жабдықтау) көлемі.
Тапсырыстың тіркелген көлемін басқару жүйесінің құндылығы – тауар-
ды жетікізу мен сақтау шығындарын барынша төмендете алуы, себебі нағыз 
осы көрсеткіш үлгіні құру негізі болып табылады.
Бірақта бұл жүйенің елеулі кемшілігі бар. Жабдықтаудың кезеңділігі 
өндірістің күнтізбелік жоспарынан ауытқуы мүмкін, сондықтан айналым ка-
питалының сақтандыру қорын жасау қажет болады.
Екінші түрдегі логистикалық жүйеде запастың жағдайына уақыты 
бірдей аралықта талдау жүргізіледі де талдау нәтижесі бойынша айналым ка-
питалына деген қажеттілік анықталады. Әр бір кезекті партия келіп 
түскеннен кейін запастың көлемі ең жоғары деңгейде болады.
Бұл жүйеде жабдықтаудың аралығындағы уақыт кезеңі бірдей болады, 
тапсырыс көлемі және айналым капиталының шамасы өткен уақыттағы пай-
далынылған өнім көлеміне байланысты болады.
Жоғарыда қаралған запасты басқару жүйесі белгілі бір уақыт кезеңінде, 
мөлшерден немесе оңтайлы шамасына байланысты запас деңгейінің 
ауытқуын анықтау және салыстыру үшін талдамалық тәсілін пайдалануға 
негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет