Асанова с. С., Калманова н. М


 кесте - Өндірімсіз жұмыс уақытының шығасына кеткен



Pdf көрінісі
бет90/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

9.3.3 кесте - Өндірімсіз жұмыс уақытының шығасына кеткен
шығындарды есептеу үшін алғашқы мәліметтер 
Көрсеткіш 
Сома, мың 
теңге 
Өнімнің өзіндік құны, млн. теңге 
3337,5 
Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, млн. теңге
383,7 
Ақау шығасы, млн. теңге 
3,0 
Материалдық шығындар, млн. теңге 
1673,7 
Ақауды жөндеуге кеткен шығындар, млн. теңге 
0,5 
Ақаулы өнімді жасаумен және оны жөндеумен байланысты өндірімсіз 
жұмыс уақытының шығасын есептейміз. Ол үшін келесіні анықтаймыз: 
• шығарылған тауарлық өнімнің өзіндік құнындағы өндірістік жұмыс-
шы- лардың еңбекақысының үлесі: 
383,7 : 3337,5 × 100 = 11,5%; 
• біржола ақаулы деп саналған өнімнің өзіндік құнындағы еңбекақының 
сомасы: 
3 × 0,115 = 0,35 млн. теңге; 
• шикізат, материалдар, жинақтамалы бұйымдар мен жартылай өнімнің 
құнын алып тастағандағы шығарылған тауарлық өнімнің өзіндік құнындағы 
еңбекақының үлесі: 
383,7 : (3337,5 – 1673,7) × 100%= 23,1%; 


145 
• ақауды жөндеу мерзіміндегі жұмысшыларға төленген еңбекақы сома-
сы: 
0,5 × 0,231 = 0,12 млн. теңге 
(0,5 млн. теңге – ақауды жөндеуге кеткен шығындар); 
• жұмысшылардың орташа сағаттық еңбекақысы: 
383700 : 1100,1 = 348,8 теңге; 
• біржола ақау деп саналған өнмді жөндеу кезінде төленген өнімнің 
өзіндік құнындағы жұмысшылар еңбекақысының сомасы,: 
350 + 120 = 470 мың теңге; 
• ақау деп танылған бұйымдарды жасауға және оларды жөндеуге кеткен 
жұмыс уақыты: 
470000 : 348,8 = 1347,5 сағ. 
Технологиялық үдерістерге сейкес келмейтін жұмыстарға төленген 
еңбекақы бойынша алғашқы құжаттарды талдау ол жұмыстарға 4,3 мың сағ. 
кеткенін көрсетеді. 
Талдау жүргізілген кезде кәсіпорында өндірімсіз жұмыс уақыты 5,5 
(1,2 + 4,3) мың адам-сағатты құрайды.
Өндірімсіз жұмыс уақытының көп шығындары көбінесе өткізу 
нарығындағы бәсекелестік күрестің себебімен шығарылған өнімнің сапасына 
қойылатын жоғары талаптардың жоғарылауынан пайда болады. Бұданда 
басқа, әр жұмысшы мерзімінен тыс орташа атқарылған жұмыс уақыты 8,1 
сағ. болды, ал бұл болса кәсіпорында жұмыс күшінің жетіспеушілігін 
білдіреді. 
Жұмыс уақытының шығасы қандай себептермен болғанын анықтау өте 
маңызды болады, ол өз кезегінде еңбек ұжымына ( жұмысқа шықпай қалу, 
жұмысшының кінәсінен құрал-жабдықтардың тұрып қалуы және т.б.) және 
олармен байланысты емес (екі қабат және баланы босануға байланысты де-
малыс, оқу кезіндегі демалыс және т.б.) жағдайларға тәуелді болып келеді.
Еңбек ұжымына байланысты себептер, оларды толық жойғанға дейін ұйым-
ның резерві болып келеді, ол болса еш қандай күрделі салымдарсыз тез 
уақытта оң нәтиже береді. 
Өндірістің жұмыс күшімен қамтамасыз етілуін зерттегенде жеке 
қызметкерлердің жұмысбастылығына көңіл аудару керек.
Кәсіп пен жұмысты қатарынан атқару жолымен қызмет көрсету аймағын 
кеңейту мақсатында, сонымен қатар алмаспайтын кәсіп (жөндеу жұмыстары, 
әр түрлі өндірістерде бір тұрпаттағы құрал-жабдықтарға техникалық қызмет 
көрсету және т.б.) бойынша жұмыстарды шоғырландыру мақсатында жұмыс 
уақытын пайдалануы талданады. Сонымен, машина мен агрегаттардың 


146 
жұмысын белсенді бақылаумен байланысты еңбекті ұйымдастыру өте маңы-
зды болып келеді.
Өндірістік бригададағы жұмысшының еңбегін талдағанда, әрбір жеке 
жұмысшыға қатарынан қандай кәсіпті алып жүретінін анықтау қажет, ол, бір 
жағынан, барлық ұжым мүшелерінің толық жүктемемен жұмыс істеуін, 
еңбек өнімділігін өсіруін, ал екінші жағынан – орташа еңбекақының өсіруін 
қамтамасыз етеді. 
Жұмыс уақытының теңгерімі бойынша (11.5 кесте) жұмысқа келмей 
қалғандардың саны жоспармен салыстырғанда бір жұмысшыға келетіні 0,6 
күнге өсті. Бұл өсудің келесі себептері бар: 
• оқуға берілетін жоспарлы демалыс күннің артық болуы 0,1 күн; 
• жыл сайынғы қосымша демалыс беру 0,1күн;
• әкімшілік шешіміне байланысты жұмысқа шықпау 0,1 күн; 
• толық күндік тоқтап тұру 0,1 
күн; 
• жұмысқа шықпай қалу 3,2 күн;
Жиынтығы 3,6 күн.
Бірақ жоспар бойынша толық күндік жоспарлы шығасы төмендеген 
себептер бойынша азайды: 
• екі қабат мен бала босануға берілетін демалыс уақытының азаюы 0,7
күн; 
• ауырып қалу себебінен болатые уақыттың төмендеүі 2,0 күн;
Жиынтығы 2,7 күн. 
Барлығы (+3,6 + (-2,7)) = +0,9 дня.
Барлық толық күндік жұмыс уақыты шығасынан ең көп назарды
жұмысқа шықпай қалған күндерге аудару керек. Жұмыс уақытының 
шығасын азайтатын себептерді зерттеу қажет, мысалы, екі қабат болу мен 
бала босануға берілетін демалыс күнінің азаюын, ауырып қалу себебінен 
уақыттың төмендеуін толық зерттеу қажет. Бұл жұмыс уақытының шығасы 
әлеуметтік-экономикалық мәселелермен тікелей байланысты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет