154
10.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
10.1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН
ЖАЛПЫ БАҒАЛАУ
Қаржылық жағдай - бұл ұйымның өз қызметін қаржыландыру қабілеті
деп түсінеміз. Ол қалыпты жұмыс атқару үшін қажетті қаржылық
ресурстармен қамтамасыз етуін, басқа да
заңды және жеке тұлғалармен
қаржылық қатынасты, қаржылық ресурстарды дұрыс орналастыруды және
тиімді пайдалануды, төлеу қабілеттілігі мен несие алу қабілеттілігін,
қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.
Нарықтық жағдайда даму үшін және банкротқа ұшырамау үшін
қаржыны
қалай басқару керектігін, құрамы мен қалыптасу көзі бойынша
капиталдың қандай құрылымы болуын, қандай үлесте меншікті капитал,
оның қандай үлесін несиелік капитал түрінде алу керек екенін білу керек.
Нарықтық экономиканың негізгі болып саналатын: төлемқа- білеттілікті,
қаржылық
тұрақтылықты, іскерлік белсенділікті, табыстылықты және т.б.
ұғымдарды білу қажет.
Қаржылық жағдайды талдаудың басты мақсаты - дер кезінде
қаржылық іс әрекет- тегі қателіктерді анықтап, оны жою, ұйымның
қаржылық жағдайын жақсарту резервтерін табу.
Осымен қатар
келесі міндеттерді шешу қажет:
1. Өндірістік, коммерциялық және қаржылық іс әрекеттердің өзара
байланысын зертеу негізінде қаржылық жағдайды жақсарту тұрғысынан
қаржылық ресурстардың келіп түсуі бойынша жоспардың орындалуын және
оларды пайдалануынын бағалау қажет.
2. Ұйымның қаржылық жағдайына әртүрлі факторлардың әсерін
анықтап, қаржылық жағдайдың бағалау және диагностикалық үлгісін құру
қажет.
3. Ресурстарды пайдаланудың әртүрлі
нұсқалар негізінде қаржылық
жағдайды бағалау және диагностикалық жасалған үлгісі мен қолда бар
меншікті және несиелік ресурстарын, шаруашылық іс әрекеттің нақтылы
жағдайын ескере отырып, мүмкін болатын қаржылық нәтижені болжау керек.
4. Қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға және қаржылық
жағдайды нығайтуға бағытталған нақты іс-шараларды жасау.
Ұйымның қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау үшін
өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі қолданылады:
• орналастыру және қалыптасу көздері бойынша
капиталдың құрылымы;
• ресурстардың пайдалану тиімділігі мен қарқындылығы;
• төлеу және несиелік қабілеттілігі;
• қаржылық тұрақтылығы.
Қаржылық жағдайды талдау көбінесе коэффициенттік (салыстырмалы
көрсеткіштер) әдіске негізделген. Талданып отырған ұйымның қаржылық
155
жағдайының салыстырмалы көрсеткіштерін келесілермен салыстыруға
болады:
• тәуекелдік дәрежесі мен банкрот болатынын болжауды бағалау үшін
көпшілік қабылдаған «мөлшермен»;
• өзінің күшті және осал жағын және ықтимал мүмкіншіліктерін
анықтауға
мүмкіндік
беретін
басқа
ұйымдардың
осындай
мәліметтерімен;
• қаржылық жағдайдың жақсару және нашарлау үрдісін зерттеу үшін
осы мәліметтерді бұрынғы жылдармен.
Белгілі болғандай, ұйым тығыз қарымқатынастағы серіктестік топтардан
тұратын өте күрделі құрылым. Серіктестік топтардың арасында оларды
негізгі және негізгі емес деп бөлуге болады.
Кәсіпкерлік қызметке қажетті қызығушылығы
мен өзі қатысқанның
орнын толтыруға байланысты талаптар, негізгі серіктестік топтардың тізбесі,
олардың шаруашылық іс әрекетке қосатын үлесі 10.1.1-кестеде жүйелі түрде
келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: