157
10.2. ҰЙЫМ ТЕҢГЕРІМДЕГІ АКТИВТЕРДІҢ ҚҰРАМЫ
МЕН ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗГЕРУІН ТАЛДАУ
Теңгерімнің активі ұйым қарамағында болатын капиталды
жайғастыру
жайлы мәліметтерден тұрады, яғни нақтылы бұйымға және материалдық
құндылыққа
жұмсалған, өндіру мен сатумен байланысты жұмсалымдар
туралы және бос қолма қол ақшаның қалдығы жайлы мәліметтерден тұрады.
Жайғастырылған әрбір капитал түрі теңгерімнің бөлек баптары арқылы
белгіленеді. Теңгерім активінің баптарын топтастырудың негізгі нышаны
болып өтімділік (қолма қол ақшаға тез айырбастылуы) дәрежесі саналады.
Осы нышаны бойынша барлық
теңгерім активі ұзақмерзімді, немесе негізгі
капитал және ағымдағы (айналым) активтері болып бөлінеді.
Ұйым қаражаттары ішкі айналымда және одан тыс жерде (дебиторлық
берешек, басқа ұйымның құнды қағаздардын, акциясын, облигациясын
алуға) пайдалануы мүмкін. Ұйым қаражаттарын
жайғастыру қаржылық
қызметте және оның тиімділгін арттыруда зор маңызға ие болады.Өндіріс
және айналыс аясында болатын негізгі және айналым капиталына жұмсалған
салымдардан, олардың ара қатынасынан өндірістік және қаржылық
қызметтің нәтижесі мейлінше жоғары дәрежеде тәуелді болады, сондықтан
да, ұйымның қаржылық жағдайы да тәуелді болады.
Сондықтан, ұйым
активін талдай отырып, бірінші кезекте олардың құрамының, құрылымының
өзгеруін бірінші кезекте зерттеу керек, сосын 15.2-кестеде көрсетілгендей
деңгейлес және сатылы талдауды пайдалана отырып, оларға баға беру керек.
10.2.1-кесте мәліметтері бойынша есеп берген кезеңде (деңгейес талдау)
мүлік құны 792,5 мың теңгеге немесе 5%-ға; жұмылдырылмаған активтің
құны 172,23 мың теңгеге немесе 3,3%-ға; айналым капиталының құны –
сәйкесінше 520,2 мың теңгеге немесе 5,8%-ға өсті.
Актив құрылымы да
(сатылы талдау) өзгерді: айналым капиталының үлесі көбейді, ал
жұмылдырылмаған активтері сәйкесінше 8,6%-ға азайды.
Кейінгі талдау үдерісінде ең ұзақмерзімді активтердің, сонымен қатар
капиталдың ең жұмылдырылған бөлігі ретінде теңгерімнің ағымдағы
активінің әр баптары бойынша өзгерісін анықтау керек.
Ұйымның қаржылық жағдайының нығайғанын, әдетте, табыс көлемінің
өскені білдіреді. Табыс көлемі ағымдағы берешекті үш
айлық табыспен
(төлемқабілеттілігінің шартын сақтау) жаба алатындай болуы керек. Ұзақ
уақыт бойы ақшалай қаражаттың үлкен қалдығының болуы айналым
капиталын дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінен болады, ол өзінің өндірісін
ұлғайту жолымен пайданы көп табу үшін айналымға тез жіберілуі керек.
Дебиторлар шотының өзгеру әсерін талдау қажет.
Егер ұйым өзінің
қызметін ұлғайтатын болса, онда сатып алушылардың саны көбейеді, соның
себебінен дебиторлық берешек те көбейеді. Екінші жағынан, өнімді жіберу өз
кезегінде азаюы мүмкін, онда дебиторлық берешек те азаяды. Сондықтан,
дебиторлық берешек әр уақытта жағымсыз жағынан бағаланып
отырылмайды. Қалыпты және мерзімі өтіп кеткен берешек деп бөлу керек.
Соңғысы әр уақытта қаржылық қиындықты туғызады, себебі ұйым өндірістік
158
запасты алғанда, еңбекақыны төлегенде және т.б. жағдайларда қаржылық
ресурстардың тапшылығын сезеді. Қаражаттарды тоқтатып қою (айналымға
жібермеу) капиталдың
айналымдылығын тежейді, сондықтан да әрбір ұйым
төлемді өтеу мерзімін қысқартуға тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: