160
капиталдың жоғары қайтарымын қамтамасыз ете алатын болса, онда ол
меншікті капиталдың табыстылығын жоғарылата алады.
Сонымен қатар, егер ұйым қаражаттары
қысқа мерзімді берешектен
тұратын болса, онда қаржылық жағдайы тұрақсыз болады, себебі қысқа
мерзімді капиталды пайдаланғанда оларды дер кезінде қайтаруды және аз
уақытқа басқа капиталды тартуды бақылауға бағытталған тұрақты оралымды
жұмысты атқару қажет болады.
Сондықтан, меншікті және несиелік капиталдың ара қатынасы
қаншалықты оңтайлы болуына байланысты
ұйымның қаржылық жағдайы
осыған көбінесе тәуелді болады. 10.3.1-кестеде көрсетілгендей ұйымның
пассивтерін талдау үдерісінде бірінші кезекте олардың құрамын, құрылымын
зерттеп, оған баға беру керек.
Капитал құрылымындағы болған өзгерістерді инвестор тұрғысынан
және ұйым тұрғысынан қарап, баға беруге болады. Банктер және басқа
инвесторлар үшін меншікті капиталдың үлесі 50%-дан кем болмаса, онда ол
сенімді болып саналады. Бұл қаржылық тәуекелдікті азайтады. Ұйым, әдетте,
несиелік капиталды тартуға қызығушылық танытады. Ұйым табыстылығына
қарағанда аз пайыз төлейтін несиелік капиталды алып, ол өндірісті ұлғайтуға,
меншікті капиталдың табыстылығын жоғарылатуға болады.
Қаржылық жағдайдың ішкі талдауын жүргізгенде меншікті және
несиелік капиталдың серпінін және құрылымын зерттеу қажет, жеке
құрамдас бөлігінің өзгеру себептерін анықтау керек және есеп беру жылы
осы өзгерістерге баға беру керек.
Ұйымның айналымына несиелік капиталды тарту – бұл қалыпты
құбылыс. Бұл қаражаттардың ұзақ уақыт бойы пайдаланбағанда және дер
кезінде ол қайта оралғанда қаржылық жағдайды жақсартуға көмектеседі.
Ондай болмаса уақыты өтіп кеткен кредиторлық
берешек пайда болуы
мүмкін, ол өз кезегінде айып пұл төлеуге, ықпалшара қолдануға және
қаржылық жағдайдың нашарлауына алып келеді.
Сондықтан, несиелік капиталдың дұрыс анықталған көлемі ұйымның
қаржылық жағдайын жақсатуға көмектеседі, ал
шамадан тыс көлемі оны
нашарлатуы мүкін. Сондықтан, талдау үдерісінде кредиторлық берешектің
құрамын, қай уақытта пайда болғанын зерттеу керек, ресурспен қамтамасыз
етуші жабдықтаушыға, ұйым персоналына еңбекақы бойынша,
бюджетке
уақыты өтіп кеткен берешектің пайда болу себептерін, барлығын және
жиілігін зерттеу қажет, сонысмен қатар уақыты өтіп кеткен төлем үшін
төленетін ықпалшараның сомасын анықтау керек.
Ұйым айналымында пайдаланатын кредиторлық берешекті Т
кб
пайдаланудың орташа ұзақтығы келесі жолмен есептелінеді:
Т
кб
=
Кредиторлық берешектің орташа қалдығы × Кезеңдегі күндер /
/Кредиторлармен есеп шоты бойыша қарыздың сомасы.
Пайдалану ұзақтығы бойынша капиталды
ұзақмерзімді тұрақты және
қысқамерзімді болып бөлінеді.
161
Кредиторлық берешекті талдағанда ол бірмезгілде басқа берешектер
түрінің орнын толтыру көзі болып саналатынын ескеру керек.
Сонымен, теңгерім пассивінің құрылымын талдау ұйымның қызметін
қаржыландыру көзін қалыптастыруды бағалау және нарықтық тұрақтылығын
қамтамасыз ету үшін қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: