«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)



Pdf көрінісі
бет124/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

Негізгі міндеттер: 
- оқушылардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіне кіретін қызметтер және 
шұғыл қызметтердің телефон нөмірлері туралы түсініктерін бекіту; 
- қоңырау шалу кезінде ақпаратты бекіту және туындаған қауіпті жағдай туралы 
шұғыл қызметтерге телефон арқылы қажетті көмек туралы ақпаратты дұрыс және 
нақты ұсынуға үйрету. 
Сабақтың барысы 
1. Кіріспе (2 минутқа дейін) 
Қауіпсіздік қызметтерін шақыру ережелері 
- Өрт сөндіру құтқару қызметіне қоңырау шалу үшін телефон нөмірін ғана емес, 
тағы не білу керек?
- Үйдің толық мекенжайы (қала, көше, үй, пәтер) және жағдай. 
2. Негізгі бөлім (7 минутқа дейін) 
Қаланың қауіпсіздік қызметінің диспетчері сіздің қоңырауыңыздың себебін тез 
түсініп, соған сүйене отырып әрекет етуі үшін сізге төнген қауіпті жағдай туралы 
телефон арқылы дұрыс және анық хабарлай білуіңіз керек. Қауіпті жағдай туралы 
телефон арқылы хабарлаудың жалпы ережелері: 
Егер сіз телефон арқылы көмек сұрасаңыз, қысқаша хабарлаңыз: 
- қоңыраудың себебі; 
- аты-жөні; 
- телефон нөмірі және мекенжайы; 
- сөйлесудің соңына дейін тұтқаны қоймаңыз. 
Қолданыстағы жедел қызмет нөмірлері мен сенім телефондарын қайталау, қажет 
болған жағдайда қайда және неге қоңырау шаламыз (презентацияда). 
Қоңырау кезінде не хабарлаймыз, сөйлесуді қалай және қашан аяқтаймыз?
Жалған қоңыраулар қандай? 
Рольдік ойын 
Оқушыларды жұптарға бөліп, «Қате қоңыраулар» ұғымын және олардан қалай 
аулақ болу керектігін талқылаңыз. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар қызметі мен қоғамға 
жалған қоңыраулардың салдары туралы қысқаша талқылауды ұсыныңыз. 
Өрт күзеті 
101 
Полиция 
102 
Жедел жәрдем 
103 
Төтенше газ қызметі 
104,112 
Бірыңғай құтқару қызметі 
112 
«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен 
ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық 
зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, 
баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне 
және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған. 
 
- «111» нөмірі – 24/7 байланыста 
111 


- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды 
- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел 
топтарымен байланыста. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет