«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)


№ 9 САБАҚ. «ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ҚАУІПТІ ОЙЫНДАР»



Pdf көрінісі
бет75/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

№ 9 САБАҚ. «ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ҚАУІПТІ ОЙЫНДАР»
 
 
Сабақтың мақсаты: балаларға ғаламтордан қауіпсіз ойындарды таңдауды 
үйрету. 
Сабақтың барысы 
1.Ұйымдастыру кезеңі 
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин). 
2. 
Мақсат қою. Тақырыпты анықтау. 
- Неге біз түрлі қауіп-қатерлер туралы оқып үйренеміз? 
- Адам өмірі мен денсаулығы – ең қымбат нәрсе. Сенің денің сау болса, 
бақытты өмір сүруге мүмкіндігің мол.
3. 
Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау 
- Әлеуметтік желідегі адам өмірі мен денсаулығына қауіпті қандай 
ойындарды білесіңдер? 
- Олар неліктен қауіпті? 
- Неге балалар осындай ойындарды ойнайды? 
4. 
Негізгі бөлім. Оқу мақсатын орындау шешімдері (6 минут) 
- Бүгін мен сендерге ғаламтордағы қауіпті ойындар туралы айтқым келеді. 
Сендерді дені сау, бақытты өмір сүру үшін бұл ойындардан аулақ болуға 
шақырамын. 
Педагог ұсынған мәліметтермен танысу 
1. Қайғылы жағдайға әкелетін ойындармен ойнаудың қауіптілігін балалар 
көбінесе түсінбейді. Олар өздерінің «мықтылығын», «батылдығын» дәлелдеу үшін 
ойнаймын деп ойлайды.
2. «Тұз немесе мұз», «Соль или лед». Қолына тұз сеуіп, мұзбен жабады. Тұз
теріні коррозияға ұшыратады. Олар оған кім ұзақ шыдай алатынын көру үшін 
ойнайды. 
3. «Ересекше өртеу», «Зажечь не по-детски». Бұл қорқынышты ойын АҚШ 
пен Еуропадан басталып, бізге де жетті. Жасөспірімдер өздерін, киімдерін немесе 
әлсіз, кіші баланы өртеп жібереді.
4. «Бір күнге жоғалып кет», «Исчезни на сутки». Жасөспірімдер, әдетте, 
әлеуметтік желілерде, бірақ кейде бетпе-бет келіп, 24 сағат бойы ешкімге 
ескертпестен, өздерімен тамақ алмастан үйден кету.
5. 
Бекіту 
-Бүгінгі сабақтан не білдіңдер? 
-Не айтар едіңдер? 
-Қандай қорытынды шығарамыз? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет