кейін факультет пен университет кітапханаларының оқу залдары
меңгеріледі, осыдан кейін ғана үлкен кітапханаға бару керек.
Қажетті әдебиеттерді іздеу - ұзақ мерзімді еңбек. Оның мәні зор,
себебі жарияланған материалдарды зерттеу толықтығына ғылыми зерттеу
жұмысының сапасы тәуелді.
Кітапхананың анықтама-библиографиялық
бөлімінде жұмыс істеу
үшін өзіңнің уақытыңды, белгілі бір күн мен сағатты жоспарлау керек.
Кітапханада жұмыс істеуді арнайы сөздіктері бар педагогикалық
энциклопедияны қараудан бастаған жөн. Педагогикалық энциклопедияда
мақала қандай да бір мәселенің мәні туралы
қысқаша мәлімет беріп қана
қоймай, осылар бойынша жарияланған негізгі жұмыстар тізімі де беріледі.
Зерттеу тақырыбы бойынша жалпы мәлімет алынғаннан кейін, студент
каталогқа барады. Каталогтар - олар әдебиет тізімінен тұратын брошюра
немесе карточка сияқты болып келеді, кітапхана қорында болады.
Каталогтың төрт түрі бар: алфавиттік, пәндік, жүйелік
және жаңа
материалдар каталогы.
Алфавиттік каталогқа қажетті мәлімет көздерінің атын немесе оның
авторының фамилиясын білген кезде барады.
Пәндік каталогқа әдебиеттер алфавит бойынша емес, қандай да бір
пәнге байланысты (белгілі бір тақырыпқа) арнайы рубрикалар бойынша
орналасады. Сонымен қатар рубрикалардың
өздері алфавиттік ретпен,
рубриканың ішіндегі кітаптардың атаулары да алфавиттік ретпен
орналасады.
Жүйелік
каталогта
кітаптың
атаулары
рубрика
бойынша
топтастырылады, рубрикалардың пәндік каталогтан ерекшелігі алфавит
бойынша емес, пәндер жүйесі бойынша орналасады.
Жаңа материалдар каталогы соңғы жарты жылда түскен кітап
баспалары туралы мәлімет береді.
Әдебиет көздерін меңгеру үрдісінде студент әр түрлі шығармалармен
кездеседі. Әдебиет көздерін библиографиялық
сипаттаудың ережесін білу
керек. Төменде библиографиялық сипаттаудың әр түрлі мысалдары
келтірілген. Егер мәлімет көздерінің авторы болса, онда оның бірінші
фамилиясы, содан кейін инициалы жазылады.
Егер сілтеме
қандай да бір мақалаға жасалса, онда фамилия мен
инициалдан кейін мақала атауы жазылады да, екі тік сызықша қойылады
және мәліметтің барлық библиографиялық мәліметтері жазылады: мысалы:
баспа орны міндетті библиографиялық элемент болып табылады. Кітапта екі
баспа
орны болса, онда екеуі де көрсетіліп, араларына үтірлі нүкте
қойылады. Басылым жылы толық көрсетіледі және «ж» әрпі жазылмайды.
Томға, бөлім, тарау, және беттерге сілтеме жасалған кезде келесі ережелер
сақталады: барлық мәліметтер араб таңбаларымен жазылады, араларына
тире қойып, қысқартылып жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: